Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в Аулиекольском районе
Күшін жойған
Қаулы
·№ 40
·
23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в Аулиекольском районе
- Атауы (қаз.)
- Әулиекөл ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 40
- Қабылданған күні
- 19.01.2012
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2016 63396_237697.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NG000154
- ЭКБ идентификаторы
- 63396
- Редакция идентификаторы
- 63396_237697
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:19
0 Әулиекөл ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әулиекөл ауданы бойынша барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындарында, ұйымдары мен мекемелерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыздың шамасында квота белгіленсін.
2 2. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналасу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Ж. Калиевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Әулиекөл ауданының
жұмыспен қамту әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
ММ бастығы
_____________ Р.С. Нұғманова