Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил предъявления подтверждения своей платежеспособности, необходимой для оплаты проживания, а также обучения, иммигрантами, прибывающими с целью получения образования

Қаулы · № 208 · қабылданған 07.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-63244/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил предъявления подтверждения своей платежеспособности, необходимой для оплаты проживания, а также обучения, иммигрантами, прибывающими с целью получения образования Күшін жойған Қаулы ·№ 208 ·07.02.2012
23.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил предъявления подтверждения своей платежеспособности, необходимой для оплаты проживания, а также обучения, иммигрантами, прибывающими с целью получения образования

Күшін жойған Қаулы ·№ 208 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил предъявления подтверждения своей платежеспособности, необходимой для оплаты проживания, а также обучения, иммигрантами, прибывающими с целью получения образования
Атауы (қаз.)
Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеу үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
208
Қабылданған күні
07.02.2012
Көрсетілген редакция
23.08.2023 63244_650694.kaz
Соңғы өзгеріс
23.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000208
ЭКБ идентификаторы
63244
Редакция идентификаторы
63244_650694
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:08

0 Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеу үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсыну қағидаларын бекіту туралы

"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеу үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсыну қағидалары бекітілсін.

Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеу үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсыну қағидалары

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                 К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 7 ақпандағы
№ 208 қаулысымен
бекітілген
Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеу үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсыну қағидалары

1. Осы Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеу үшін қажетті өзінің төлем қабілеттіліктерінің растамасын ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеу үшін қажетті өзінің төлем қабілеттіліктерінің растамасын ұсыну тәртібін көздейді.

2. Осы Қағидалар этникалық қазақ болып табылатын көшіп келушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде келген тұлғаларға қолданылмайды.

3. Қазақстан Республикасының аумағына білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, оның ішінде білім алушылар алмасудың және даярлық курстарынан өтудің ұйымдастырылған бағдарламалары бойынша қабылданған білім алушылар (бұдан әрі - көшіп келушілер) жатады.

4. Егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, білім беру қызметтерін көрсету шарттары жасалғанға дейін көшіп келушілер білім беру ұйымдарына ағымдағы банктік шоттың жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.

5. Ағымдағы банктік шоттың сомасы көшіп келуші мен қабылдаушы білім беру ұйымы арасындағы шартта белгіленетін оқу ақысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасына сәйкес белгіленетін тұру ақысының құнынан кем болмауы тиіс.

Қолданыстағы