Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы послесреднего образования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы послесреднего образования
- Атауы (қаз.)
- Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 174
- Қабылданған күні
- 30.01.2012
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2018 63209_383474.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000174
- ЭКБ идентификаторы
- 63209
- Редакция идентификаторы
- 63209_383474
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:13
0 Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 25) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 қаңтардағы
№ 174 қаулысымен
бекітілген
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) оқуға қабылдау тәртібін белгілейді.
2 2. Білім беру ұйымдарына жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
3 3. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағымен анықталған тұлғаларды қабылдауға квота көзделеді.
2 2. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі
4 4. Білім беру ұйымдарында оқуға тұлғалардың өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымдарының басшылары жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясын құрады.
Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы, жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді.
5 5. Білім беру ұйымдарының қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша шешіледі.
6 6. Қабылдау комиссиялары қабылдау нәтижесі туралы ақпаратты оқудың күндізгі нысаны бойынша 30 тамызға дейін, сырттай және кешкі оқу нысаны бойынша 30 қыркүйекке дейін ақпараттық стендтерге немесе білім беру ұйымының интернет ресурстарына жариялау арқылы оқуға түсушілердің назарына жеткізеді.
7
7. Білім беру ұйымдарында оқуға тұлғалардың өтініштерін қабылдау оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады. Оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.
8
8. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суреті (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы) мен 3x4 көлемдегі 4 фотосуретті қоса береді.
Оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке, ата-аналары немесе заңды тұлғалары ұсынады.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1 1) шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
2 2) азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3 3) босқын — босқынның куәлігі;
4 4) паналатуды іздеуші тұлға - паналатуды іздеуші тұлғаның куәлігі;
5 5) оралман — оралман куәлігі.
Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
Кешенді тестілеу (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) сертификатын немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.
9 9. Түсу емтихандары:
1 1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
2 2) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша пәннен өткізіледі;
3 3) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.
Орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес айқындалады.
10
10. Жалпы орта білімі бар тұлғалар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мәндес мамандықтар бойынша қысқартылған мерзіммен оқуға түсу кезінде түсу емтихандарының нысандарын - тестілеуді немесе пәндер бойынша емтихандарды білім беру ұйымы белгілейді.
Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
11 11. Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
1
1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны - 25; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; үш пән бойынша тестілеуге - 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша - 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін дереу ілінеді; тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады;
2 2) пәндер бойынша емтихандар нысанында түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шәкіл бойынша: "3" - 8 балға, "4" - 17 балға, "5" - 25 балға алмастырады.
12 12. Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымында апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.
Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлғаның шағым білдіруіне болады.
Апелляцияға өтініш емтихандардың нәтижелері немесе түсу емтихандары хабарланғаннан кейін қабылдау комиссиясына келесі күнгі сағат 13-ке дейін беріледі және бір күн ішінде өтініш берушінің қатысуымен аппеляциялық комиссияда қаралады.
Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылған хаттамамен ресімделеді.
13 13. Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихаңдарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
3 3. Білім алушылар құрамына қабылдау
14
14. Білім беру ұйымдарына білім алуға адамдарды қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары білім алу құқықтарының сақталуына кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар адамдарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.
Конкурс: ҰБТ сертификаттарының балдары негізінде, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде, пәндер бойынша немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысанындағы түсу емтихаңдарының нәтижелері бойынша алынған балдар (бағалар) негізінде өткізіледі. Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің балдарының жиынтығы есептеледі.
Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға: жалпы орта білімі барлар үшін үш пәннен 30 балдан кем, білім, құқық, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 35 балдан кем, оның ішінде бейінді пәннен 17 балдан кем жинаған тұлғалар жіберілмейді.
Білім беру ұйымдарына қабылдау:
1 1) оқудың күндізгі нысанына 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында;
2 2) оқудың кешкі және сырттай нысанына 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
15 15. Білім беру ұйымдарына қабылдау комиссиясының ашық отырыстарында мамандықтар, оқыту тілі бойынша бөлек жүргізіледі.
1 Орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі
Орта білімнен кейінгі білімнің білім
беру бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгі қағидаларына қосымша
Орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі
Орта білімнен кейінгі білім беру мамандығының коды
Мамандықтың атауы
Жалпы орта білім негізінде бейінді пән атауы
0100000 - Білім беру
0103000
Дене тәрбиесі және спорт
1 шығармашылық емтихан
0104000
Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)
Математика
0105000
Бастауыш білім беру*
Математика
0106000
Бейнелеу өнері және сызу
1 шығармашылық емтихан
0107000
Технология
1 шығармашылық емтихан
0108000
Музыкалық білім беру
1 шығармашылық емтихан
0110000
Білім ұйымдарындағы лаборант
Биология
0200000 - Құқық
0201000
Құқықтану
Дүниежүзі тарихы
0202000
Құқық қорғау қызметі
Дүниежүзі тарихы
0300000 - Медицина, фармацевтика
0301000
Емдеу ісі
Биология
0302000
Медбикелік іс
Биология
0303000
Гигиена және эпидемиология
Биология
0304000
Стоматология
Биология
0305000
Зертханалық диагностика
Биология
0306000
Фармация
Химия
0307000
Ортопедиялық стомотология
Биология
0308000
Медициналық оптика
Биология
0500000 - Қызмет көрсету, экономика және басқару
0501000
Әлеуметтік жұмыс
Дүние жүзі тарихы
0507000
Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Математика
0512000
Аудармашы ісі (түрлері бойынша)
Шетел тілі
0513000
Маркетинг (салалар бойынша)
Математика
0514000
Бағалау (қолданылу салалары және аясы бойынша)
Математика
0515000
Менеджмент (қолданылу салалары және аясы бойынша)
Математика
0516000
Қаржы (салалар бойынша)
Математика
0517013
Статистика
Математика
0518000
Есеп және аудит (салалар бойынша)
Математика
0519000
Экономика (салалар бойынша)
Математика
1300000 - Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технология Электрондық техника
1305000
Ақпараттық жүйелер (қолданылу саласы бойынша)
Математика
1500000 - Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология
1513000
Ветеринария
Биология
Ескертпе*: бейіндік пәннің атауын білім беру ұйымы берілетін мамандық бойынша біліктілігіне байланысты айқындайды.