Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в Хромтауском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в Хромтауском районе
- Атауы (қаз.)
- Хромтау ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 29
- Қабылданған күні
- 08.02.2012
- Көрсетілген редакция
- 11.05.2016 63575_84251.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12CL000143
- ЭКБ идентификаторы
- 63575
- Редакция идентификаторы
- 63575_84251
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:07
0 Хромтау ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 7-бабының 5-2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына және 37 бабына сәйкес Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Меншік түріне қарамастан Хромтау ауданының кәсіпорындары мен ұйымдары мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан 3 % көлемінде жыл сайын жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2 2. Осы қаулыдан туындайтын іс-шараларды ұйымдастыру «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Сержановқа жүктелсін.
3
3. Хромтау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 25 «Ұйым, кәсіпорын және мекемелерде мүгедектерді жұмысқа алу үшін 2010 жылға жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілердін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-114 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 26 наурызында «Хромтау» газетінде № 14-15 ресми жарияланған) күші жойылды деп саналсын.