Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде

Бұйрық · № 471 · қабылданған 05.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-63294/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде Күшін жойған Бұйрық ·№ 471 ·05.12.2011
31.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде

Күшін жойған Бұйрық ·№ 471 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде
Атауы (қаз.)
Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
471
Қабылданған күні
05.12.2011
Көрсетілген редакция
31.12.2019 63294_437819.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007412
ЭКБ идентификаторы
63294
Редакция идентификаторы
63294_437819
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:58

0 Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-2-бабының 10-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасы бекітілсін.

2 2. Тұрғын үй шаруашылық департаменті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Г. Әбдіқалықова
2011 жылғы 14 желтоқсан
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков
2011 жылғы 22 желтоқсан
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің төрағасы
А. Смаилов
2012 жылғы 9 қаңтар

5 Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасы

Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігінің
2011 жылғы 05 желтоқсандағы
№ 471 бұйрығымен
бекітілген
Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу
қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеудің қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес әзірленді және тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібін белгілейді.

2 2. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі

2 2. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган есептейді.

Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде оның құрамында бiрге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргiзетiн және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекенде тiркелген отбасының барлық мүшелерi ескерiледi.

3 3. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысына осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген әлеуметтік төлемдерді қоспағанда, алдыңғы тоқсанда тұрғын үй көмегін алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрі – есептік кезең) табыстың барлық түрлері есептеледі.

4

4. Есептi кезеңде құрамында өзгерiстер болған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде, отбасының келген мүшесiнiң табысы келген күнiнен бастап есепке алынады. Есептi кезеңде отбасының мүшесi кеткен кезде отбасының жиынтық табысы кеткен күнiнен бастап отбасының кеткен мүшесiне келетiн орта есеппен жан басына шаққандағы табыс шегерiле отырып есептеледi.

5 5. Отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы есептi кезеңдегi отбасының (азаматтың) жиынтық табысын көрсетiлген кезеңдегi айлардың санына бөлу жолымен есептеледi.

6 6. Шетелдiк валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген, осы табыс алынған күнгі нақты бағам бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.

7 7. Зат түрінде алынған табыстар отбасының (азаматтың) жиынтық табысында өтініш берушінің алған табысы туралы мәліметтерде көрсеткен ақшалай баламасымен есептеледі.

8 8. Өтiнiш берушi толық емес немесе дұрыс емес мәлiметтер ұсынған кезде отбасының (азаматтың) жиынтық табысы есептелмейді.

Өтiнiш берушi тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға алып келетін толық емес немесе дұрыс емес мәлiметтер ұсынған кезде өтініш иесі мен оның отбасына тұрғын үй көмегін көрсету тоқтатылады.

9 9. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың барлық түрлерi есепке алынады:

1 1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;

2 2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;

3 3) балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түрiндегi табыс;

4 4) жеке қосалқы шаруашылықтан – мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;

5 5) осы Қағиданың 33-тармағында көрсетілген өзге де табыстар.

10 10. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде:

1 1) жерлеуге берілген біржолғы жәрдемақы;

2 2) тұрғын үй көмегі;

3 3) төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянның өтемақысы;

4 4) бала тууына байланысты берілген біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;

5 5) білім беру саласында Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес табысы аз отбасылардың оқушыларына білім беру мекемелерінде көрсетілетін қаржылай және материалдық көмек;

6 6) Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына байланысты мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден ақшалай және зат түрінде көрсетілген көмек;

7 7) «Бота» Қоғамдық қорынан берілетін шарттастырылған ақшалай жәрдемақы;

8 8) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес басқа да табыстар жеке адамның табысы түрінде қаралмайды және есепке алынбайды.

11 11. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде еңбекақы төлемдері түрiнде алынатын табыс есепке алынады (10-тармақта көрсетілгендерді қоспағанда):

1 1) жұмыс берушi еңбекақы ретiнде есептеген, атап айтқанда:

жалақының барлық түрлерi, оның iшiнде кесiмдi, мерзiмдi, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстеме ақылар (жалақысы сақталатын кезеңге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерге төленетiн ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзiне қарамастан);
демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн ақшалай өтемақы;
ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметi тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда, еңбек шартының бұзылуы кезiнде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақылар;
уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңiндегi жалақы;
сақтандыру агенттерi мен брокерлерге төленетiн комиссиялық сыйақы;
бала туғанда және жерлеуге берiлетiн жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезiнде ескерiлмейтiн және ұйым қаражатының есебiнен төленетiн басқа да төлем түрлерi;
мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесiн қоспағанда, әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде келiсiмшарт бойынша қызмет өткерiп жүргендердiң және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестiрiлген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерiлген ақшалай үлесi;
жалдау бойынша төленетiн еңбекақы;

2 2) әлеуметтiк төлемдер түрінде есептелген, атап айтқанда:

Зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тағайындалған зейнетақылардың барлық түрлерi, оларға өтемақы төлемдерi;
мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар;
жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар;
мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;
бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар;
атаулы әлеуметтік көмек;
үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру;
қаржыландыру көзiне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, оқу орындарының басқа да тыңдаушыларына төленетiн шәкіртақы;
жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен берiлетiн, еңбекке уақытша жарамсыздық жөнiндегi әлеуметтік жәрдемақы;
бірінші, екінші топтағы жалғыз басты, бөгде адамның көмегiне мұқтаж мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларына қосылатын күтiмге арналған қосымша үстемеақылар мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi бойынша бюджеттен берiлетiн басқа да тұрақты төлемдер;
жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен көрсетiлетiн, қалаiшiлiк қоғамдық көлiкте жүруге берiлетiн материалдық (әлеуметтiк) көмек;
берiлетiн заттай көмек түрлерiнiң құны, сондай-ақ осы көмектiң орнына төленетiн сома;
барлық төлем түрлерiне өзге де үстемеақылар мен қосымша ақылар.

