Құжат мәтініне өту

Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы высшего образования

Қаулы · № 111 · қабылданған 19.01.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-63199/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы высшего образования Күшін жойған Қаулы ·№ 111 ·19.01.2012
27.12.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы высшего образования

Күшін жойған Қаулы ·№ 111 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы высшего образования
Атауы (қаз.)
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
111
Қабылданған күні
19.01.2012
Көрсетілген редакция
27.12.2018 63199_383517.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000111
ЭКБ идентификаторы
63199
Редакция идентификаторы
63199_383517
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:19

0 Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2012 жы­л­ғы 19 қаң­тар­да­ғы
№ 111 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2 2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар адамдар қабылданады.

Сырттай, кешкі нысандарда және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін жоғары білім беру мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

3 3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші адамдарды қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру грантын) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

Әскери, арнаулы оқу орындарында алынатын білімді қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарына, егер Қазақстан Республикасының азаматы оны бірінші рет алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқық беріледі.
Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейдегі білімді бірінші рет алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқық беріледі.
Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

4 4. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші адамдарды қабылдау сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

Сертификаттар ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) немесе эксперименттік алаң болып табылатын "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары бойынша түлектердің оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау нәтижелері бойынша, сондай-ақ тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) 2014, 2015, 2016 жылдардағы жеңімпаздарына (бұдан әрі – халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) беріледі.
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары бойынша түлектердің оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау балдары ҰБТ сертификатының балдарына ауыстырылады, халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздарына білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін шәкілге сәйкес қорытынды бағаларды балға ауыстыру негізінде ҰБТ сертификаты беріледі.
Білім беру грантын беру конкурсы "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелеріне сәйкес өткізіледі.

5 5. ҰБТ ағымдағы жылы жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілері, сондай-ақ республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері үшін өткізіледі.

КТ өткен жылдардағы жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген адамдар үшін өткізіледі.

6 6. Осы Үлгілік қағидалардың 43-тармағында белгіленген шекті балды алмаған ҰБТ қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және ҰБТ-ға қатыспаған адамдар үшін ақылы негізде жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ қайта өткізіледі.

7 7. Осы Үлгілік қағидалардың 43-тармағында белгіленген шекті балды алмаған КТ қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және КТ-ге қатыспаған адамдар үшін ақылы негізде жоғары оқу орнына түсу үшін КТ қайта өткізіледі.

8 8. Осы Үлгілік қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың 43-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар жоғары оқу орындарына күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады.

Бұл адамдар үшін жоғары оқу орнында білім алудың бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін ҰБТ немесе КТ қайта өткізіледі. Осы ҰБТ немесе КТ-дің қорытындылары бойынша осы Үлгілік қағидалардың 43-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар жоғары оқу орнынан шығарылуға тиіс.

9 9. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші адамдарды ақылы негізде оқуға қабылдау ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша қысқартылған оқу мерзімімен оқуға қабылданады.
«Орта буын маманы» немесе «қолданбалы бакалавр» біліктілігін алған техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдарды ұқсас мамандықтарға жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарына қабылдау КТ нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Жоғары білім саласындағы ұқсас мамандықтар мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Жоғары оқу орындарына жоғары білімі бар адамдарды ақылы негізде қысқартылған мерзімде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

10 10. Шетел азаматтарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бөлінген квота бойынша мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына қабылдауды жоғары оқу орындары дербес жүзеге асырады.

Шетел азаматтарын ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

11 11. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мөлшерде қабылдау квотасы көзделеді.

Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы көзделген, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын жоғары білім мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

12

12. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады.

13

13. Пилоттарды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарына түсетін адамдардан құжаттарды қабылдау жоғары оқу орындарының орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясы берген пилоттарды даярлау жөніндегі жоғары оқу орнында оқуға жарамдылық бойынша медициналық қорытындысымен бірге міндетті түрде медициналық куәландыру ұсынылады.

14 14. ҰБТ немесе КТ тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін ҰБТ өткізу пункттерінің базасында немесе базалық жоғары оқу орындарында өткізіледі.

