Отдельные вопросы Республиканского государственного предприятия "Казарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)"
Қолданыста
Қаулы
·№ 1039
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Отдельные вопросы Республиканского государственного предприятия "Казарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)"
- Атауы (қаз.)
- "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1039
- Қабылданған күні
- 09.07.2000
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI6369_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P000001039_
- ЭКБ идентификаторы
- 6369
- Редакция идентификаторы
- AI6369_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:22
0 "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері
"Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына берілсін.
2 2. Мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығының субъектісі функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгіленсін.
3 3. Қосымшаға сәйкес Кәсіпорынның еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруына рұқсат етілсін.
4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
5 5. Мыналардың күшін жойылды деп танылсын:
1 1) "Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі жекелеген мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 наурыздағы N 278 қаулысы 9-тармағының 2) тармақшасы;
2 2) "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы N 592 қаулысы 1-тармағының 3) тармақшасы;
3 3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы N 592 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 наурыздағы N 345 қаулысы1-тармағының 2) тармақшасы.
6 6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Кәсіпорынның қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
7 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
13 "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны еншілес кәсіпорындарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 10 шілдедегі
N 1039 қаулысына
қосымша
"Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны еншілес кәсіпорындарының тізбесі