О введении временных ограничений на экспорт дизельного топлива
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О введении временных ограничений на экспорт дизельного топлива
- Атауы (қаз.)
- Дизель отынының экспортына уақытша шектеулер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 985
- Қабылданған күні
- 29.06.2000
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2000 AI6320_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P000000985_
- ЭКБ идентификаторы
- 6320
- Редакция идентификаторы
- AI6320_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:24
0 Дизель отынының экспортына уақытша шектеулер енгізу туралы
2000 жылғы ауыл шаруашылығы дақылдарының егінін жинауға дайындыққа байланысты, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегі Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2000 жылғы 1 шілдеден 2001 жылғы 1 ақпанға дейінгі кезеңде тұрмыстық пештің отынынан (бұдан әрі - ТПО) басқа дизельдік отынды (СЭҚ ТН коды ТМД 2710 00 610 - 2710 00 690) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.09.30. N 1483; 2000.11.30. N 1791 қаулыларымен.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шараларды қолдансын.
3. Облыстардың әкімдері мен Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп 2000 жылғы 20 тамыздан бастап республиканың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің дизель отынымен қамтамасыз етілуі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етіп
отырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға
жатады.