ҰБТ шығармашылық мамандықтарға, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін адамдар үшін ҰБТ өткізу пункттерінің базасында өткізіледі.
КТ шығармашылық мамандықтарға түсетін, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін адамдар үшін түсушінің таңдаған жоғары оқу орны бекітілген базалық жоғары оқу орнында өткізіледі.

15 15. ҰБТ және КТ өткізу қағидаларын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

16 16. ҰБТ немесе КТ-нің бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

17 17. КТ-нің жалпы бейіндік және бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

18 18. Педагогикалық мамандықтарға, арнаулы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға оқуға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

2 2. Мамандықтар тізбесі және арнаулы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі

19 19. Арнаулы немесе шығармашылық емтихандар өткізілетін мамандықтардың тізбесі осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

Педагогикалық немесе шығармашылық мамандықтарға түсетін адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжатын (түпнұсқа), 3 x 4 көлеміндегі екі фотосуретін, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ҰБТ немесе КТ сертификатын (бар болса) тапсырады.

20 20. Шығармашылық емтихандар оқуға түсушілердің бойындағы қабілеттерді және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгеруге тұлғалық алғышарттарды анықтауға бағытталған.

21 21. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші адамдар өздері таңдаған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихандарды тапсырады.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.
Шығармашылық мамандықтарға жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

22 22. Оқуға түсушілерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау өздері таңдаған жоғары оқу орындары орналасқан жері бойынша 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Шығармашылық емтихан 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

23 23. Орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші адамдар екі шығармашылық емтихан тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар бір шығармашылық емтихан тапсырады.

24 24. Педагогикалық мамандықтарға түсу кезіндегі арнаулы емтихан оқуға түсушілердің педагогикалық қызметке бейімділігін айқындауға бағытталған.

25 25. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін оқуға түсушілерден өтініштер қабылдау және арнайы емтихан өткізу жоғары оқу орындарында 20 маусымнан – 14 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

26 26. Педагогикалық мамандықтарға түсуші адамдар жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін бір арнаулы емтихан тапсырады.

Педагогикалық мамандықтарға түсуші адамдар үшін Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі), екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.
Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар үшін жалпы бейіндік және бейіндік пәндер бойынша балдар ескеріледі.

27 27. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

Арнайы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу бағдарламаларын жоғары оқу орны әзірлейді және жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.

28

28. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен емтиханды өткізу кезеңіне комиссия құрылады, ол төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады. Комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
29 Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты және өткізілетін орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттарды қабылдау басталғанға дейін кешіктірілмей оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.

30 30. Оқуға түсуші арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.

31

31. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.

32 32. Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі құжаттары бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.
Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін арнаулы емтихан "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады.

33

33. Шығармашылық емтихан бойынша 5-тен төмен балл (жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттары бар адамдар) немесе 5-тен төмен балл алған (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар) немесе емтиханға келмеген адамдарға осы мамандыққа түсу үшін КТ-ге және білім тапсырысын (білім беру грантын) беру конкурсына қатысуға рұқсат етілмейді.

34

34. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары – бағалау ведомостарымен, арнаулы емтиханды өткізу қорытындылары – рұқсат беру ведомосымен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.

35 35. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады.

36 36. Арнаулы емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге қабылдану орны бойынша жоғары оқу орнына ұсыну үшін ведомостан үзінді беріледі.

Шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге шығармашылық емтиханды тапсыру орнына қарамастан, жоғары оқу орнына ақылы негізде оқуға түсу үшін ведомостан үзінді беріледі.

37

37. Емтихандарды өткізу кезеңіне арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханға қойылатын талаптарды сақтау, даулы мәселелерді шешу, тиісті емтихандарды тапсыратын адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында әрбір жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады, ол төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады.

38 38. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы немесе шығармашылық емтиханды тапсырушы адам өзі тапсырады, ол арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, апелляциялық комиссия оны бір күн ішінде қарайды.

39

39. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

40

40. Жоғары оқу орындары меншік нысанына қарамастан күнтізбелік бес күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

3 3. Жоғары оқу орындарына қабылдау

41 41. Студенттерді жоғары оқу орындарына қабылдауды қабылдау комиссиялары 10 - 25 тамыз аралығында өткізеді.

