Об утверждении Правил выплаты субсидий на удешевление стоимости затрат на транспортные расходы при экспорте зерна
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил выплаты субсидий на удешевление стоимости затрат на транспортные расходы при экспорте зерна
- Атауы (қаз.)
- Астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 184
- Қабылданған күні
- 01.02.2012
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2012 AI63289_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000184
- ЭКБ идентификаторы
- 63289
- Редакция идентификаторы
- AI63289_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:10
0 Астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы
«2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
0 Астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 1 ақпандағы
№ 134 қаулысымен
бекітілген
Астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына, «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленген.
2 2. Қағидалар 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға субсидиялар (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) төлеу тәртібін айқындайды.
3 3. Бюджеттік субсидиялар төлеуді жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі - бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.
4 4. Бірыңғай оператор - ұлттық темір жол компаниясы айқындаған, астықты экспортқа тасымалдауды ұйымдастыру жөнінде экспорттаушыларға қызмет көрсететін заңды тұлға.
5 5. Экспорттаушы - Қазақстан Республикасының аумағынан астықты экспортқа сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
6 6. Бюджеттік субсидиялар бірыңғай операторға астықты экспортқа тасымалдау жөнінде нақты көрсетілген көліктік қызметтер үшін төленеді.
7
7. Бюджеттік субсидияларды төлеуді бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2012 жылғы 22 наурыздан бастап 31 шілдеге (қоса алғанда) дейін Қытай Халық Республикасына не оның аумағы арқылы транзитпен, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен бірінші, екінші және үшінші сыныпты азық-түліктік бидайды тасымалдаған жағдайда экспорттаушылардың шығындарды жүзеге асыруын растайтын құжаттардың негізінде бір тоннаға 4000 теңге мөлшерінде жүзеге асырады.
8 8. Экспорттаушылар бюджеттік субсидиялардың түпкі алушылары болып табылады.
2 2. Астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындар құнын арзандатуға арналған бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібі
9 9. Бірыңғай оператор экспорттаушыларға көліктік экспедиция шартының негізінде көліктік экспедиция қызметтерін көрсету арқылы астықты экспортқа тасымалдауды ұйымдастырады.
10
10. Астықты шекаралық өту станциясына және/немесе межелі станцияға (портқа) дейін тасымалдағаннан кейін экспорттаушы Бірыңғай операторға экспорттаушының қолымен және мөрімен куәландырылған шекаралық өту станциясының және/немесе межелі станцияның (порттың) күнтізбелік штемпелі бар темір жол жүк құжаттарының көшірмесін береді.
11 11. Бірыңғай оператор осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес экспорттаушылардың құжаттарды беру фактісі бойынша осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша астықты экспортқа тасымалдау жөнінде көрсетілген қызметтердің актілерін (бұдан әрі - Актілер) жасайды.
12 12. Бірыңғай оператор Актілердің негізінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша темір жол көлігімен астықты экспортқа тасымалдау жөнінде көрсетілген қызметтердің тізілімін қалыптастырады және Актілерді қосып, оны бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне береді.
13 13. Бірыңғай оператор бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне шот-фактураны ұсынады және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақша қаражатын аударуға өтінім береді.
14 14. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Бірыңғай оператор осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген, тиісінше ресімделген құжаттарды тапсырғаннан кейін он жұмыс күні ішінде:
1 1) Бірыңғай оператор тапсырған құжаттарды тексереді және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидияларды төлеуге қорытындыны қалыптастырады;
2 2) Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріне төлем шоттарының тізілімін және екі данада төлем шоттарын жолдайды.
15 15. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Бірыңғай оператордың шотына бюджеттік субсидияларды аударады.
Бірыңғай оператор экспорттаушыға астықты экспортқа тасымалдау кезіндегі шығындар құнының бір бөлігін өтеуді жүргізеді және бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бірыңғай оператордың басшысы және экспорттаушы қол қойған астықты экспортқа тасымалдау кезіндегі шығындар құнының бір бөлігінің өтелгенін экспорттаушының растау актісін тапсырады.
