Құжат мәтініне өту

О проведении приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет

Өзге акт · № 19 · қабылданған 23.01.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-63359/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О проведении приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет Күшін жойған Өзге акт ·№ 19 ·23.01.2012
07.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет

Күшін жойған Өзге акт ·№ 19 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет
Атауы (қаз.)
Тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарға тiркеу жүргізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19
Қабылданған күні
23.01.2012
Көрсетілген редакция
07.05.2012 AI63359_2.kaz
Соңғы өзгеріс
07.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VI000164
ЭКБ идентификаторы
63359
Редакция идентификаторы
AI63359_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:17

0 Тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарға тiркеу жүргізу туралы

«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасын басышылыққа алып, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, Глубокое ауданының әкімі ШЕШТІ:

1 1. «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесінде 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында, тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарға тіркеу жүргізілсін.

2 2. «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Т. Чункуновқа «Глубокое білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының міндетін атқарушы Э.К.Сиванбаевамен бірлесіп әскери-оқу мекемелеріне кандидаттарды іріктеу өткізу ұсынылсын.

3 3. Тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылы «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі ұсынылған кесте бекітілсін.

4 4. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесіне тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырып, уақытында тіркеуге келуін қамтамасыз етсін;

5 5. Меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым басшыларына, «Глубокое аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру пунктіне тіркеу жасындағы тұлғаларды тіркеуден өту үшін уақытында жеткізуге кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне көмек көрсету ұсынылсын.

6 6. «Глубокое ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ.Т. Синиязовқа ұсынылсын:

1 1) «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі және кенттер және ауылдық округтер әкімдеріне тіркеуден жалтарғандарды іздестіру және шақыру пунктіне жеткізуге, сондай-ақ тіркеу уақытында шақыру пунктінде тәртіп сақтау үшін бір қызметкерді бөлуге көмек көрсетсін;

2 2) «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуден өткізу келісілген кесте бойынша учаскелік полиция инспекторларының еріп жүруімен қамтамасыз етілсін.

7 7. «Глубокое ауданының Медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры К.Р. Беделмановқа ұсынылсын:

1 1) медициналық комиссияны маман-дәрігерлермен, орта медициналық қызметшілермен, қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен жабдықтасын;

2 2) әскерге шақырылушылардың клиникалық тексеруден өтуі және емделуі үшін қажетті мөлшерде төсек-орын бөлінсін;

3 3) шақырылған құрамның флюорографиялық тексерілуі, электрокордиограмма және қажетті сараптамаларды тапсырылуын қамтамасыз етсін.

8 8. «Глубокое білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы Э.К. Сиванбаеваға:

1 1) «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты оқымайтын азаматтар туралы ақпаратты ұсынсын;

2 2) жалпы білім беретін мектептерде оқитын бозбалаларды алып бару үшін алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы - мұғалімдер бөлінсін;

3 3) тіркеу барысында ауданның оқу мекемелерінде патриоттық және тәрбиелік іс-шараларды жүргізсін.

9 9. Осы шешімінің орындалу барысын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М.Ж. Асамбаевқа жүктелсін.

10 10. Шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілген:
«Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
А. Чункунов
« 18 » қаңтар 2012 ж.
«Глубокое ауданының ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
К. Синиязов
« 18 » қаңтар 2012 ж.
«Глубокое ауданының медициналық бірлестігі»
комуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорынының директоры
К. Беделманов
« 18 » қаңтар 2012 ж.

19 «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесіне 2012 тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарға тіркеу комиссиясын өткізу туралы КЕСТЕСІ

Глубокое ауданы әкімінің
2012 жылғы 23 қаңтардағы № 19
шешімімен бекітілген
«Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесіне 2012 тіркеу жылында
он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарға
тіркеу комиссиясын өткізу туралы
КЕСТЕСІ
№ р/с
Ел­ді ме­кен­дер­дің, кент­тер мен ауыл­дық округ­тер­дің ата­уы
Жал­пы са­ны
06.02.
07.02.
08.02.
09.02.
10.02.
13.02.
14.02.
15.02.
22.02.
29.02.
05.03
1
Ал­тай­ский кен­ті
15
15
2
Бе­ло­усов­ка кен­ті
39
38
1
3
Боб­ров­ка ауыл­дық окру­гі
16
16
4
Ве­се­лов­ка ауыл­дық окру­гі
6
6
5
Верх­не­бе­ре­зов­ский кен­ті
8
8
6
Глу­бо­кое кен­ті
32
32
7
Ка­ли­нин ауыл­дық окру­гі
5
5
8
Ки­ро­во ауыл­дық окру­гі
21
21
9
Ко­жо­хо­во ауыл­дық окру­гі
20
5
15
10
Крас­но­яр ауыл­дық окру­гі
24
24
11
Куй­бы­шев ауыл­дық окру­гі
9
9
12
Ма­ло­убин­ка ауыл­дық окру­гі
8
8
13
Опыт­но-По­ле ауыл­дық окру­гі
24
24
14
Се­ки­сов­ка ауыл­дық окру­гі
9
9
15
Уша­но­во ауыл­дық окру­гі
15
15
16
Фрун­зе ауыл­дық окру­гі
23
23
17
Че­рем­шан­ка ауыл­дық окру­гі
18
БАР­ЛЫ­ҒЫ:
292
34
29
45
50
38
42
31
23
«Глубокое ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемсі бастығы
подполковник
А. Чункунов

Қолданыстағы