12 12. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысының құрамына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргені үшін төленетiн бiржолғы төлемдер мен ай сайынғы сомалар қосылады.

13 13. Есептi кезеңнен асып түсетiн кезеңнiң табысы бiр мезгілде алынған кезде (оның iшiнде жалақы, зейнетақы, жәрдемақылар, алимент және өзге де төлемдер бойынша берешектер), алынған табыс, сол табыс алынған айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.

Жұмысты азаматтық-құқықтық шарт бойынша (мердiгерлiк және басқа) орындайтын отбасының (азаматтың) табысы шарт қолданылатын бүкiл кезеңге қосылады. Алынған табыс жұмысты орындау үшiн шартта көзделген айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардағы отбасының (азаматтың) жиынтық табысында есепке алынады.

14

14. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша, оның iшiнде ғылым, әдебиет, өнер және өзге де қызмет түрлері туындыларын және т.б. жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт есебiне аванспен төленетiн сыйақылар аванс берудiң бүкiл кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейiнгi қолданылу кезеңiне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады.

15

15. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстары мен рационализаторлық ұсыныстары үшiн сыйақылар отбасының (азаматтың) жиынтық табысына сыйақы сомасын ол алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерiнде қосылады және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.

16 16. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс олардың мөлшерi туралы анықтамалармен расталады.

Республикалық бюджет қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк төлемдер түрiнде табыс алуы зейнетақы немесе жәрдемақы алушы куәлiгiнiң көшiрмесiмен не Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың бөлiмшелерi беретiн анықтамамен расталады.

17 17. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде кәсiпкерлiктен және басқа да қызмет түрлерiнен түсетін табыстар:

1 1) өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан;

2 2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен;

3 3) шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде және шартты жер үлесi мен мүлiк жарнасынан алынған;

4 4) өзiн-өзi жұмыспен қамтудан түскен табыс есепке алынады.

18 18. Жекелеген азаматтарда жұмыс iстейтiн адамдар жалақысын шарттың көшiрмесiмен, жалға алушының анықтамасымен растайды.

Жекелеген азаматтарда шарт жасаспай жұмыс iстейтiн отбасының (азаматтардың) жиынтық табысы олардың өтiнiштерi негiзiнде расталады.

19 19. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтiнiшпен расталады.

20 20. Кәсiпкерлiк қызметпен арнаулы салық режимi жағдайында айналысатын адамдардың табысы бiржолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негiзiнде расталады.

Шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған табысты қоса алғанда, ресми расталмаған табыс әрбiр жұмыс iстеушiге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.

21 21. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысының құрамына Балаларға және басқа да асырауындағыларға алименттер жиынтық табыс құрамында есепке алынады.

Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы, отбасының (азаматтың) жиынтық табысында олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.

22 22. Адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы құжаттар қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде есептеледi.

23 23. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы, төлеушi:

1 1) жұмыс iстемейтiн және жұмыспен қамту органда жұмыссыз ретiнде тiркелген (анықтама ұсынған кезде);

2 2) бас бостандығынан айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болған (балаларға алимент аударылмайтыны туралы, бас еркiнен айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болу кезеңi көрсетiлген сот орындаушысының немесе түзеу мекемесiнiң анықтамасын ұсынған кезде;

3 3) туберкулез, психоневрологиялық, онкологиялық диспансерлерде (стационарларда), емдік-еңбек профилакторийiнде емдеуде жүрген немесе есепте тұрған (тиісті медициналық ұйымдардан анықтама ұсынған кезде);

4 4) Қазақстан Республикасы тиiстi келiсiм жасаспаған мемлекеттерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасы азаматтарының тіркеуінен шығарылғанын растайтын, әділет органдары беретін анықтама негізінде;

5 5) наркологиялық диспансердің анықтамасымен немесе учаскелiк комиссияның қорытындысымен расталған, спирттi iшiмдiктердi, есiрткi заттарын құмарлықпен салынып пайдалануына байланысты балалары мен басқа да асырауындағыларды асыраудан жалтарған жағдайда, алименттi есепке алмай есептеледi.

24

24. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай, жұбайлардың бiреуiнен алимент өндiрiп алынса, осы жұбайы отбасымен бiрге тұрған кезде оның табысы отбасының (азаматтың) жиынтық табысында толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының (азаматтың) жиынтық табысында алимент есепке алынады.

25

25. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент, аударылған алимент туралы жұмыс берушінің анықтамаларымен не алынған алимент туралы почта аударымдарының түбiртегiмен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндiрiп алу туралы шешiмi қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады. Алимент бойынша 3 айдан асатын кезең үшiн берешек пайда болғанда, сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындау туралы анықтамасы ұсынылады.

26 26. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс, отбасының (азаматтың) жиынтық табысының құрамына қосылады.

Отбасының (азаматтың) жиынтық табысында есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс осы Қағидаға 1-9-қосымшаларға сәйкес өтiнiш берушiнiң жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәлiметтерiнiң негiзiнде есептеледi.
Нормативтiк кәртішкелерде келтiрiлген (осы Қағидаға 2-7-қосымшалар) орташа түсiмдi (өнiмдiлiктi), өндiрiстiк шығыстардың орташа деңгейiн, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшiн пайдаланылатын бағаларды облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары өңiрлердiң ерекшелiктерiн ескере отырып, түзетеді.
Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауық, қаз, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс отбасының жиынтық табысына өтініш берушінің жазбаша өтiнiшінiң негiзiнде қосылады.