Оқуға түсушілер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3 х 4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе КТ сертификатын, сондай-ақ білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:

1 1) еңбек кітапшасын;

2 2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

3 3) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы қоса береді.

Осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағына сәйкес жоғары оқу орнына қабылдау үшін адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім туралы құжатын (түпнұсқа), 3 х 4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе КТ сертификатын қоса береді.

42 42. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған адамдар куәлікте көрсетілген жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді және жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.

Шығармашылық мамандықтар бойынша білім беру грантын тағайындау туралы куәлік иегерлері өздері шығармашылық емтихан тапсырған жоғары оқу орнына қабылданады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түсетін Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмыспен өтеу туралы шарт жасайды.

43

43. Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, ҰБТ немесе КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, ал «Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алған жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.
Жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алған жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.
Ұлттық жоғары оқу орындарына шығармашылық емтихан тапсыруды талап ететін мамандықтар бойынша ақылы оқуға ҰБТ немесе КТ-ден өткен, тестілеу және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, ал «Білім беру» мамандықтары тобы бойынша – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алған жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін – кемінде 25 балл, оның ішінде шығармашылық емтихан бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алған) бітірушілері қабылданады.
Осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағында көзделген ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша осы тармақта белгіленген шекті балды жинаған адамдар жоғары оқу орны басшысының атына ақылы негізде жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді.
Өтінішке ҰБТ немесе КТ сертификаты, уәкілетті адамның қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі қоса беріледі.

44 44. Жоғары оқу орнына қабылдау оқыту нысаны, мамандықтар және тілдік бөлімдер бойынша жеке жүргізіледі.

Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдар есепке алына отырып жүргізіледі.
Педагогикалық мамандықтарға қабылдау арнаулы емтиханның нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.

45 45. Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредитін ресімдеген жағдайда, ол құжаттарының қаралып жатқандығы туралы банктен тиісті анықтаманы ұсынған кезде жоғары оқу орнының студенттері қатарына қабылданады.

Бұл ретте оған білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген және азаматты оқуға қабылдауға дейін төлеуге жататын соманы төлеу мерзімі білім беру кредитін ресімдеу кезеңіне, бірақ банктен анықтама алған кезден бастап төрт аптадан асырылмай ұзартылады.

46 46. Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың бірінші семестрі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.

47 47. Осы Үлгілік қағидалармен регламенттелмеген мәселелерді жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары дербес шешеді.

