Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Қаулы · № 23 · қабылданған 17.01.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-63554/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций Күшін жойған Қаулы ·№ 23 ·17.01.2012
30.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Күшін жойған Қаулы ·№ 23 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Атауы (қаз.)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
23
Қабылданған күні
17.01.2012
Көрсетілген редакция
30.03.2012 63554_182980.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12ZD000128
ЭКБ идентификаторы
63554
Редакция идентификаторы
63554_182980
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:20

0 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдарда, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2 2. "Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсiн.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Бөкей ордасы
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Ә. У. Ғаббас
17.01.2012 ж.
Батыс Қазақстан облысының
білім басқармасы "№ 18
кәсіптік лицей" мемлекеттік
мекемесінің директоры
_____________А. Ш. Курумбаев
18.01.2012 ж.

5 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 23

аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған
адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші
кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының
жалпы санының екі пайызы мөлшерінде жұмыс
орындарына квота белгіленген ұйымдар

1 1. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Бөкей ордасы аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

2 2. Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 18 кәсіптік лицейі" мемлекеттік мекеме.

Қолданыстағы