27 27. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 кг өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады.

Табысты, шығынды айқындау үшін бір сотка жер (бір бас) өндірілген өнімнің құнынан (ocы Қағидаға 2-7-қосымшалар) шығысының орташа деңгейi шегерiледi. Алынған мөлшер он екі айға бөлінеді және есепті кезеңдегі айлар санына көбейтіледі.

28

28. Табысты есептеу үшін облыста (республикалық маңызы бар қалада, астанада) өсімдік және мал шаруашылығы өніміне қалыптасқан, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары тиісті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында көздеген мерзімдерде мемлекеттік статистика органдарынан белгіленген тәртіппен алынған, өткен күнтізбелік жылғы орташа жылдық бағалар пайдаланылады.

29

29. Өнім бермейтін (жас) жастағы үй малынан, құсынан (осы Қағидаға 8-қосымша) алынған табыс, есепті кезеңде оны сыйлаған немесе іске асырған (сату, сою) жағдайда ғана, тиісті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мерзімде, мемлекеттік статистика органдарынан белгіленген тәртіппен алынған, оны сыйлаған немесе іске асырған (сату, сою) тиісті айда нарықта қалыптасқан бағалар бойынша есепке алынады.
Малды (құсты) есепті кезеңде іске асыру кезінде отбасының жиынтық табысына тиісті іске асырған айда нарықта қалыптасқан, тиісті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мерзімде мемлекеттік статистика органдарынан белгіленген тәртіппен алынған бағалар бойынша біржолғы табыс қосылады.

30 30. Отбасының жиынтық табысы жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретiнде есепке алынады.

31 31. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеуді уәкілетті орган өтініш берушінің мәліметтері негізінде жеке нормативтік кәртішкеде (осы Қағидаға 9-қосымша) рәсімдейді.

32

32. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеу кезінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, нормативтік кәртішкеде көрсетілген (осы Қағидаға 2-7-қосымшалар) тиісті орташа көрсеткіштерден төмен, осы өңірдегі өнімділік және түсімділік көрсеткіштері бойынша және жиынтық табыс рұқсат етілген шекті көлемнен аспаған жағдайда, үй малын, құсты және жер телімінде (үй жанындағы учаске, саяжай және жер үлесі) өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының түрлерін кіріс бермейтіндер деп белгілейді.
Рұқсат етілген шекті көлем ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілетті органдарымен алдын ала келісуден кейін өткен тоқсанда қалыптасқан ең төмен күнкөріс деңгейінің еселенуімен белгіленеді.

33 33. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыстар:

1 1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден (жалдаудан) және сатудан;

2 2) бағалы қағаздардан;

3 3) шетелдiк валютаны өткiзуден;

4 4) асыл тастар мен бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариатты сатудан;

5 5) авторлық сыйақы түрiндегi;

6 6) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған;

7 7) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;

8 8) қайтарымсыз алынған ақша түрінде;

9 9) ақша салымдары және депозиттер бойынша сыйақы (мүдде) түрінде;

10 10) ақшалай аударымдар түрінде;

11 11) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, лотереяларда ақшалай және (немесе) заттай түрдегi ұтыстар;

12 12) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегiн қоса алғанда, мәлiмделген өзге де табыстар есепке алынады.

Көрсетiлген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтiнiшпен расталады.

34 34. Жылжымайтын мүлiктi немесе көлiк құралдарын жалға беруден (жалдаудан) алынған табыс мүлікті жалға беру шартының көшірмесімен расталады.

Мүлікті жалға беру (жалдау) шарты болмаған жағдайда, мүлікті немесе көлік құралдарын жалға беруден түскен табыс өтініш берушінің өтінішінде көрсетілген, бірақ айына ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.

35 35. Өтініш иесі көрсеткен, жылжымайтын мүлiктi немесе көлiк құралдарын сатудан алынған табыс сатып алу-сату шартының көшірмесімен расталып, он екi айға бөлiнедi және оның тиiстi бөлiгi есептi кезеңдегi отбасының (азаматтың) жиынтық табысында жалпы жиынтық табысқа қосылады.

Басқа жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарының құны мен сатудан түскен сома арасындағы айырма отбасының (азаматтың) жиынтық табысында есепке алынады.

3 3. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі

36

36. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 1-1) – 11) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабына сәйкес жергілікті атқарушы орган есептейді.

37

37. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер, тұрғын үйге мұқтаж, егер өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болса, осы Қағиданың 36-тармағында көрсетілген отбасылардың (азаматтарының) пайдалануына беріледі.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүгедек балаларға қолданылмайды.

38 38. Отбасының әрбір мүшесі үшін жан басына шаққандағы орташа табыс өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде отбасының жиынтық табысын айлардың санына және отбасы мүшелерінің санына бөлу арқылы есептеледі.

39 39. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың барлық түрлерi есепке алынады:

1 1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;

2 2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;

3 3) балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түрiндегi табыс.

