Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление правовой статистической информации"

Бұйрық · № 139 · қабылданған 15.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-63317/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление правовой статистической информации" Күшін жойған Бұйрық ·№ 139 ·15.12.2011
01.07.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление правовой статистической информации"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 139 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление правовой статистической информации"
Атауы (қаз.)
"Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
139
Қабылданған күні
15.12.2011
Көрсетілген редакция
01.07.2014 AI63317_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007383
ЭКБ идентификаторы
63317
Редакция идентификаторы
AI63317_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:46

0 "Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты:

1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;

2 2) Комитеттің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

4 4. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

7 «Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 139 бұйрығымен
бекітілген
«Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Негізгі түсініктер

1 1. Осы «Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік қызмет регламентті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) құқықтық статистикалық ақпарат – адамдар, деректер, оқиғалар, жағдайлар және өзге де құқықтық көріністер мен қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық салалардағы болып жатқан процестер туралы ұсыну нысанына қарамастан материалдық (қағазда, магниттік, оптикалық) тасушыда тіркелген мәліметтер.

2 2) сұрау – құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну туралы ақпараттық қажеттілікті білдіретін мемлекеттік органның және оның аумақтық және оларға теңестірілген бөлімшелерінің (бұдан әрі – мемлекеттік орган) жазбаша өтініштері.

3 3) құқықтық статистикалық ақпаратты тұтынушы – құқықтық статистикалық ақпаратты алатын және практикалық қызметінде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар.

3 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдары көрсетеді.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.

5

5. Мемлекеттік қызмет 2011 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 146 Жарлығының және «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде жүзеге асырылады.

6 6. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі құқықтық статистикалық ақпаратты қағаз тасығышта ұсыну немесе сұратылған мәліметтер болмаған жағдайда, дәлелді бас тарту болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне талаптар

7 7. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін 2011 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 146 Жарлығымен бекітілген «Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 13-тармағында көрсетілген тәртіппен сұрау береді.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат www.pravstat.prokuror.kz Интернет–ресурсында, Комитеттің және оның аумақтық органдарының ғимараттарында орналасқан, үлгілері бар ақпараттық стендтерде орналасады. Тұтынушы құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну туралы өтінішті ерікті түрде береді.

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1 1) тұтынушы жазбаша жүгінуін тапсырған кезден бастап стандарттың 11-тармағында белгіленген – 15 күнтізбелік күн;

2 2) мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің жол берілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

3 3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.

10 10. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсетуден стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда бас тартылады.

12 12. Комитеттің немесе аумақтық органының қызметкері тексеруді Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе арқылы жүзеге асырады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әрекет (өзара әрекеттесу) тәртібінің сипаттамасы

13 13. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.

14 14. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар:

1 1) құпиялылық (ақпараттарды рұқсатсыз алудан қорғау);

2 2) толықтық (ақпараттарды рұқсатсыз өзгертуден қорғау);

3 3) қол жетімділік (ақпараттар мен ресурстарды рұқсатсыз ұстаудан қорғау);

15 15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне сұрауларды қабылдауды, тіркеуді, өңдеуді және тексеруді құқықтық статистикалық ақпаратқа қол қоятын және беруді жүзеге асыратын Комитет пен оның аумақтық органдары ғана қатысады.

16 16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-қызметтік бірлік арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламенттің қосымшасына сәйкес келтірілді.

36 «Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну» функционалдық өзара әрекеттестік сызбанұсқасы

«Құқықтық статистикалық
ақпаратты ұсыну» мемлекеттік
қызмет регламентіне
қосымша
«Құқықтық статистикалық ақпаратты ұсыну» функционалдық өзара әрекеттестік сызбанұсқасы
Про­це­ду­ра адым­да­ры­ның ал­го­рит­мі
Рө­лі
Орын­дау тәр­ті­бі
БА­СТА­ЛУЫ
(адам қыз­мет көр­се­ту ту­ра­лы
ақ­па­рат­ты алуы қа­жет)
|
V
Қыз­мет көр­се­ту ту­ра­лы
ақ­па­рат­тан­ды­ру
|
V
(өті­ніш бе­ру­ші өті­ніш (сұ­рау) әкел­ді
не по­шта бай­ла­ны­сы неме­се элек­трон­дық
по­шта ар­қы­лы жі­бер­ді)
|
V
Өті­ніш бе­ру
Өті­ніш­те қа­жет­ті мә­лі­мет­тер­дің
бар­лы­ғы көр­се­ті­л­ген бе?
ЖОҚ ИЯ
| |
V V
| |
V |
Қа­был­да­удан |
ауыз­ша бас |
тар­ту |
| |
V V
СО­ҢЫ Өті­ніш­ті
қа­был­дау
және өң­деу
|
| "АЖ"
|--> ААЖ
|
V
Орын­да­луы
|
|
V
Құқық­тық ста­ти­сти­ка­лық
ақ­па­рат­ты қа­ғаз та­сығ­ы­шты ұсы­ну
| | |
| | |
V V V
Өті­ніш Өті­ніш жа­у­ап
Бе­ру­ші бе­ру­ші­ге өті­ніш
өті­ніш по­шта­мен бе­ру­ші­нің
кө­шір­ме­сіне жі­бе­ріл­ді элек­трон­дық
өз қо­лы­мен ме­кен­жай­ы­на
ал­ға­ны жө­нін­де жол­да­на­ды
қол қо­яды
| | |
| | |
| | |
V V V
СО­ҢЫ
ҚР БП Құқық­тық
ста­ти­сти­ка және ар­найы
есеп­ке алу ко­ми­те­ті
және оның аумақ­тық
ор­га­ны кең­се­сі­нің
қыз­мет­ке­рі

өті­ніш бе­ру­ші
(оның се­нім
біл­ді­рі­л­ген ада­мы не
өкі­лі)
Ко­ми­тет неме­се оның
аумақ­тық ор­га­ны
кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
Ко­ми­тет неме­се оның
аумақ­тық ор­га­ны­ның
про­ку­ро­ры
Ко­ми­тет неме­се оның
аумақ­тық ор­га­ны
кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
1. Қыз­мет көр­се­ту
тәр­ті­бі ту­ра­лы
ақ­па­рат­тан­ды­ру
2. Өті­ніш­ті рә­сім­деу
үл­гі­сі
Өті­ніш­ті Ко­ми­тет­ке
неме­се оның аумақ­тық
ор­га­ны­на бе­ру
1. Өті­ніш­тің
тол­ты­ры­луын тек­се­ру
және та­лон­ды ұсы­ну.
2. Ес­кер­ту­лер­ді және
құ­жат­тар­ды қа­был­да­удан
бас тар­ту ауыз­ша
ны­сан­да бе­рі­ле­ді.
3. Өті­ніш­ті тір­кеу
Сұ­рау мәт­ін­де­рін тек­се­ру.
(ақ­па­рат­тық
қа­жет­ті­лік­ті, мән­дік
са­ла­ның си­патта­ма­сын
неме­се нақ­ты
көр­сет­кіш­тер­ді анық
көр­се­туі қа­жет)
құқық­тық ста­ти­сти­ка­лық
ақ­па­рат­ты дай­ын­дау
1. құқық­тық
ста­ти­сти­ка­лық
ақ­па­рат­ты қа­ғаз
та­сығ­ы­шта ұсы­ну

Қолданыстағы