Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О реорганизации поликлиник г.Актау

Өзге акт · № 377 · қабылданған 03.04.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6354/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О реорганизации поликлиник г.Актау Күшін жойған 03.04.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О реорганизации поликлиник г.Актау

Күшін жойған Өзге акт № 377 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации поликлиник г.Актау
Атауы (қаз.)
Ақтау қаласындағы емханаларды қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
377
Қабылданған күні
03.04.2000
Көрсетілген редакция
03.04.2000 6354_259194.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V000001171_
ЭКБ идентификаторы
6354
Редакция идентификаторы
6354_259194
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:33
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ақтау қаласындағы емханаларды қайта ұйымдастыру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық әділет департаменті бастығының
02.12.2003 жылғы қорытындысымен.
Облыс әкімінің 2000 ж. 20 ақпандағы № 341 шешімін орындау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы жарлығына және Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің 45 бабына сәйкес денсаулық сақтау саласының көп салалығы мен балаларға алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмекті басымдықпен дамыту мақсатында шешім етемін:

1. № 1 Ақтау қалалық емхана;

№ 2 Ақтау қалалық емхана;
№ 3 Ақтау қалалық емхана
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарын біріктіру арқылы ересек тұрындарға қызмет ететін "Ақтау қалалық емханасы", осымен қатар олардың құрамынан балалар бөлімдерін заңды тұлға ретінде бөлу арқылы "Ақтау балалар емханасы" қайта ұйымдастырылсын.

2. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар "Ақтау қалалық емханасы" мен "Ақтау балалар емханасы" тапсыру акттері және бөлу баланстары бойынша қайта ўйымдастырылған емханалардың құқылары мен міндеттерінің құқықтық иеленушісі болып анықталсын.

3. Облыстық денсулық сақтау басқармасы (Айдарханов А.Т.) белгіленген заңды тәртіппен:

1) емханалардың барлық қызметкерлері болатын қайта ұйымдастыру туралы ескертілсін;

2) жаңадан ұйымдастырылған кәсіпорынға қызметкерлерді мүмкіндігінше көбірек жұмысқа орналастыру шаралары қарастырылсын;

3) емханалардың басшыларын тағайындап, олармен жеке келісім-шарттар жасасын;

4) мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар "Ақтау қалалық емханасы" мен "Ақтау балалар емханасының" жарғыларын жасақтап, бекітсін;

5) әділет басқармасында олардың тіркеуден және қайта тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;

6) бір ай мерзім ішінде бөлу балансы, мүліктерді алу-беру, қайта ұйымдастырылған кәсіпорындардың дебиторлыќ және кредиторлық борыштары, құжаттары жасақталсын;

7) меншік нысанына қарамастан, тендер негізінде мемлекеттік

тапсырыстарды амбулоторлыќ емханалық ўйымдарға орналастыру, Ақтау қаласы тұрғындарына алғышқы медико-санитарлық көмек көрсету қайта қаралсын;

8) осы шешімге байланысты басқа да шаралар қабылдасын.

4. Осы шешімнің орындалысын қадағалау облыс әкімінің орынбасары Бортникке М.М. жүктелсін.