40 40. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу осы Қағиданың 4, 6, 10-13 16-25-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

88 Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша әкiмшiлiк-аумақтық аудандардың тізбесі

Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер
отбасының (азаматтың) жиынтық
табысын есептеу қағидасына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша әкiмшiлiк-аумақтық аудандардың тізбесі
Об­лыс
Аудан, қа­ла
1. Да­ла ай­ма­ғы
Сол­тү­стiк Қа­зақ­стан
1. Ай­ыр­тау
2. Ақ­жар
3. Мағ­жан Жұ­ма­ба­ев
4. Есiл
5. Жам­был
6. Қы­зы­л­жар
7. Мам­лют
8. Шал ақын
9. Ақ­қай­ың
10. Тай­ын­ша
11. Ти­ми­ря­зев
12. Уә­ли­ха­нов
13. Ға­бит Мүсiре­пов
Пет­ро­павл қа­ла­сы
Ақ­мо­ла
1. Ең­бек­шiл­дер
2. Зе­рен­дi
3. Щу­чье
4. Сан­дық­тау
5. Бұ­лан­ды
6. Ақ­көл
7. Ерей­мен­тау
8. Жақ­сы
Көк­ше­тау қа­ла­сы
Степ­но­гор қа­ла­сы
Қо­ста­най
1. Қа­ра­ба­лық
2. Фе­до­ров
3. Мең­дiқа­ра
4. Ұзын­көл
5. Де­ни­сов
6. Әу­лие­көл
7. Қа­ра­су
8. Ал­тын­са­рин
9. Са­ры­көл
10. Қо­ста­най
11. Та­ра­нов
Қо­ста­най қа­ла­сы
Руд­ный қа­ла­сы
Пав­ло­дар
1. Ер­тiс
2. Же­ле­зин
3. Қа­шыр
2. Қу­аң да­ла ай­ма­ғы
Ба­тыс Қа­зақ­стан
1. Ақ­жай­ық
2. Тас­қа­ла
3. Зе­ле­нов
4. Те­ректi
5. Бөрiлi
6. Шың­ғыр­лау
Орал қа­ла­сы
Ақ­тө­бе
1. Қоб­да
2. Мәр­төк
3. Әй­те­ке би
4. Қар­ға­лы
5. Ал­ға
Ақ­тө­бе қа­ла­сы
Қо­ста­най
1. Қа­мысты
2. На­уры­зым
3. Жiтiқа­ра
Ли­са­ковск қа­ла­сы
Ақ­мо­ла
1. Есiл
2. Ат­ба­сар
3. Қор­ғал­жын
4. Шор­тан­ды
5. Це­ли­но­град
6. Аст­ра­хан
7. Ар­ша­лы
8. Егiн­дiкөл
9. Жар­қай­ың
Аста­на қа­ла­сы
Аста­на қа­ла­сы
Қа­ра­ған­ды
1. Нұ­ра
2. Қар­қа­ра­лы
3. Оса­ка­ров
4. Абай
5. Бұ­қар жы­рау
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы
Са­рань қа­ла­сы
Шах­тинск қа­ла­сы
Те­мiр­тау қа­ла­сы
Пав­ло­дар
1. Ақ­то­ғай
2. Ба­я­на­уыл
3. Ле­бя­жье
4. Май
5. Пав­ло­дар
6. Успен
7. Шар­бақ­ты
Пав­ло­дар қа­ла­сы
Ақ­су қа­ла­сы
Екi­ба­стұз қа­ла­сы
Шы­ғыс Қа­зақ­стан
1. Бес­қа­ра­ғай
2. Бо­ро­ду­ли­ха
3. Зы­рян
4. Көк­пек­тi
3. Шө­лейт­тi ай­мақ
Ал­ма­ты
1. Қап­ша­ғай
Ба­тыс Қа­зақ­стан
1. Бө­көй­ор­да­сы
2. Жа­ңа­қа­ла
3. Жәнi­бек
4. Қазта­лов
5. Қа­ра­т­ө­бе
6. Сы­рым
Қо­ста­най
1. Аман­гел­дi
2. Жан­гел­дi
Ар­қа­лық қа­ла­сы
Ақ­тө­бе
1. Ой­ыл
2. Те­мiр
3. Ыр­ғыз
4. Хром­тау
5. Мұ­ғал­жар
Қа­ра­ған­ды
1. Жа­ңа­ар­қа
2. Шет
3. Ақ­то­ғай
4. Ұлы­тау
Жез­қаз­ған қа­ла­сы
Бал­қаш қа­ла­сы
Қа­ра­жал қа­ла­сы
При­озерск қа­ла­сы
Сәт­ба­ев қа­ла­сы
Шы­ғыс Қа­зақ­стан
1. Абай
2. Ая­гөз
3. Жар­ма
Се­мей қа­ла­сы
Кур­ча­тов қа­ла­сы
4. Шөл­дi ай­мақ
Аты­рау
1. Жы­лыой
2. Ин­дер
3. Ис­а­тай
4. Құр­ман­ға­зы
5. Қы­зыл­қо­ға
6. Ма­қат
7. Ма­хам­бет
Аты­рау қа­ла­сы
Қы­зы­лор­да
1. Арал
2. Жа­ла­ғаш
3. Жа­ңа­қор­ған
4. Қа­за­лы
5. Қар­мақ­шы
6. Сыр­да­рия
7. Ши­елi
Қы­зы­лор­да қа­ла­сы
Ақ­тө­бе
1. Бай­ға­нин
2. Шал­қар
Маң­ғы­стау
1. Бей­неу
2. Қа­ра­қия
3. Маң­ғы­стау
4. Түп­қа­ра­ған
5. Мұ­най­лы
Ақ­тау қа­ла­сы
Жа­ңа­ө­зен қа­ла­сы
Оң­тү­стiк Қа­зақ­стан
1. Со­зақ
2. Оты­рар
Жам­был
1. Са­ры­су
2. Та­лас
3. Тұ­рар Рыс­құ­лов
Ал­ма­ты
1. Бал­қаш
5. Тау eтe­гi-шөл­дi-да­ла­лық ай­мақ
Ал­ма­ты
1. Ақ­су
2. Ала­көл
3. Ең­бек­шiқа­зақ
4. Жам­был
5. Кер­бұ­лақ
6. Көк­су
7. Қа­ра­тал
8. Қа­ра­сай
9. Пан­фи­лов
10. Рай­ым­бек
11. Сар­қанд
12. Тал­ғар
13. Ес­кел­дi
14. Ұй­ғыр
15. Iле
Тал­ды­қор­ған қа­ла­сы
Те­келi қа­ла­сы
Ал­ма­ты қа­ла­сы
Ал­ма­ты қа­ла­сы
Жам­был
1. Бай­зақ
2. Жам­был
3. Жу­а­лы
4. Қор­дай
5. Мер­ке
6. Мой­ын­құм
7. Шу
Та­раз қа­ла­сы
Оң­тү­стiк Қа­зақ­стан
1. Арыс
2. Бәй­дi­бек
3. Қазығ­ұрт
4. Мақ­та­арал
5. Ор­даб­а­сы
6. Сай­рам
7. Са­рыа­ғаш
8. Тө­ле би
9. Түл­кi­бас
10. Шар­да­ра
Кен­тау қа­ла­сы
Түр­кiстан қа­ла­сы
Шым­кент қа­ла­сы
Шы­ғыс Қа­зақ­стан
1. Үр­жар
2. Зай­сан
6. Оң­тү­стiк Сiбiр та­у­лы және тау eтe­гi ай­ма­ғы
Шы­ғыс Қа­зақ­стан
1. Глу­бо­кое
2. Ка­тон­қа­ра­ғай
3. Ше­мо­наи­ха
4. Тар­ба­ға­тай
5. Күр­шiм
6. Ұлан
Өс­ке­мен қа­ла­сы
Рид­дер қа­ла­сы

