Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики по проведению газового мониторинга для каждой секции полигона твердых бытовых отходов

Бұйрық · № 6-ө · қабылданған 12.01.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-63298/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Методики по проведению газового мониторинга для каждой секции полигона твердых бытовых отходов Күшін жойған Бұйрық ·№ 6-ө ·12.01.2012
14.09.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики по проведению газового мониторинга для каждой секции полигона твердых бытовых отходов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 6-ө · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики по проведению газового мониторинга для каждой секции полигона твердых бытовых отходов
Атауы (қаз.)
Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының әрбір секциясы үшін газ мониторингін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6-ө
Қабылданған күні
12.01.2012
Көрсетілген редакция
14.09.2021 63298_538772.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007411
ЭКБ идентификаторы
63298
Редакция идентификаторы
63298_538772
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:23

0 Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының әрбір секциясы үшін газ мониторингін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 305-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының әрбір секциясы үшін газ мониторингін жүргізу жөніндегі әдістемесі бекітілсін.

2 2. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару департаменті осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін және кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының әрбір секция бойынша газ мониторингін жүргізу әдістемесі

Қазақстан Республикасының
Қоршаған ортаны қорғау
министрлігінің
2012 жылғы 12 қаңтардағы
№ 6-ө бұйрығымен бекітілген
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының әрбір секция бойынша газ мониторингін жүргізу әдістемесі

1

1. Осы Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонның әрбір секция үшін газ мониторингін жүргізу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында (бұдан әрі - полигон) белгіленген мезгіл аралығында газ эмиссияларының саны мен сапасы және олардың өзгерісінің нақты деректерін алу үшін арналған.

2 2. Газ мониторингі полигонды пайдаланудың алдында басталады және қалдықтардың биологиялық ыдырау үдерісі аяқталғанға дейін жалғасады. Жаңа полигондар жағдайында метан мен көмірқышқыл газының табиғи фондық деңгейі белгіленеді. Бұл деңгей полигонды пайдалану басталғанға дейін белгіленеді.

3 3. Газ мониторингі:

пайда болған газдың мөлшері мен құрамын анықтауға болатын қалдықтардың қабатында;
жер бетіне газдардың бақылаусыз шығу жағдайларын анықтауға болатын полигонның бетіне және объектінің санитарлық-қорғау аймағында жүргізіледі.

4

4. Полигон бойының ішінде газдар үшін сүзгіге қарсы экранмен жабдықталған полигонның секциясына газ мониторингі үшін бір бақылау нүктесін орнату ұсынылады. Сүзгіге қарсы экраны жоқ полигондарда бақылау нүктелері қалдықтармен толтырылған алаңның бір гектарына бір бақылау нүкте тығыздығымен орнатылады.

5

5. Қалдықтар қабатына салынған мониторинг ұңғымалары газ шоғырының деңгейін және оның полигон бойында қозғалуына мониторинг жүргізу мақсаты үшін қызмет етеді. Бұл ұңғымалар газды жинақтау және шығару жүйесінен бөлек салынады және тек қалдықтардың ыдырау деңгейін және қоршаған ортаға әсерін анықтау үшін бақылау нүктелері ретінде қолданылады.

6 6. Қалдықтар қабатынан тыс жерлерге газ мониторингінің бақылау нүктелерін орналастыру нақты полигондарға байланысты. Осы нүктелерді орналасу орындарын таңдаған кезде ескеру қажет факторлар:

1 1) түзілетін газдың құрамы мен көлемі;

2 2) аймақтың геологиялық жағдайы;

3 3) қалдықтардың типі;

4 4) газдың таралуын басатын шаралар;

5 5) сүзгіге қарсы экран немесе жоғарғы оқшаулағыш қабат;

6 6) полигон ғимараттары мен құрылыстарына жақындылығы;

7 7) қалдықтар сүзгілеу коэффициенті.

7 7. Қалдықтар бойынан 20 метр қашықтықта мониторинг ұңғымаларын орналастыру ұсынылады. Ұңғымалардың тереңдігі қалдықтардың полигон бойында жатқан барынша тереңдігіне тең болу тиіс.