1 Арнаулы немесе шығармашылық емтихан өткізілетін мамандықтар тізбесі

Жо­ға­ры бі­лім­нің бі­лім бе­ру
бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын
бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на оқу­ға қа­был­да­удың үл­гі­лік
қа­ғи­да­ла­ры­на
1-қо­сым­ша
Арнаулы немесе шығармашылық емтихан өткізілетін мамандықтар тізбесі
Ко­ды
Ма­ман­дық­тар­дың ата­у­ла­ры
1
2
Ар­на­у­лы ем­ти­хан тап­сы­ру та­лап еті­ле­тін ма­ман­дық­тар
5В010100
Мек­теп­ке дей­ін­гі оқы­ту және тәр­би­е­леу
5В010200
Ба­ста­уы­шта оқы­ту­дың пе­да­го­ги­ка­сы мен әді­сте­ме­сі
5В010300
Пе­да­го­ги­ка және пси­хо­ло­гия
5В010500
Де­фек­то­ло­гия
5В010900
Ма­те­ма­ти­ка
5В011000
Фи­зи­ка
5В011100
Ин­фор­ма­ти­ка
5В011200
Хи­мия
5В011300
Био­ло­гия
5В011400
Та­рих
5В011500
Құқық және эко­но­ми­ка негіз­де­рі
5В011600
Гео­гра­фия
5В011700
Қа­зақ ті­лі мен әде­би­е­ті
5В011800
Орыс ті­лі мен әде­би­е­ті
5В011900
Ше­тел ті­лі: екі ше­тел ті­лі
5В012000
Кә­сіп­тік оқы­ту
5В012100
Қа­зақ ті­лін­де оқыт­пай­тын мек­теп­тер­де­гі қа­зақ ті­лі мен әде­би­е­ті
5В012200
Орыс ті­лін­де оқыт­пай­тын мек­теп­тер­де­гі орыс ті­лі мен әде­би­е­ті
5В012300
Әле­умет­тік пе­да­го­ги­ка және өзін-өзі та­ну
5В012500
Хи­мия-Био­ло­гия
5В012600
Ма­те­ма­ти­ка-Фи­зи­ка
5В012700
Ма­те­ма­ти­ка-Ин­фор­ма­ти­ка
5В012800
Фи­зи­ка-Ин­фор­ма­ти­ка
5В012900
Гео­гра­фия-Та­рих
5В013000
Та­рих-Дін­та­ну
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан тап­сы­ру та­лап еті­ле­тін ма­ман­дық­тар
1
2
5В010300**
Педагогика және психология**
5В010400
Ба­стап­қы әс­ке­ри дай­ын­дық
5В010600
Му­зы­ка­лық бі­лім
1
2
5В010700
Бей­не­леу өне­рі және сы­зу
5В010800
Дене шы­нық­ты­ру және спорт
5В020600
Дін­та­ну
5В021100
Теология
5В021500
Ис­лам­та­ну
5В040100
Му­зы­ка­та­ну
5В040200
Ас­пап­тық орын­да­у­шы­лық
5В040300
Во­кал­дық өнер
5В040400
Дәс­түр­лі му­зы­ка өне­рі
5В040500
Ди­ри­жер­леу
5В040600
Ре­жис­су­ра
5В040700
Ак­тер­лік өнер
5В040800
Эст­ра­да өне­рі
5В040900
Хо­рео­гра­фия
5В041000
Сце­но­гра­фия
5В041100
Ком­по­зи­ция
5В041200
Опе­ра­тор­лық өнер
5В041300
Кес­кін­де­ме
5В041400
Гра­фи­ка
5В041500
Мү­сін
5В041600
Өнер­та­ну
5В041700
Сән өне­рі
5В042000
Сәу­лет
5В042100
Ди­зайн
5В042200
Бас­па ісі
5В042300
Арт-ме­недж­мент
5В050400
Жур­на­ли­сти­ка
5В051400
Қо­ғам­дық бай­ла­ныс
5В090600
Мә­де­ни-ты­ны­ғу жұ­мысы
5В140100
Орын­да­у­шы­лық өнер
5В140200
Ха­лық ас­пап­та­ры
5В140300
Ән ай­ту өне­рі