89 Дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк карточкасы

Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер
отбасының (азаматтың) жиынтық
табысын есептеу қағидасына
2-қосымша
Дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк карточкасы
Өсiмдiк шаруашылығының өнiмi
Өнiм
Жер­дiң
1 сот­ка­сы­ның
ор­та­ша
түсi­мi, кг
Жер­дiң
1 сот­ка­сы­на
жұм­сал­ған
шы­ғы­стың ор­та­ша дең­гейi, тең­ге
1 кг өнiм­нiң ор­та­ша ба­ға­сы, тең­ге
1 сот­ка­дан
өн­дiрiл­ген
өнiм­нiң
құ­ны, тең­ге
(2-бағ.х 4-бағ.)
1 сот­ка
жер­ден түс­кен
та­быс (+),
шы­ғыс (-), тең­ге
(5-бaғ - 3-бағ.)
1
2
3
4
5
6
Би­дай
20
268
Ар­па
25
188
Қа­ра­мық
5
143
Жү­герi (жа­сыл сал­ма­ғы)
100
128
Көп жыл­дық шө­птер
20
114
Бiр жыл­дық шө­птер
15
83
Кар­топ
80
1256
Кө­көнiстер
65
1069
Бақ­ша­лар
105
483
Ше­кiл­де­уiк бақ­та­ры
(ал­ма, ал­мұрт
және бас­қа­ла­ры)
35
634
Сүй­ек­тi же­мiс бақ­та­ры
(өрiк, қа­ра өрiк және бас­қа­ла­ры)
25
509
Жи­дек да­қыл­да­ры
33
946
Жүзiм
25
636
Күн­ба­ғыс
12
220
Мал шаруашылығының өнiмi
Өнiм
1 ба­стан
алы­на­тын
ор­та­ша
өнiм­дiлiк, кг (л)
1 бас­қа
жұм­сал­ған
шы­ғы­стың
ор­та­ша
дең­гейi, тең­ге
1 кг өнiм­нiң,
(1 л, 10 да­на жұ­мыр­тқа­ның) ор­та­ша ба­ға­сы, тең­ге
1 ба­стан
өн­дiрiл­ген өнiм­нiң құ­ны, тең­ге (2-бағ. х 4-бағ.)
1 ба­стан түс­кен
та­быс (+), шы­ғыс (-), тең­ге (5-бағ.- 3 бағ.)
1
2
3
4
5
6
Сүт­тi iрi қа­ра мал (сүт)
2200
26549
Eт­тi iрi қа­ра мал (сиыр етi)
179
15308
Шош­қа­лар
(шош­қа етi)
110
9425
Қой­лар, еш­кiлер
ет/жүн
22/2,5
5800
Жыл­қы (жыл­қы етi)
124
7446
Түйе (түйе етi)
126
2979
Жұ­мырт­қа­лай­тын құс (жұ­мырт­қа)
200 жұ­мырт­қа
728
Ет­тi құс (құс етi)
2,5
489

