Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О порядке финансирования государственных казенных предприятия здравоохранения области

Өзге акт · № 285 · қабылданған 28.12.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6361/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О порядке финансирования государственных казенных предприятия здравоохранения области Күшін жойған 28.12.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О порядке финансирования государственных казенных предприятия здравоохранения области

Күшін жойған Өзге акт № 285 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О порядке финансирования государственных казенных предприятия здравоохранения области
Атауы (қаз.)
Облыстық мемлекеттік қазыналық денсаулық сақтау Кәсіпорындарын қаржыландырудың тәртібі туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
285
Қабылданған күні
28.12.1999
Көрсетілген редакция
28.12.1999 6361_258576.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V000001171_
ЭКБ идентификаторы
6361
Редакция идентификаторы
6361_258576
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:44
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыстық мемлекеттік қазыналық денсаулық сақтау

кәсіпорындарын қаржыландырудың тәртібі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық Әділет
басқармасы бастығының 02.12.2003 жылғы қорытындысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегi № 1364 "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi Агенттiгiнiң "Денсаулық" Республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын құру туралы" қаулысына сәйкес шешiм етемiн:

1. Бағдарламаның әкiмшiлiгi - облыстық денсаулық сақтау басқармасы медицина қызметтерiн өтеу орталығынан мемлекеттiк тапсырыспен жўмыс жасайтын облыстыќ мемлекеттiк қазыналық медициналық кәсiпорындарын төмендегi бағдарламалар бойынша қаржыландыруға қабылдасын:

5.2.262.30. "Жергiлiктi дәрежедегi қан өндiрiсi (ауыстырғыштар)";
5.2.262.31. "Салауатты өмiр салтын насихаттау";
5.5.262.32.. "Қорұстаушының үлгiсi бойынша алғашқы медико-тазалық көмек көрсету";
5.5.262.33. "Тұрғындарға жергiлiктi дәрежеде тұрақты және мамандандырылған көмек көрсету";
5.5.262.34.30. "Аурудың түрлерiне байланысты кейбiр санаттағы азаматтарды дәрi-дәрмектермен қамтамасыз ету";
5.55.262.34.31. "Кейбiр санаттағы азаматтарды арнаулы азық-түлiк және емдiк тағамдармен қамтамасыз ету".

2. Қазақстан Республикасы Агенттiгiнiң бұйрығына сәйкес медицина кәсiпорындарын қаржыландыру мәселелерiне байланысты iстер мен мүлiктердi қабылдап алып - беру үшiн төмендегi құрамда комиссия құрылып, бекiтiлсiн (жалғанады).

3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы:

медицина кәсiпорындарын атқаратын 7 штат бiрлiгiнен тұратын білiм ашып, оның денсаулық сақтауға арналған қаражат шегiнде ұсталуын қарастырсын;
облыстық медициналық өтеу орталығынан ұйымдастыру техникаларын Денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Агенттiгiнiң бұйрығына сәйкес қайтарымсыз балансынан балансысына қабылдап алсын;
өзiнiң Ережесiне тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.

4. Медицина кәсiпорындарының 31 желтоқсан 1999 жылғы жағдай бойынша 1999 жылы орындалған және өтелген медициналық қызметтерiн қосып есептегенде, қызмет көрсетушiлердiң тексеру актiлерiмен анықталған (тауарлар, қызметтер) несиелiк борыштарын облыстық медицина қызметтерiн өтеу орталығы 2000 жылдың 29 қаңтарына дейiн тапсырып, облыстық денсаулық басқармасы оны қабылдап алсын.

5. Облыстық денсаулық басқармасы:

2000 жылға арналған шығыстар сметасын жасақтауды;
2000 жылға арналған тарифтiк келiсiмдi 1999 жылғы 29 желтоқсанға дейiн жасасуды;
мемлекеттiк тапсырысты орындауға арналған тендердi 2000 жылдың 20 қаңтарына дейiн өткiзудi;
медицина кәсiпорындарының мемлекеттiк тапсырысты орындауы үшiн медициналық кәсiпорындармен келiсiм-шартты 2000 жылдың 10 ақпанына дейiн жасауды;
медициналық кәсiпорындардың бюджет қаржыларын мақсатты пайдалануын тұрақты бақылап отыруды қамтамасыз етсiн.

6. Еңбек ақы және әлеуметтiк салықтардың 1999 ж. желтоқсан айын қосып есептегенде толықтай қаржыландырылєаны, есеп-тiзiмдеменi талдау "Денсаулыќ" Республикалық мемлекеттiк қазыналыќ кәсiпорнына мiндеттелгенi қаперге алынсын.

7. 2000 жылға арналған медицина кәсiпорындарының медициналық қызметтерiн төлеуi мемлекеттiк тапсырыс шегiнде 656745,0 мың.теңге сомасында белгiленсiн.

8. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.М. Бортникке жүктелсiн.

9 Облыс әкімінің

№ 285 шешіміне қосымша
28.12.1999 ж.
Комиссия құрамы
Бортник Михаил Михайлович - облыс әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасы
Комиссия мүшелері:
Айдарханов Арман Тергеуович - денсаулық сақтау
басқармасының бастығы
Бердавлетов Сулейман - облыстық медициналық
Бердавлетович өтеу орталығының бастығы
Джоламанова Зауре - денсаулық сақтау
басқармасының бас есепшісі
Бегина Ольга Ивановна - облысық медициналық
өтеу орталығының бас есепшісі