Құжат мәтініне өту

Об оказании дополнительной социальной помощи социально уязвимым категориям граждан

Өзге акт · № 24 · қабылданған 07.02.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 01.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-63691/on/2026-09-01/
Басып шығарылды 2026-09-01 · adilet.kz
Об оказании дополнительной социальной помощи социально уязвимым категориям граждан Қолданыста Өзге акт ·№ 24 ·07.02.2012
07.08.2012 редакциясы
01.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании дополнительной социальной помощи социально уязвимым категориям граждан

Қолданыста Өзге акт ·№ 24 · 01.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании дополнительной социальной помощи социально уязвимым категориям граждан
Атауы (қаз.)
Азаматтардың әлеуметтік әлжуаз санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
24
Қабылданған күні
07.02.2012
Көрсетілген редакция
07.08.2012 AI63691_2.kaz
Соңғы өзгеріс
07.08.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12CL000146
ЭКБ идентификаторы
63691
Редакция идентификаторы
AI63691_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:07

0 Азаматтардың әлеуметтік әлжуаз санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік Кодексінің 56 бабының 4 тармағына сәйкес және азаматтардың әлеуметтік әлжуаз санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Төмендегі мөлшерде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:

1

1) Мемлекеттік зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығының Хромтау аудандық бөлімшесінің ай сайынғы тізіміне сәйкес әскери борышын орындауға байланысты емес мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектікке душар болған мүгедектерге, жалпы ауруларына байланысты 1, 2, 3 топ мүгедектеріне, бала күнінен 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге және он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 3 мың теңге;

2 2) «Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ай сайынғы тізіміне сәйкес үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға - 1 айлық есептік көрсеткіш;

2 2. Мемлекеттік зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығының Хромтау аудандық бөлімшесінің тізіміне сәйкес мерекелік даталарға байланысты төмендегі мөлшерде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:

1 1) Халықаралық балаларды қорғау күніне кәмелеттік жасқа толмаған (18 жасқа дейінгі) балаларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына 20 мың теңге;

2 2) Халықаралық қарттар күніне Ақтөбе облысы алдындағы ерекше еңбегі үшін арнаулы жәрдемақы алушыларға, ең төменгі зейнетақыдан да төмен мөлшерде зейнетақы алушыларға - 10 мың теңге;

3 3) туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық ұйымнан жазылып шыққан туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға емделіп шыққан соң қосымша тамақтануға табысын есепке алмағанда - он еселік айлық есептік көрсеткіш;

4 4) алынып тасталды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012.08.07 № 50 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

5 5) алынып тасталды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012.08.07 № 50 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат                   Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы                       хатшысы
Юшкевич Е.П.                         Молдашев Д.Х.

Қолданыстағы