8 8. Полигондардың газ мониторингіне арналған бақылау желісін ұйымдастыру әдістері осы әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес келтірілген.

9 9. Атмосфералық ауа сынамаларын алған кезде метеорологиялық параметрлерді бақылау жүргізіледі:

1 1) желдің жылдамдығы мен бағыты;

2 2) қоршаған ортаның температурасы;

3 3) атмосфералық қысым;

4 4) ылғалдылық;

5 5) бұлт қабаты (теңіз зерттеулері кезінде);

6 6) толқынның биіктігі (толқындау) және толқынның бағыты (теңіз зерттеулері кезінде).

10 10. Сынаманы сұрыптау заттарды ұстауға арналған сұйық немесе қатты сорбенттермен толтырылған жұту құралдар, немесе ауадаға бөлшектерді ұстап қалатын аэрозольды сүзгілер арқылы атмосфералық ауаның белгілі көлемін аспирациялық жолмен орындалады.

11 11. Өлшемдер зиянды қоспалар шоғырын үздіксіз анықтау үшін автоматтандырылған газоанализаторлар және ауаның сынамаларын жинақтауға арналған қондырғылармен жабдықталған стационарлы немесе жылжымалы бекеттерде жүргізіледі.

12 12. Атмосфераның ластану деңгейін бақылау кезінде сынамаларды сұрыптаудың мынадай режимдері пайдаланады:

1 1) бірреттік, 20-30 минут жалғасатын;

2 2) дискретті, онда бір жұту құралдары немесе сүзгіге бірдей уақыт аралығында бір тәлік ішінде бірнеше (3 тен 8 дейін) бірреттік сынамалар алынады;

3 3) тәуліктік, мұнда бір жұту құралдары немесе сүзгі сынамасы үздіксіз тәулік бойы жүргізіледі.

13 13. Ауа сынамаларын алу үшін электраспираторлар немесе ауасұрыптағыштар осы әдістеменің 2 және 3-қосымшаға сәйкес пайдаланылады.

14

14. Сынама жүргізілген соң жұту құралдарды полиэтиленнен жасалған бітеуішпен жабылады және полиэтиленді қапшықта (ылғалдың конденсациясы жүргізілмеу үшін) сорбент қабатымен төмен термосқа орнатылады. Күкірт қос тотығы мен күкіртті сутек сынамаларын күн түсуден қорғау керек. Ауа температурасы 250С астам болса күкірт қос тотығына сынама тоңазытқышқа немесе полиэтиленды қапқа орнатылған және герметикалық жабық мұздардың тілімдері бар (термос көлемінің 20-30%) кең ауызды термосқа орнатылу керек.

15 15. Ауа сынамаларын алу параметрлері және оларды сақтау мерзімдері осы әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес анықталады.

16 16. Сынама талдау әдістері осы әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес келтірілген.

17 17. Зерттеу нәтижесі бойынша атмосфералық ауаның нақты жай-күйіне талдау жүргізіледі.

Атмосфералық ауада ластаушы заттардың өлшенген шоғырлары шоғырдың бақылау мәнімен салыстырылады.
Тәулік бойы орташа шоғырдың мәні елді мекендер үшін шекті жол берілетін шоғырдың орташа тәуліктік мәнімен салыстырылады.
Ластаушы заттар бойынша атмосфералық ауа сапасының нормасынан арттыру байқалған жағдайда арттыру себебі анықталады.

18

18. Атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау жүргізу нәтижелері «Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 16-ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8376 болып тіркелген) бекітілген өндірістік экологиялық бақылау нысаны бойынша есеп түрінде ресімделеді.

19 19. Есеп тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғаудың облыстық аумақтық басқармасына тапсырылады.