2 Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны

Жо­ға­ры бі­лім­нің бі­лім бе­ру
бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын
бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на оқу­ға
қа­был­да­удың үл­гі­лік
қа­ғи­да­ла­ры­на
2-қо­сым­ша
Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны
Ко­ды
Ма­ман­дық­тар­дың ата­у­ла­ры
Ар­на­у­лы және (неме­се) шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хандар­ды өт­кі­зу ны­са­ны
1
2
3
Ар­на­у­лы ем­ти­хан тап­сы­ру та­лап еті­ле­тін ма­ман­дық­тар
5В010100
Мек­теп­ке дей­ін­гі оқы­ту және тәр­би­е­леу
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
5В010200
Ба­ста­уы­шта оқы­ту­дың пе­да­го­ги­ка­сы мен әді­сте­ме­сі
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
5В010300
Пе­да­го­ги­ка және пси­хо­ло­гия
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
5В010500
Де­фек­то­ло­гия
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
5В010900
Ма­те­ма­ти­ка
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
5В011000
Фи­зи­ка
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
5В011100
Ин­фор­ма­ти­ка
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
5В011200
Хи­мия
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
5В011300
Био­ло­гия
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
5В011400
Та­рих
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
5В011500
Құқық және эко­но­ми­ка негіз­де­рі
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
5В011600
Гео­гра­фия
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
5В011700
Қа­зақ ті­лі мен әде­би­е­ті
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
5В011800
Орыс ті­лі мен әде­би­е­ті
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
5В011900
Ше­тел ті­лі: екі ше­тел ті­лі
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
5В012000
Кә­сіп­тік оқы­ту
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
5В012100
Қа­зақ ті­лін­де оқыт­пай­тын мек­теп­тер­де­гі қа­зақ ті­лі мен әде­би­е­ті
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
5В012200
Орыс ті­лін­де оқыт­пай­тын мек­теп­тер­де­гі орыс ті­лі мен әде­би­е­ті
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
5В012300
Әле­умет­тік пе­да­го­ги­ка және өзін-өзі та­ну
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
5В012500
Хи­мия-Био­ло­гия
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
1
2
3
5В012600
Ма­те­ма­ти­ка-Фи­зи­ка
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
5В012700
Ма­те­ма­ти­ка-Ин­фор­ма­ти­ка
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
5В012800
Фи­зи­ка-Ин­фор­ма­ти­ка
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
5В012900
Гео­гра­фия-Та­рих
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
5В013000
Та­рих-Дін­та­ну
Пе­да­го­ги­ка­лық жағ­да­ят­ты ше­шу
Шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан тап­сы­ру та­лап еті­ле­тін ма­ман­дық­тар
1
2
3*
4
5В010300**
Педагогика және психология**
Музыкалық педагогика негіздері
Музыкалық психология негіздері
5В010400
Ба­стап­қы әс­ке­ри дай­ын­дық
Спорт түр­ле­рі бой­ын­ша нор­ма­тив­тер
Спорт ой­ын­да­ры
5В010600
Му­зы­ка­лық бі­лім
Орын­дау ше­бер­лі­гі
Жал­пы му­зы­ка­лық қа­бі­ле­тін көр­се­ту
5В010700
Бей­не­леу өне­рі және сы­зу
Су­рет (адам бе­ті­нің гип­стен жа­сал­ған мас­ка­сы­ның су­ре­ті)
Кес­кін­де­ме (на­тюр­морт)
5В010800
Дене шы­нық­ты­ру және спорт
Ма­ман­да­ну бой­ын­ша нор­ма­тив­тер
Жал­пы дене да­яр­лы­ғы бой­ын­ша нор­ма­тив­тер
