Об организации общественных работ по городу Актобе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ по городу Актобе
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 482
- Қабылданған күні
- 06.02.2012
- Көрсетілген редакция
- 13.01.2014 63576_178660.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.01.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12CA000168
- ЭКБ идентификаторы
- 63576
- Редакция идентификаторы
- 63576_178660
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:09
0 Ақтөбе қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармағына және 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін қоғамдық жұмыстың көлемі, түрлері және нақты шарттары қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н. Х. Бөртебаева) осы қаулының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. 451-002-100 «Қоғамдық жұмыстар» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыру көзі анықталсын.
4
4. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 1040 «Ақтөбе қаласы бойынша қоғамдық жұмыстар түрлерін, көлемін бекіту және оларды ұйымдастыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылдың 4 мамырында № 3-1-91 болып тіркелінген, 2008 жылы 13 мамырда № 56-57 «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған), Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 800 «Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 1040 «Ақтөбе қаласы бойынша қоғамдық жұмыстар түрлерін, көлемін бекіту және оларды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 21 сәуірінде № 3-1-131 болып тіркелінген, 2010 жылы 6 мамырда № 57-58 «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. А. Арынғазиеваға жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Қала әкімдігінің
2012 жылғы 6 ақпандағы
№ 482 қаулысына
қосымша
Уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін, қоғамдық жұмыстың көлемі мен түрлері, қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі
№
Мекемелер атауы
Жұмыс және қызмет түрлері
Орындалатын жұмыс және қызмет көлемі табиғи көрсеткіштері
Берілген сұраныс
Бекітілді
Еңбекке қатысушының еңбек ақысының көлемі
Жұмыс орнының саны
Жұмыс орнының саны
1
Қарғалы селолық округінің әкімдігі
Қарғалы селосы, Ақжар ауылы, Ясный селосы, Мағаджан ауылдарының көше бойын, қоқыс жәшіктерінің маңайын жинауға көмек көрсету, ағаштарды кесу, жиектастарды ақтау, қоқыстарды жинап, тазалауға көмек көрсету.
Тұрғындардың мекен-жайын анықтауға көмектесу.
42,5 шақырым
68 көше
3734 аула
15
15
Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген төменгі еңбек ақы
2
Қурайлы селолық округінің әкімдігі
«Ақтөбе-Мәртөк» тас жолы аумағын жинау.
Қурайлы, Георгиевка, Елек, Россовхоз селосы, 39 разъезд елді мекендерін тазалауға көмектесу.
32000 шаршы метр
78200 шаршы метр
28
15
3
Благодар селолық округінің әкімдігі
А. К. Нокин, Пригородный, Садовое елді мекен аумағын жинастыру, қоқысты қолдап тиеп шығару.
505700 шаршы метр
70
25
4
Сазды селолық округінің әкімдігі
Село көшелерін тазалау.
15 шақырым
15
10
5
Новый селолық округінің әкімдігі
Новый, Кұршасай елді мекендерінің көшелерін тазалау.
Округ бойынша аз қамтылған отбасыларды анықтау, халық және мал санағын жүргізу.
«Ауыл шаруашылығы жұмыстары» - малды егу, қолдан ұрықтандыру және бірдейлендіруді компьютерлік базаға енгізу жұмыстарына көмектесу.
24900 шаршы метр
1735 отбасы
Ірі қара 2660,
Ұсақ мал 5623
22
12
6
«Ақтөбе қалалық әділет басқармасы» ММ
Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу,
архивтік жұмыс
19780 дана
2300 дана
25
16
7
«Қалалық әлеуметтік жәрдем орталығы» ММ
Ғимаратты тазалауға көмектесу
195,1 шаршы метр
1
1
8
Ақтөбе Аймақтық ғылыми- өндірістік сот сараптама зертханасы
Аула тазалауға көмектесу
3000 шаршы метр
1
1
9
«Ақтөбе облысы бойынша Салық департаменті» ММ
Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу
4800 дана
6
3
10
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық
Техникалық жұмыс: құжаттарды рәсімдеуге көмектесу, курьерлік жұмыс
15368 дана
10
5
11
«Ақтөбе облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті» ММ
Техникалық жұмыс: құжаттарды рәсімдеуге көмектесу, курьерлік жұмыс
31000 дана
5
5
12
«Ақтөбе қаласы бойынша Салық басқармасы» ММ
Құжаттарды өңдеуге көмектесу.
курьерлік жұмыс
49632 дана
15840 дана
50
50
13
«Ақтөбе қаласы ішкі істер басқармасы» ММ
Қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесу
Консьерж үшін жаңа жұмыс орындары ашылуына қарай
70
40
14
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы» ММ
Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу
5634 дана
5
3
15
«Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» ММ
Ғимаратты тазалауға көмектесу
Курьерлік жұмыс
830 шаршы метр
9385 дана
21
10
16
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Ақтөбе облыстық сотының кеңсесі
Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу,
Курьерлік жұмыс
58388 дана
71153 дана
60
60
17
«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ
Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу.
4711 дана
4
2
18
«Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу.
Ғимаратты тазалауға көмектесу,
Аумақты тазалауға көмектесу.
Курьерлік жұмыс.
28782 дана
1969 шаршы метр
8314,58 шаршы метр
1760 дана
40
15
19
«Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» ММ
Техникалық жұмыстар: құжаттарды өңдеуге көмектесу.
Курьерлік жұмыс.
Картотека жұмысы.
44100 дана
42800 дана
48000 дана
55
55
20
«Ақтөбе облысының Әділет департаменті» ММ
Техникалық жұмыстар: құжаттарды өңдеуге көмектесу.
71316 дана
20
10
21
«Ақтөбе облысы Сот актілерін орындау департаменті» ММ
Техникалық жұмыс: құжаттарды өңдеуге көмектесу.
Курьерлік жұмыс
112200 дана
47060 дана
30
30
22
«Ақтөбе облысы ішкі істері департаменті» ММ
Техникалық жұмыстар: құжаттарды өңдеуге көмектесу
92400 дана
10
5
23
Ақтөбе облысының прокуратурасы
Техникалық жұмыстар: құжаттарды өңдеуге көмектесу
1300 дана
8
6
24
Ақтөбе қалалық прокуратурасы
Техникалық жұмыстар: құжаттарды өңдеуге көмектесу
1200 дана
2
2
25
М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп- интернат
Аула тазалауға көмектесу
8936 шаршы метр
3
1
26
Ақтөбе облыстық тарихи- өлкетану музейі
Аула тазалауға көмектесу
274,6 дана
1
1
27
«Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ
Техникалық жұмыстар: құжаттарды өңдеуге көмектесу
1800 дана
2
1
28
«Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» ММ
Техникалық жұмыстар: құжаттарды өңдеуге көмектесу
1400 дана
1
1
Барлығы:
608
400
Қоғамдық жұмыстың нақты шарттары.
Жұмыс аптасы 5 күн, екі демалыс күндерін құрайды, 8 сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат. Еңбек ақысы еңбек табелінде көрсетілген нақты жұмыс уақытына байланысты жұмыссыздың жеке есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.