Об установлении размера арендной платы в государственных арендных домах Темирского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении размера арендной платы в государственных арендных домах Темирского района
- Атауы (қаз.)
- Темір ауданының мемлекеттік жалдау үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 9
- Қабылданған күні
- 23.01.2012
- Көрсетілген редакция
- 14.01.2013 63145_177804.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12CJ000159
- ЭКБ идентификаторы
- 63145
- Редакция идентификаторы
- 63145_177804
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:17
0 Темір ауданының мемлекеттік жалдау үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 1 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Темір ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін үйдегі үй-жайды пайдаланғаны үшін ай сайынғы жалдау ақы мөлшері, 1 шаршы метрге жалдау ақысынан есеп айырысудан шығып, қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Нұрғалиевке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
4 Аудан әкімдігінің
2012 жылғы 23 қаңтардағы
№ 9 қаулысына
қосымша
Темір ауданының
мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілген
үйдегі үй-жайды пайдаланғаны үшін белгіленген
ай сайынғы жалдау ақы мөлшері
Мемлекеттік жалдау үйлерінде тұрғаны үшін алынатын жалдау ақы есебінде келесі көрсеткіштер қолданылады:
2011 жылы салынған 1 үйдін сметалық құны - 4034111 тг
Ц - 2011 жылғы салынған тұрғын үйдін 1 шаршы
метрінің құны - 70000 тг
Е – Тұрғын үйдің жалпы аумағы - 75 ш.м
Т - Ғимараттың есептік пайдалану мерзімі - 100 жыл
Г- 2011 жылы салынған тұрғын үйдің бір жылға
1 шаршы метрін пайдаланудың, күрделі және
ағымдағы жөндеудің шығын сомасы - 40341тг
Р — тұрғын үйді күтіп-ұстауға қажетті
төлемдер сомасы (айына 1 шаршы метр үшін теңге)
А – үй-жайды пайдаланғаны үшін жалдау ақы
мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін теңге)
Есептеу формуласы:
2011 жылы салынған жалға берілетін үйлер үшін:
Р = Г: 12: Е
Р = 40341:12: 75 = 44,8 тг.
А = Ц: Т: 12 + Р
А = 70000: 100: 12 + 44,8 = 103,1 тг.
1 айына 1 шаршы метрінің жалдау
ақысының мөлшері – 103 теңге 10 тиын