16 16. Бірыңғай оператор бюджеттік субсидияларды алу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне берілген құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
1 астықты экспортқа тасымалдау бойынша 20 __ ж. «__» ______ көрсетілген қызметтердің № ___ актісі
Астықты экспорттау кезінде
көлік шығыстарына жұмсалатын
шығындар құнын арзандатуға
субсидиялар төлеу
қағидаларына
1-қосымша
астықты экспортқа тасымалдау бойынша 20 __ ж. «__» ______ көрсетілген қызметтердің № ___ актісі
Р/с
№
Жөнелту №
Вагон №
Жөнелту станциясы
Кіретін станциясы
Шығатын станциясы
Межелі (шекарадан өту) станция (порт)
Жөнелту күні (тасымалдау құжаттарындағы станцияның штемпелі)
Тасымалдау көлемі, тонна
Өтеу құны, теңге
1
2
3
4
5
6
7
жиыны
Экспорттаушының атауы Бірыңғай оператордың атауы
_____________________ ___________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.) (басшының қолы, Т.А.Ә.)
2 темір жол көлігімен астықты экспортқа тасымалдау бойынша көрсетілген қызметтердің тізілімі
Астықты экспорттау кезінде
көлік шығыстарына жұмсалатын
шығындар құнын арзандатуға
субсидиялар төлеу
қағидаларына
2-қосымша
темір жол көлігімен астықты экспортқа тасымалдау бойынша көрсетілген қызметтердің тізілімі
Р/с
Экспорттаушының атауы
Тиеп жөнелту кезеңі (айлар бойынша)
Тасымалдау көлемі, тонна
1 тоннаға өтеу құны, теңге
Жалпы өтеу құны, теңге
1
2
3
4
5
6
7
8
Бірыңғай оператордың атауы _______________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.)
3 астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына арналған шығындардың құнын өтеуге өтінім
Астықты экспорттау кезінде
көлік шығыстарына жұмсалатын
шығындар құнын арзандатуға
субсидиялар төлеу
қағидаларына
3-қосымша
астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына арналған шығындардың құнын өтеуге өтінім
20 __ жылғы «__» __________
Осымен Бірыңғай оператор Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінен республикалық
бюджеттен _____ «_________________________»
республикалық бюджеттік бағдарламасы
бойынша ________ (_________________________) теңге сомасындағы
санмен және жазумен
қаражатты субсидия алушының ____________________ № ______ есеп
банктің атауы
шотына аударуды сұрайды.
_______________________________ _____________________________
Бірыңғай оператордың атауы басшының қолы және Т.А.Ә.
бірінші
м.о.
Өтінімге оның ажырамас бөлігі ретінде мыналар қоса беріледі:
заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
нөмірі көрсетілген банк шотының болуы туралы банктің анықтамасы;
ЖСН/БСН.
4 Қазақстан Республикасының экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 20 __ жылғы «__» _________ № ____ хаттамасына сәйкес ____ «________» бюджеттік бағдарламасы бойынша ____________________________________________ темір жол экспорттың бағыты көлігімен астықты экспортқа тасымалдау кезіндегі шығындардың құнын арзандатуға бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қорытынды
Астықты экспорттау кезінде
көлік шығыстарына жұмсалатын
шығындар құнын арзандатуға
субсидиялар төлеу
қағидаларына
4-қосымша
«Бекітемін»
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
жауапты хатшысы
___________________________
20 __ жылғы «__» __________
Нысан
Қазақстан Республикасының экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 20 __ жылғы «__» _________ № ____ хаттамасына сәйкес ____ «________» бюджеттік бағдарламасы бойынша ____________________________________________ темір жол экспорттың бағыты көлігімен астықты экспортқа тасымалдау кезіндегі шығындардың құнын арзандатуға бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қорытынды
Экспорттаушының атауы
Бірыңғай оператормен жасалған көліктік экспедиция шартының нөмірі мен күні
_________кезеңде
______________
экспорттың бағыты
тасымалданған барлық астық, тонна
1 тоннаға өтеу сомасы, теңге
бюджеттен аударуға жататын өтеу сомасы, теңге, кезеңі
1
2
3
4
5
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
құрылымдық бөлімшесінің басшысы _____________ _____________
5 астықты экспортқа тасымалдау кезіндегі шығындар құнының бір бөлігін өтеуді
Астықты экспорттау кезінде
көлік шығыстарына жұмсалатын
шығындар құнын арзандатуға
субсидиялар төлеу
қағидаларына
5-қосымша
астықты экспортқа тасымалдау кезіндегі шығындар құнының бір бөлігін өтеуді
___________________ 20 __ ж. «__» _____ №__ растау актісі
экспорттаушының атауы
Р/с
Жөнелту
Вагон №
Жөнелту станциясы
Кіретін станциясы
Шығатын станциясы
Межелі (шекарадан өту) станция (порт)
Жөнелту күні (тасымалдау құжаттарындағы станцияның штемпелі)
Тасымалдау көлемі, тонна
Бір тоннаға өтеу сомасы, теңге
Жалпы өтеу сомасы, теңге
1
2
3
4
5
6
7
жиыны
Экспорттаушының атауы Бірыңғай оператордың атауы
________________________ __________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.) (басшының қолы, Т.А.Ә.)