Кварталдық есепте мыналар болады:

1 1) табиғат пайдалану туралы қысқаша мәліметтер;

2 2) мониторинг жүзеге асырған мердігер ұйым немесе құрылым туралы қысқаша мәліметтер;

3 3) мониторинг жүйелерінің сипаттамасы (бақыланатын компоненттер мен объектілер, сұрыптау нүктелері, кезеңдігі, талданатын ингредиенттер);

4 4) мониторинг жүргізу әдісі (сұрыптау әдістері, сынамаларды сақтау, тасымалдау және талдау);

5 5) зерттеу нәтижелері (сынамаларды талдау нәтижелері, динамикалық және кеңістікті талдау).

20 20. Табиғат пайдаланушы газ мониторингінің нәтижесі бойынша еркін түрінде жыл сайынғы есепті дайындайды.

Жылдық есеп тоқсандық есепке кіретін, аталған ұстанымдардан басқа үш жылдың ішіндегі динамиканы талдаудан, ластану деңгейінің жоғарлауы немесе азаю себебін талдаудан, қоршаған ортаға кәсіпорынның әсерін кешенді бағалаудан тұрады.

1 Бақылау желісін ұйымдастыру әдістері

Қатты тұрмыстық қалдықтар
полигонының әрбір секция
бойынша газ мониторингін
жүргізу әдістемесіне
1-қосымша
Бақылау желісін ұйымдастыру әдістері
Тех­но­ло­ги­я­лық объ­ект
Ке­зең­ді­лі­гі
Мо­ни­то­ринг объ­ек­ті­сі
Мо­ни­то­ринг нүк­те­сі­нің ор­на­ла­су ор­ны
Са­ны то­чек
Ба­қы­лау па­ра­метр­ле­рі
Ат­мо­сфе­ра­лық ауа
Тоқ­са­ны­на 1 рет
Ат­мо­сфе­ра­лық ауа­ның ла­ста­нуы
По­ли­гон­ның СҚА ше­ка­ра­сын­да
4
Кө­мір­су­тек­тер (ме­тан);
кү­кірт­су­тек;
кө­мір­тек қос то­тығы се­ры ди­ок­сид;
азо­та ок­сид;
азо­та ди­ок­сид.

2 Ауа сынамаларын алуға арналған жабдықтардың тізбесі мен параметрлері

Қатты тұрмыстық қалдықтар
полигонының әрбір секция
бойынша газ мониторингін
жүргізу әдістемесіне
2-қосымша
Ауа сынамаларын алуға арналған жабдықтардың тізбесі мен параметрлері

Зат
Ас­пап/қон­дыр­ғы­ның ата­луы
Қон­дыр­ғы­ның негіз­гі тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры
1
Кү­кірт қос то­тығы
ас­пи­ра­тор
Бел­гі­лен­ген кө­лем­ді шы­ғы­ны­мен ауа/газ сы­на­ма­ла­рын алу­ға ар­нал­ған.
Жұ­мыс ай­ма­ғы­ның ауа­сы мен ат­мо­сфе­ра­лық ауа­сын ба­қы­лау ке­зін­де бел­гі­лен­ген шы­ғын мен со­ру уа­қы­ты бой­ын­ша бел­гі­лен­ген кө­ле­мі­нің сы­на­ма­ла­рын жүр­гізу­ге мүм­кін­дік жа­сай­ды.
Тай­мер­мен жаб­дық­тал­ған жы­л­жы­ма­лы, көп­ка­нал­ды ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жаб­дық.
2
Азот қос то­тығы
3
Кү­кірт­су­тек
4
Кө­мір­тек қос то­тығы
Тұз­ды жап­қы­шы бар пла­сти­ка­лық бө­тел­ке
-
5
Кө­мір­су­тек­тер

3 Улы заттарды анықтауға арналған индикаторлық түтіктердің тізбесі

Қатты тұрмыстық қалдықтар
полигонының әрбір секция
бойынша газ мониторингін
жүргізу әдістемесіне
3-қосымша
Улы заттарды анықтауға арналған индикаторлық түтіктердің тізбесі

