Об организации социальных рабочих мест
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации социальных рабочих мест
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 02/01
- Қабылданған күні
- 13.02.2012
- Көрсетілген редакция
- 13.02.2012 AI63582_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12KJ000144
- ЭКБ идентификаторы
- 63582
- Редакция идентификаторы
- AI63582_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:05
0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесі бекітілсін.
2 2. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушімен нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы шарттар жасау жұмыстарын жүргізсін.
3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетін адамдардың орташа айлық аударымдар мөлшері жұмысқа орналасушылардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда алғашқы алты айда айлық жалақы мөлшерінің 50%, келесі үш айда 30%, соңғы бір айда 15% құрайды, жұмыс берушілердің бірлесіп қаржыландыру үлесі «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және жұмыс берушінің арасында жасалған шартпен айқындалады және айлық жалақының 50% кем емес мөлшерін құрайды (қосымша).
4 4. Күші жойылды деп танылсын:
1
1) Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 07/12 "Ақтоғай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 8-10-85 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 маусымдағы N 24 (7190) "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған);
2
2) Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 ақпандағы N 02/25 "Ақтоғай ауданында нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 8-10-102 болып тіркелген, 2010 жылғы 26 ақпандағы N 8 "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған);
3
3) Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 04/02 "Ақтоғай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 8-10-111 болып тіркелген, 2010 жылғы 09 сәуірдегі N 14 "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған).
5 5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары С. Әбеуоваға жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
10 Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 13 ақпандағы
N 02/01 қаулысына қосымша
Өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесі
N
Ұйымның атауы
Кәсіп (мамандық)
Жұмыс орындарының саны
Жұмыс ұзақтығы (айлар)
Айлық жалақы мөлшері, теңге
Өтемақы мөлшері, теңге
1
Қарағанды облыстық филиалы акционерлік қоғамы "Қазпошта" Ақтоғай атыраптық пошта байланыс бөлімшесі
Пошта таратушы
1
6 айға дейін
17439
8719,50 6 ай
2
«Берер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Жұмыскер
3
6 айға дейін
17439
8719,50 6 ай
3
Ақтоғай ауданы әкімдігі Ақтоғай ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары «Ақ қайың» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Жұмыскер
2
6 айға дейін
17439
8719,50 6 ай
4
«Метжанова Т.» жеке кәсіпкер
Аспаз
Автокөлік жүргізуші
2
1
10 айға дейін
52000
26000 6 ай, 15600 3 ай, 7800 1 ай
5
«Кокеева Алияш» жеке кәсіпкер
Жұмыскер
6
10 айға дейін
52000
26000 6 ай, 15600 3 ай, 7800 1 ай
6
«Ақтоғай инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Менеджер
2
10 айға дейін
52000
26000 6 ай, 15600 3 ай, 7800 1 ай
7
«Елеубекова Гүлжазира» жеке кәсіпкер
Аспаз
1
10 айға дейін
52000
26000 6 ай, 15600 3 ай, 7800 1 ай
Барлығы
18