90 Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк карточкасы

Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер
отбасының (азаматтың) жиынтық
табысын есептеу қағидасына
3-қосымша
Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк карточкасы
Өсiмдiк шаруашылығының өнiмi
Өнiм
Жер­дiң
1 сот­ка­сы­ның
ор­та­ша
түсi­мi, кг
Жер­дiң
1 сот­ка­сы­на
жұм­сал­ған
шы­ғы­стың ор­та­ша дең­гейi, тең­ге
1 кг өнiм­нiң ор­та­ша ба­ға­сы, тең­ге
1 сот­ка­дан
өн­дiрiл­ген
өнiм­нiң
құ­ны, тең­ге
(2-бағ.х 4-бағ.)
1 сот­ка
жер­ден түс­кен
та­быс (+),
шы­ғыс (-), тең­ге
(5-бaғ - 3-бағ.)
1
2
3
4
5
6
Би­дай
20
268
Ар­па
25
188
Қа­ра­мық
5
150
Жү­герi (жа­сыл сал­ма­ғы)
100
128
Көп жыл­дық шө­птер
15
91
Бiр жыл­дық шө­птер
10
83
Кар­топ
70
1164
Кө­көнiстер
80
1245
Бақ­ша­лар
115
518
Ше­кiл­де­уiк бақ­та­ры
(ал­ма, ал­мұрт
және бас­қа­ла­ры)
30
583
Сүй­ек­тi же­мiс бақ­та­ры
(өрiк, қа­ра өрiк және
бас­қа­ла­ры)
22
514
Жи­дек да­қыл­да­ры
23
819
Жүзiм
22
595
Мал шаруашылығының өнiмi
Өнiм
1 ба­стан
алы­на­тын
ор­та­ша
өнiм­дiлiк, кг (л)
1 бас­қа
жұм­сал­ған
шы­ғы­стың
ор­та­ша
дең­гейi, тең­ге
1 кг өнiм­нiң,
(1 л, 10 да­на жұ­мыр­тқа­ның) ор­та­ша ба­ға­сы, тең­ге
1 ба­стан
өн­дiрiл­ген
өнiм­нiң құ­ны, тең­ге (2-бағ. х 4-бағ.)
1 ба­стан түс­кен
та­быс (+), шы­ғыс (-), тең­ге (5-бағ.- 3 бағ.)
1
2
3
4
5
6
Сүт­тi iрi қа­ра мал
(сүт)
1900
21034
Eт­тi iрi қа­ра мал (сиыр етi)
179
16435
Шош­қа­лар
(шош­қа етi)
110
9107
Қой­лар, еш­кiлер
ет/жүн
22/2,5
3042
Жыл­қы (жыл­қы етi)
124
7446
Түйе (түйе етi)
126
2979
Жұ­мырт­қа­лай­тын құс (жұ­мырт­қа)
200 жұ­мырт­қа
728
Ет­тi құс (құс етi)
2,5
489

91 Шөлейттi аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк карточкасы

Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер
отбасының (азаматтың) жиынтық
табысын есептеу қағидасына
4-қосымша
Шөлейттi аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк карточкасы
Өсiмдiк шаруашылығының өнiмi
Өнiм
Жер­дiң
1 сот­ка­сы­ның
ор­та­ша
түсi­мi, кг
Жер­дiң
1 сот­ка­сы­на
жұм­сал­ған
шы­ғы­стың ор­та­ша дең­гейi, тең­ге
1 кг өнiм­нiң ор­та­ша ба­ға­сы, тең­ге
1 сот­ка­дан
өн­дiрiл­ген
өнiм­нiң
құ­ны, тең­ге
(2-бағ.х 4-бағ.)
1 сот­ка
жер­ден түс­кен
та­быс (+),
шы­ғыс (-), тең­ге
(5-бaғ - 3-бағ.)
1
2
3
4
5
6
Би­дай
10
226
Ар­па
15
174
Қа­ра­мық
8
153
Жү­герi (жа­сыл сал­ма­ғы)
100
128
Көп жыл­дық шө­птер
10
91
Бiр жыл­дық шө­птер
10
84
Кар­топ
70
1102
Кө­көнiстер
90
1249
Бақ­ша­лар
85
458
Ше­кiл­де­уiк бақ­та­ры
(ал­ма, ал­мұрт
және бас­қа­ла­ры)
22
525
Сүй­ек­тi же­мiс бақ­та­ры (өрiк, қа­ра өрiк және
бас­қа­ла­ры)
20
498
Жи­дек да­қыл­да­ры
10
589
Жүзiм
20
564
Мал шаруашылығының өнiмi
Өнiм
1 ба­стан
алы­на­тын
ор­та­ша
өнiм­дiлiк, кг (л)
1 бас­қа
жұм­сал­ған
шы­ғы­стың
ор­та­ша
дең­гейi, тең­ге
1 кг өнiм­нiң,
(1 л, 10 да­на жұ­мыр­тқа­ның) ор­та­ша ба­ға­сы, тең­ге
1 ба­стан
өн­дiрiл­ген
өнiм­нiң құ­ны, тең­ге (2-бағ. х 4-бағ.)
1 ба­стан түс­кен
та­быс (+), шы­ғыс (-), тең­ге (5-бағ.- 3 бағ.)
1
2
3
4
5
6
Сүт­тi iрi қа­ра мал
(сүт)
1100
19944
Eт­тi iрi қа­ра мал (сиыр етi)
165
16016
Шош­қа­лар
(шош­қа етi)
110
8462
Қой­лар, еш­кiлер
ет/жүн
22/2,25
1200/105
Жыл­қы (жыл­қы етi)
138
6044
Түйе (түйе етi)
140
2925
Жұ­мырт­қа­лай­тын құс (жұ­мырт­қа)
200 жұ­мырт­қа
728
Ет­тi құс (құс етi)
2,5
489