Анық­та­ла­тын зат
Шар­тты бел­гі­лер ИТ
Өл­ше­не­тін шо­ғыр­дың диа­па­зо­ны, г/м3
1
Кү­кірт­су­тек
ГХПВ ТИ Н2S-1,5
0,01 -1,500
ГX-M H2S-0,0066
0,005-0,10
ГX-E H2S-0,0066
0,005-0,10
Кү­кірт­су­тек­ке ИТ
0,001 - 0,05
Кү­кірт­су­тек­ке КИТ
0,004 - 0,20
2
Кө­мір­тек ок­си­ды
ГХПВТИ СО-1,0
ГХ - М СО - 0,25
ГХ - М СО - 0,5
ГХ - Е СО - 0,25
ГХ - Е СО - 5
ИТ-СО
ТИ СО - 2,5
Кө­мір­тек ок­си­діне ИТ
ИТ-28;
BN-39
0,05 - 1,00
0,006 - 3,00
3,0 - 60,0
0,006 - 3,00
3,0 - 60,0
0,005 - 0,03
0,1 - 2,5
0,005 - 0,05
0,10 - 1,0
0,35 - 7,0
3
Кү­кірт ди­ок­си­ді
ГХПВ TH-S02-1,5
ГХ-М SO2-0,007
ГХ-Е SO2-0.007
ИТ-ДС
ТИ SO2-0,7
ТИ SO2-0,06
Кү­кірт ди­ок­си­діне ИТ
0,005 - 1,50
0,0057 - 0,2000
0,0057 - 0,2000
0,05 - 0,200
0,005 - 0,02

4 Ауа сынамаларын сұрыптау параметрлері және оларды сақтау мерзімдері

Қатты тұрмыстық қалдықтар
полигонының әрбір секция
бойынша газ мониторингін
жүргізу әдістемесіне
4-қосымша
Ауа сынамаларын сұрыптау параметрлері және оларды сақтау мерзімдері

Зат
Ауа кө­ле­мі,
дм3
Ас­пи­ра­ци­я­ның жыл­дамды­ғы
(ауа сы­на­ма­ла­рын алу жыл­дамды­ғы), дм/мин
Сы­на­ма­ның ұз­ақ­ты­лы­ғы, мин
Сақ­тау мер­зі­мі
Сы­на­ма алу­ға ар­нал­ған қон­дыр­ғы
1
Кү­кірт қос то­тығы
10
0.5
20
1 ай
Сорб­ци­я­лық тү­тіктер
2
Азот қос то­тығы
5-10
0.25 - 1
20
20 күн
Сорб­ци­я­лық тү­тіктер
3
Кү­кірт­су­тек
80-100
4-5
20
14 күн 5-8ҮС
Сорб­ци­я­лық тү­тіктер
4
Кө­мір­тек қос то­тығы
0.2-0.4
1 ай
Тұз­ды жап­қы­шы бар пла­сти­ка­лық бө­тел­ке
5
Өл­шен­ген заттар
200-400
20
20
1 ай
АФА – ХП сүз­гі­лер
6
Кө­мір­су­тек­тер
0.2-0.4
1 ай
Тұз­ды жап­қы­шы бар пла­сти­ка­лық бө­тел­ке

5 Сынамаларды талдау әдістері

Қатты тұрмыстық қалдықтар
полигонының әрбір секция
бойынша газ мониторингін
жүргізу әдістемесіне
5-қосымша
Сынамаларды талдау әдістері
Па­ра­метр­лер
Әді­стің ата­уы
Кү­кірт қос то­тығы
КФК-3-01 фо­то­метр­де­гі фо­то­мет­ри­я­лық әдіс
Азот қос то­тығы
а-наф­тил­амин­бен фо­то­мет­ри­я­лық әдіс
Кү­кірт­су­тек
«Га­зо­хром 3101» ас­па­бын­да га­з­ды хро­мо­то­гра­фи­я­лық әдіс
Кө­мір­тек қос то­тығы
Ме­ти­лен­ды көк­тің пай­да бо­лу негі­зін­де фо­то­ко­ло­ри­метр­лік әдіс
Өл­шен­ген заттар
Гра­ви­мет­рия
Кө­мір­су­тек­тер
«Га­зо­хром 3101» ас­па­бын­да га­з­ды хро­мо­то­гра­фи­я­лық әдіс

Қолданыстағы