Құжат мәтініне өту

Об организации молодежной практики

Қаулы · № 2416 · қабылданған 30.01.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-63499/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об организации молодежной практики Күшін жойған Қаулы ·№ 2416 ·30.01.2012
04.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации молодежной практики

Күшін жойған Қаулы ·№ 2416 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации молодежной практики
Атауы (қаз.)
Жастар практикасын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2416
Қабылданған күні
30.01.2012
Көрсетілген редакция
04.06.2012 AI63499_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VN000148
ЭКБ идентификаторы
63499
Редакция идентификаторы
AI63499_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:13

0 Жастар практикасын ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-7) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидасына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Күршім ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жастар практикасын ұйымдастырсын (бұдан әрі - жастар практикасы).

2 2. Жастар практикасы 29 жасқа дейінгі түлектерге ұйымдастырылсын.

3 3. Жастар практикасы ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен мекемелердің тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4 4. Жастар практикасын қаржыландыру уәкілетті орган бекіткен жоспар бойынша ай сайын осы мақсатқа республика бюджетінен қарастырылған қаржы есебінен, жұмыс берушілермен жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асырылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Жастар практикасы ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен мекемелердің тізімі

Күршім ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 30 қаңтардағы
№ 2416 қаулысына қосымша
Жастар практикасы ұйымдастырылатын
кәсіпорындар мен мекемелердің тізімі
Р/с
Кәсіпорындар,
мекемелер
Мамандығы
Ұйымдастырылатын жұмыс орындарының саны
Айлық жалақы мөлшері, теңге
Жастар практикасының ай бойынша ұзақтығы
1
«Күршім ауданының № 1 медициналық бірлестігі» КМҚК (келісімімен)
қаржыгер
3
26000
6
2
«Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
экономист
2
26000
6
3
«Күршім ауданы бойынша Салық басқармасы» ММ (келісімімен)
экономист
2
26000
6
4
«Күршім ауданының қаржы бөлімі» ММ
қаржыгер, экономист
2
26000
6
5
«Күршім ауданының Күршім ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
қаржыгер
1
26000
6
6
«ШҚО статистика департаменті» ММ (келісімімен)
қаржыгер, экономист
2
26000
6
7
«Күршім ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ
қаржыгер, экономист
2
26000
6
8
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК ШҚ облыстық филиалы (келісімімен)
экономист
2
26000
6
9
«Күршім ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» ММ (келісімімен)
экономист
2
26000
6
10
Күршім аудандық сотының кеңсесі (келісімімен)
заңгер, қаржыгер
2
26000
6
11
«Күршім ауданының әділет басқармасы» ММ (келісімімен)
заңгер
2
26000
6
12
«Күршім аудандық ішкі істер бөлімі» ММ (келісімімен)
заңгер
2
26000
6
13
«Күршім ауданының Маралды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
қаржыгер, экономист
2
26000
6
14
«ШҚ облыстық прокуратура Күршім ауданының прокуратурасы» ММ (келісімімен)
экономист
2
26000
6
15
Күршім ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ
заңгер, қаржыгер
2
26000
6
16
«Күршім ауданының білім бөлімі» ММ
педагог
4
26000
6
Күршім ауданы әкімдігінің
«Жұмыспен қамту орталығы»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің директоры                      Б. Мангибаева

Қолданыстағы