5В020600
Дін­та­ну
Кә­сіп­ке жа­рам­ды­лы­ғын анық­тау үшін әң­гі­ме­ле­су
Дін негіз­де­рі бой­ын­ша ауыз­ша ем­ти­хан
5В021100
Теология
Кәсіби жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу
Дін негіздері бойынша ауызша емтихан
5В021500
Ис­лам­та­ну
Кә­сіп­ке жа­рам­ды­лы­ғын анық­тау үшін әң­гі­ме­ле­су
Ис­лам негіз­де­рі бой­ын­ша ауыз­ша ем­ти­хан
5В040100
Му­зы­ка­та­ну
Му­зы­ка­лық әде­би­ет бой­ын­ша ауыз­ша ем­ти­хан. Му­зы­ка­лық та­қы­рып­тар­ды орын­дау
Гар­мо­ния және соль­феджио бой­ын­ша ауыз­ша және жа­з­ба­ша ем­ти­хан
5В040200
Ас­пап­тық орын­да­у­шы­лық
Со­ло бағ­дар­ла­ма­ны орын­дау
Гар­мо­ния және соль­феджио бой­ын­ша ауыз­ша және жа­з­ба­ша ем­ти­хан
5В040400
Дәс­түр­лі му­зы­ка өне­рі
Со­ло бағ­дар­ла­ма­ны орын­дау
Гар­мо­ния және соль­феджио бой­ын­ша ауыз­ша және жа­з­ба­ша ем­ти­хан.
Гар­мо­ния және эт­но­соль­феджио бой­ын­ша ауыз­ша және жа­з­ба­ша ем­ти­хан (дом­бы­ра ма­манды­ғы бой­ын­ша)
5В040500
Ди­ри­жер­леу
Ди­ри­жер­леу. Естіп тал­дау. Ро­яль­да ой­нау. Кол­ло­кви­ум
Гар­мо­ния бой­ын­ша ауыз­ша ем­ти­хан. Соль­феджио бой­ын­ша дик­тант
5В040600
Ре­жис­су­ра
Жа­з­ба­ша жұ­мыс
Ауыз­ша ем­ти­хан неме­се көр­се­ті­лім
5В040700
Ак­тер­лік өнер
Ак­тер­лік ше­бер­лік, сахна ті­лі
Би, во­кал неме­се кол­ло­кви­ум
5В040800
Эст­ра­да өне­рі
Эст­ра­да во­ка­лы. Ас­пап­шы­лар үшін бағ­дар­ла­ма орын­дау
Му­зы­ка тео­ри­я­сы бой­ын­ша ауыз­ша ем­ти­хан, соль­феджио
5В040900
Хо­рео­гра­фия
Орын­дау ше­бер­лі­гі
Хо­рео­гра­фия пе­да­го­ги­ка­сы бой­ын­ша ауыз­ша ем­ти­хан
5В041000
Сце­но­гра­фия
Су­рет, кес­кін­де­ме
Ком­по­зи­ция
5В041100
Ком­по­зи­ция
Ша­ғын ны­сан­ды жанр­да­ғы шы­ғар­ма­лар­дан кө­рі­ніс. Му­зы­ка­лық әде­би­ет бой­ын­ша кол­ло­кви­ум
Гар­мо­ния бой­ын­ша ауыз­ша ем­ти­хан. Соль­феджио бой­ын­ша дик­тант
5В041200
Опе­ра­тор­лық өнер
Прак­ти­ка­лық жұ­мыс – па­ви­льон­да және та­би­ғат­та тү­сі­ру
"Әлем және қа­зақ ки­но­сы­ның та­рихы" бой­ын­ша ауыз­ша ем­ти­хан
5В041300
Кес­кін­де­ме
Су­рет, кес­кін­де­ме
Ком­по­зи­ция
5В041400
Гра­фи­ка
Су­рет, кес­кін­де­ме
Ком­по­зи­ция
5В041500
Мү­сін
Су­рет, мү­сін
Ком­по­зи­ция
5В041600
Өнер­та­ну
Жа­з­ба­ша жұ­мыс
Өнер­та­ну бой­ын­ша ауыз­ша ем­ти­хан
5В041700
Сән өне­рі
Су­рет, кес­кін­де­ме
Ком­по­зи­ция
5В042000
Сәу­лет
Су­рет
Сы­зу
5В042100
Ди­зайн
Су­рет
Сы­зу
5В042200
Бас­па ісі
Ер­кін та­қы­рып­қа жа­з­ба­ша эс­се
Мәт­ін­ді ре­дак­ци­я­лау
5В042300
Арт-ме­недж­мент
Ре­фе­рат неме­се арт-жо­ба­ны та­ны­сты­ру
Кол­ло­кви­ум
5В050400
Жур­на­ли­сти­ка
Шы­ғар­ма
Кә­сіп­ке жа­рам­ды­лы­ғын анық­тау үшін әң­гі­ме­ле­су
5В051400
Қо­ғам­дық бай­ла­ныс
Ер­кін та­қы­рып­қа жа­з­ба­ша эс­се
Ауыз­ша пре­зен­та­ция
5В090600
Мә­де­ни-ты­ны­ғу жұ­мысы
Орын­дау ше­бер­лі­гі
Ұй­ым­да­сты­ру-қой­ы­лым жұ­мысы­ның негіз­де­рі
5В140100
Орын­да­у­шы­лық өнер
Со­ло бағ­дар­ла­ма­ны орын­дау
Гар­мо­ния бой­ын­ша ауыз­ша ем­ти­хан. Соль­феджио бой­ын­ша дик­тант
5В140200
Ха­лық ас­пап­та­ры
Со­ло бағ­дар­ла­ма­ны орын­дау
Гар­мо­ния бой­ын­ша ауыз­ша ем­ти­хан. Соль­феджио бой­ын­ша дик­тант
5В140300
Ән ай­ту өне­рі
Со­ло бағ­дар­ла­ма­ны орын­дау
Му­зы­ка­ның ба­ста­уыш тео­ри­я­сы бой­ын­ша ауыз­ша ем­ти­хан. Соль­феджио бой­ын­ша дик­тант
* - же­дел­де­ті­л­ген оқу мер­зі­мі­мен қы­сқар­ты­л­ған бі­лім бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша ұқсас ма­ман­дық­тар­ға оқу­ға тү­су­ші­лер үшін.
** Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсушілер үшін.

Қолданыстағы