92 Шөлдi аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк карточкасы

Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер
отбасының (азаматтың) жиынтық
табысын есептеу қағидасына
5-қосымша
Шөлдi аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк карточкасы
Өсiмдiк шаруашылығының өнiмi
Өнiм
Жер­дiң
1 сот­ка­сы­ның
ор­та­ша
түсi­мi, кг
Жер­дiң
1 сот­ка­сы­на
жұм­сал­ған
шы­ғы­стың ор­та­ша дең­гейi, тең­ге
1 кг өнiм­нiң ор­та­ша ба­ға­сы, тең­ге
1 сот­ка­дан
өн­дiрiл­ген
өнiм­нiң
құ­ны, тең­ге
(2-бағ.х 4-бағ.)
1 сот­ка
жер­ден түс­кен
та­быс (+),
шы­ғыс (-), тең­ге
(5-бaғ - 3-бағ.)
1
2
3
4
5
6
Би­дай
20
278
Ар­па
25
215
Жү­герi (жа­сыл сал­ма­ғы)
40
295
Көп жыл­дық шө­птер
45
172
Бiр жыл­дық шө­птер
25
101
Кар­топ
100
1886
Кө­көнiстер
125
1366
Бақ­ша­лар
120
556
Ше­кiл­де­уiк бақ­та­ры (ал­ма, ал­мұрт және бас­қа­ла­ры)
19
483
Сүй­ек­тi же­мiс бақ­та­ры (өрiк, қа­ра өрiк және
бас­қа­ла­ры)
20
492
Жи­дек да­қыл­да­ры
10
589
Жүзiм
19
572
Күн­ба­ғыс
8
208
Мал шаруашылығының өнiм
Өнiм
1 ба­стан
алы­на­тын
ор­та­ша
өнiм­дiлiк, кг (л)
1 бас­қа
жұм­сал­ған
шы­ғы­стың
ор­та­ша
дең­гейi, тең­ге
1 кг өнiм­нiң,
(1 л, 10 да­на жұ­мыр­тқа­ның) ор­та­ша ба­ға­сы, тең­ге
1 ба­стан
өн­дiрiл­ген
өнiм­нiң құ­ны, тең­ге (2-бағ. х 4-бағ.)
1 ба­стан түс­кен
та­быс (+), шы­ғыс (-), тең­ге (5-бағ.- 3 бағ.)
1
2
3
4
5
6
Сүт­тi iрi қа­ра мал
(сүт)
880
17255
Eт­тi iрi қа­ра мал (сиыр етi)
138
15924
Шош­қа­лар
(шош­қа етi)
110
8973
Қой­лар, еш­кiлер
ет/жүн
18/1,0
1696
Жыл­қы (жыл­қы етi)
138
5979
Түйе (түйе етi)
154
2925
Жұ­мырт­қа­лай­тын құс (жұ­мырт­қа)
200 жұ­мырт­қа
728
Ет­тi құс (құс етi)
2,5
489

93 Тау етегi-шөлдi-далалық аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк карточкасы

Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер
отбасының (азаматтың) жиынтық
табысын есептеу қағидасына
6-қосымша
Тау етегi-шөлдi-далалық аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк карточкасы
Өсiмдiк шаруашылығының өнiмi
Өнiм
Жер­дiң
1 сот­ка­сы­ның
ор­та­ша
түсi­мi, кг
Жер­дiң
1 сот­ка­сы­на
жұм­сал­ған
шы­ғы­стың ор­та­ша дең­гейi, тең­ге
1 кг өнiм­нiң ор­та­ша ба­ға­сы, тең­ге
1 сот­ка­дан
өн­дiрiл­ген
өнiм­нiң
құ­ны, тең­ге
(2-бағ.х 4-бағ.)
1 сот­ка
жер­ден түс­кен
та­быс (+),
шы­ғыс (-), тең­ге
(5-бaғ - 3-бағ.)
1
2
3
4
5
6
Би­дай
20
293
Ар­па
25
234
Қа­ра­мық
10
258
Жү­герi (дәнi)
40
295
Жү­герi (жа­сыл сал­ма­ғы)
160
235
Күрiш
40
886
Қант қы­зы­л­ша­сы
200
525
Те­мекi
18
1537
Қо­за
30
853
Көп жыл­дық шө­птер
45
181
Бiр жыл­дық шө­птер
25
101
Кар­топ
120
2324
Кө­көнiстер
145
1442
Бақ­ша­лар
105
488
Ше­кiл­де­уiк бақ­та­ры (ал­ма, ал­мұрт және бас­қа­ла­ры)
40
798
Сүй­ек­тi же­мiс бақ­та­ры (өрiк, қа­ра өрiк және
бас­қа­ла­ры)
35
664
Жи­дек да­қыл­да­ры
30
980
Жүзiм
40
786
Күн­ба­ғыс
16
277
Мал шаруашылығының өнiмi
Өнiм
1 ба­стан
алы­на­тын
ор­та­ша
өнiм­дiлiк, кг (л)
1 бас­қа
жұм­сал­ған
шы­ғы­стың
ор­та­ша
дең­гейi, тең­ге
1 кг өнiм­нiң,
(1 л, 10 да­на жұ­мыр­тқа­ның) ор­та­ша ба­ға­сы, тең­ге
1 ба­стан
өн­дiрiл­ген
өнiм­нiң құ­ны, тең­ге (2-бағ. х 4-бағ.)
1 ба­стан түс­кен
та­быс (+), шы­ғыс (-), тең­ге (5-бағ.- 3 бағ.)
1
2
3
4
5
6
Сүт­тi iрi қа­ра мал
(сүт)
2500
20168
Eт­тi iрi қа­ра мал (сиыр етi)
179
14047
Шош­қа­лар
(шош­қа етi)
110
8138
Қой­лар, еш­кiлер
ет/жүн
20/3,5
2318
Жыл­қы (жыл­қы етi)
151
5795
Түйе (түйе етi)
126
2959
Жұ­мырт­қа­лай­тын құс (жұ­мырт­қа)
200 жұ­мырт­қа
728
Ет­тi құс (құс етi)
2,5
489

94 Оңтүстiк Сiбiр таулы және тау етегi аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк карточкасы

Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер
отбасының (азаматтың) жиынтық
табысын есептеу қағидасына
7-қосымша
Оңтүстiк Сiбiр таулы және тау етегi аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк карточкасы
Өсiмдiк шаруашылығының өнiмi
Өнiм
Жер­дiң
1 сот­ка­сы­ның
ор­та­ша
түсi­мi, кг
Жер­дiң
1 сот­ка­сы­на
жұм­сал­ған
шы­ғы­стың ор­та­ша дең­гейi, тең­ге
1 кг өнiм­нiң ор­та­ша ба­ға­сы, тең­ге
1 сот­ка­дан
өн­дiрiл­ген
өнiм­нiң
құ­ны, тең­ге
(2-бағ.х 4-бағ.)
1 сот­ка
жер­ден түс­кен
та­быс (+),
шы­ғыс (-), тең­ге
(5-бaғ - 3-бағ.)
1
2
3
4
5
6
Би­дай
15
272
Ар­па
20
218
Қа­ра­мық
10
258
Жү­герi (жа­сыл сал­ма­ғы)
100
131
Көп жыл­дық шө­птер
20
91
Бiр жыл­дық шө­птер
12
66
Кар­топ
90
1746
Кө­көнiстер
90
1173
Бақ­ша­лар
105
483
Ше­кiл­де­уiк бақ­та­ры (ал­ма, ал­мұрт және бас­қа­ла­ры)
16
432
Сүй­ек­тi же­мiс бақ­та­ры (өрiк, қа­ра өрiк және
бас­қа­ла­ры)
15
484
Жи­дек да­қыл­да­ры
15
994
Жүзiм
34
662
Күн­ба­ғыс
12
218
Мал шаруашылығының өнiмi
Өнiм
1 ба­стан
алы­на­тын
ор­та­ша
өнiм­дiлiк, кг (л)
1 бас­қа
жұм­сал­ған
шы­ғы­стың
ор­та­ша
дең­гейi, тең­ге
1 кг өнiм­нiң,
(1 л, 10 да­на жұ­мыр­тқа­ның) ор­та­ша ба­ға­сы, тең­ге
1 ба­стан
өн­дiрiл­ген
өнiм­нiң құ­ны, тең­ге (2-бағ. х 4-бағ.)
1 ба­стан түс­кен
та­быс (+), шы­ғыс (-), тең­ге (5-бағ.- 3 бағ.)
1
2
3
4
5
6
Сүт­тi iрi қа­ра мал
(сүт)
1900
19424
Eт­тi iрi қа­ра мал (сиыр етi)
165
14231
Шош­қа­лар
(шош­қа етi)
110
8973
Қой­лар, еш­кiлер
ет/жүн
20/2,0
2152
Жыл­қы (жыл­қы етi)
151
5563
Түйе (түйе етi)
126
2959
Жұ­мырт­қа­лай­тын құс (жұ­мырт­қа)
200 жұ­мырт­қа
728
Ет­тi құс (құс етi)
2,5
489

95 Азық-түлiктiк пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы

Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер
отбасының (азаматтың) жиынтық
табысын есептеу қағидасына
8-қосымша
Азық-түлiктiк пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы
Мал­дар­дың түрi
Өл­шем
бiр­лi­гi
Өнiм бе­ру жағ­дай­ы­на
жет­кен мал төлiнiң
және құ­стар­дың жа­сы
Iрi қа­ра мал
ай
25
Қой­лар мен еш­кiлер
ай
12
Шош­қа­лар
ай
10
Жыл­қы­лар
ай
16
Түй­е­лер
ай
18
Жұ­мырт­қа­лай­тын құс
күн
195
Ет­тi құс
күн
125

96 Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң үлгi жеке нормативтiк карточкасы

Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер
отбасының (азаматтың) жиынтық
табысын есептеу қағидасына
9-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң үлгi жеке нормативтiк карточкасы
____________________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң аты-жөні)
____________________________________________________________________
(облыс, аудан)
____________________________________________________________________
(үйінің мекенжайы)
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры­ның, үй мал­да­ры­ның, құ­ста­ры­ның түр­лерi
жер, сот­ка,
мал ба­сы,
са­ны
жы­лы­на
тү­сетiн та­быс нор­ма­тивi,
тең­ге
жы­лы­на
тү­сетiн
та­быст­ың
бар­лы­ғы,
тең­ге
бiр тоқ­сан­да
тү­сетiн
та­быст­ың
бар­лы­ғы,
тең­ге
Би­дай
Ар­па
Дәнi алы­на­тын жү­герi
Күрiш
Қа­ра­мық
Кар­топ
Кө­көнiстер
Бақ­ша­лар
Күн­ба­ғыс
Қант қы­зы­л­ша­сы
Те­ме­кі
Ше­кіл­де­уік бақ­та­ры
Сүй­ек­ті же­міс бақ­та­ры
Же­мі­стер
Жү­зім
Көп жыл­дық шөп
Бір жыл­дық шөп
Жа­сыл жем­ге бе­рі­ле­тін
жү­ге­рі
Сүт­ті ірі қа­ра мал
Ет­ті ірі қа­ра мал
Шош­қа­лар
Қой­лар мен еш­кiлер
Жыл­қы­лар
Түй­е­лер
Жұ­мырт­қа­лай­тын құс
Ет­тi құс
Жиы­ны: бір жы­л­ғы та­быс
Жиы­ны: бір тоқ­сан­да­ғы та­быс
20 __ ж. “____” ____________________________________
(өтініш берушінің қолы)
____________________________________________________
(есепті жасаған адамның Т.А.Ә. және қолы)

Қолданыстағы