Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил организации деятельности подготовительных отделений организаций высшего и (или) послевузовского образования Республики Казахстан

Бұйрық · № 554 · қабылданған 30.12.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-63431/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил организации деятельности подготовительных отделений организаций высшего и (или) послевузовского образования Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 554 ·30.12.2011
24.06.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил организации деятельности подготовительных отделений организаций высшего и (или) послевузовского образования Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 554 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил организации деятельности подготовительных отделений организаций высшего и (или) послевузовского образования Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
554
Қабылданған күні
30.12.2011
Көрсетілген редакция
24.06.2024 63431_708559.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007406
ЭКБ идентификаторы
63431
Редакция идентификаторы
63431_708559
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:26

0 Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 40) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін басқару мен үйлестіруді жүзеге асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ж.Қ.Шаймарданов):

1 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.Қ.Орынхановқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"КЕ­ЛІ­СІЛ­ДІ"
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі
____________С. Қай­ыр­бе­ко­ва
30 жел­тоқ­сан 2011 ж.

0 Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары

Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 554 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 40) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

2 2-тарау. Қазақстан Республикасы ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі

2 2. ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын қабылдауды және оқытуды қамтиды.

3 3. ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне ақылы негізде оқуға қабылдауды ЖЖОКБҰ-лар дербес жүзеге асырады.

4 4. Оқуға түсушіге, егер олар «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес алғаш рет оқуды жүзеге асырса, мемлекеттік білім беру тапсырысында тегін оқу мүмкіндігі беріледі.

5

5. ЖЖОКБҰ дайындық бөлімінде мемлекеттік білім беру бойынша оқу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау ЖЖОКБҰ конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

6 6. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау ЖЖОКБҰ-ның ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда немесе ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылады.

7 7. ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне түсу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖОКБҰ арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) электрондық немесе қағаз түрінде қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;

2 2) жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы;

3 3) жалпы орта (жалпы орта), кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы;

4

4) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама.

8 8. ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне түсу үшін шетелдіктер, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар ЖЖОКБҰ арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) электрондық немесе қағаз түрінде қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;

2 2) жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы;

3 3) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы және мөрдің аудармасын қоса алғанда, нотариат куәландырған сканерленген аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда);

4 4) үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама.

9

9. Тұлғалар оқуға қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) бекітілген Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар тану рәсімінен өтеді.

10 10. Конкурсқа қатысу үшін өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰ арқылы күнтізбелік жылғы 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

11 11. Ұсынылған құжаттарды ЖЖОКБҰ осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарына сәйкестігіне құжаттар тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексереді.

ЖЖОКБҰ ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарына сәйкес болса, құжаттар тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттар тапсыруды тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға хабарлама жолдайды. Осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген ұсынылған құжаттар сәйкес келмесе, түсушіге құжаттарды тіркеуден бас тарту туралы хабарлама жіберіледі. Оқуға түсу үшін құжаттарды тіркеуден бас тарту туралы хабарлама алынғаннан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысу үшін қайта тіркеу жүргізіледі.

12

12. Конкурстық іріктеуді өткізу үшін ЖОО оқытушылары қатарынан қабылдау комиссиясы құрылады және Комиссия мүшелерінің құрамынан комиссия төрағасы сайланады. Комиссия мүшелерінің саны оның төрағасын қоса алғанда тақ болып табылады. Конкурстық іріктеуді қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында өткізеді.

13

13. Конкурстық іріктеуді жүргізу тәртібін ЖЖОКБҰ әзірлейді және бекітеді. Конкурстық іріктеуді өткізу кестесін, өткізу күнін, уақыты мен орнын қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және оқуға түсушілердің назарына құжаттарды қабылдау басталғанға дейін жеткізіледі. Тыңдаушылар өздері таңдаған ЖЖОКБҰ-да конкурстық іріктеуден өтеді.

14 14. ЖЖОКБҰ өткізетін конкурстық іріктеуден өту кезінде тыңдаушы оның жеке басын куәландыратын құжатты және құжаттың тіркелгені туралы хабарламаны ұсынады.

15 15. Конкурстық іріктеуді өткізу қорытындылары еркін нысанда Комиссия хаттамасымен ресімделеді және оған комиссия төрағасы мен барлық қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.

Қабылдау комиссиясының хаттамасы негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды қабылдау туралы шешім шығарылады және күнтізбелік жылдың
25 қыркүйегіне дейінгі мерзімде конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың назарына жеткізіледі.
ЖЖОКБҰ меншік нысанына қарамастан конкурстық іріктеу аяқталған күні оның нәтижелерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне береді.

16 16. Дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары қатарына қабылдауды ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылдың 25-28 қыркүйегі аралығында өткізеді.

17 17. ЖЖОКБҰ-лар тыңдаушыларды оқуға қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде дайындық бөлімдеріне қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін Министрлікке ұсынады.

18 18. Дайындық бөлімдерінде оқыту күндізгі оқыту нысаны және қашықтықтан оқыту бойынша жүзеге асырылады. Сабақтар күнтізбелік жылдың 1 қазанынан басталады. Оқу мерзімі – 9 ай.

19 19. Дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары үшін қашықтықтан оқыту:

1 1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы болған жағдайда;

2 2) растайтын құжаттарды ұсына отырып, бала туылған кезде, бала үш жасқа толғанға дейін оны асырап алу;

3 3) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, оқу жылы ішінде тұрғылықты жері бойынша кеткен және шекараның жабылуы, карантин жариялануы себебінен және оларға байланысты емес өзге де мән-жайлар бойынша қайтып оралуға мүмкіндігі жоқ ұлты қазақ адамдар үшін ұсынылады.

20 20. Оқуды аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға оқуды аяқтағаны туралы анықтама (еркін нысандағы) беріледі.

21 21. Дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын ЖЖОКБҰ-дан оқудан шығаруға:

1 1) тыңдаушының өз еркімен оқудан шығу туралы өтініші;

2 2) ЖЖОКБҰ-ның ішкі тәртібін бұзуы негіз болып табылады.

Тыңдаушыны ЖЖОКБҰ-дан шығару ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен ресімделеді, оның көшірмесі оқудан шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Министрлікке жіберіледі.

22 22. ЖЖОКБҰ-лар жыл сайын күнтізбелік жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне дайындық бөлімдерінің өткен кезеңдегі жұмысы туралы қорытынды есеп береді.

23 23. ЖЖОКБҰ-лар дайындық бөлімдері тыңдаушыларының статистикалық және паспорттық есебін жүргізеді.

Қолданыстағы