Об объектах и видах общественных работ для использования труда осужденных, привлеченных к общественным работам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об объектах и видах общественных работ для использования труда осужденных, привлеченных к общественным работам
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2/1
- Қабылданған күні
- 12.01.2012
- Көрсетілген редакция
- 07.02.2013 63442_170132.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.02.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12KC000132
- ЭКБ идентификаторы
- 63442
- Редакция идентификаторы
- 63442_170132
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:22
0 Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлері туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағы негізінде, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлері белгіленсін.
2
2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы N 50/2 "Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлері туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-3-113 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 ақпанда N 7 "Теміртау" газетінде, 2011 жылғы 23 ақпанда N 7 "Зеркало" газетінде жарияланған) күшін жойды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Юрий Викторович Жулинге жүктелсін.
4 4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
5 Теміртау қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 12 қаңтардағы
N 2/1 қаулысына қосымша
Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізімі
N р/б
Кәсіпорындардың атауы
Заңды мекенжайы
Жұмыс түрлері
1
"Шарапат" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Теміртау қаласы, Тәуелсіздік гүлзары, 2
аумақты абаттандыру және жинау
2
"Қалалық мәдени демалу паркі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 13А
аумақты абаттандыру және жинау
3
"Теміртау спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 34А
аумақты абаттандыру және жинау
4
"Теміртау-қызмет" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Теміртау қаласы, Қарағанды шоссесі көшесі, 24-1
аумақты абаттандыру және жинау
5
"Ақтау" мәдени бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ақтау кенті, Карл Маркс көшесі, 5
аумақты абаттандыру және жинау