Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил осуществления мониторинга реализации государственного социального заказа

Қаулы · № 269 · қабылданған 29.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-63722/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении Правил осуществления мониторинга реализации государственного социального заказа Күшін жойған Қаулы ·№ 269 ·29.02.2012
19.07.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил осуществления мониторинга реализации государственного социального заказа

Күшін жойған Қаулы ·№ 269 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил осуществления мониторинга реализации государственного социального заказа
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
269
Қабылданған күні
29.02.2012
Көрсетілген редакция
19.07.2016 AI63722_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.07.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000269
ЭКБ идентификаторы
63722
Редакция идентификаторы
AI63722_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:55

0 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 ақпандағы
№ 269 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және уәкілетті органның мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметіне мониторингті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2 2. Мониторингті уәкілетті орган мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету жөнінде уақтылы және жедел шаралар қабылдау мақсатында жүзеге асырады.

2 2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру тәртібі

3 3. Уәкілетті орган мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру

мониторингін жүргізуді кезең-кезеңмен жүзеге асырады және:

1 1) деректерді жинауды;

2 2) деректерді өңдеуді;

3 3) деректерді талдауды қамтиды.

4 4. Уәкілетті орган мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жарты жылда бір рет мынадай көрсеткіштер бойынша өткізеді:

1

1) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында, басқа да стратегиялық құжаттарда айқындалған мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша іске асырылатын әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобалардың ықпалы;

2 2) мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында қойылған міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша іске асырылған әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобалардың ықпалы;

3 3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша іске асырылған бағдарламалар, жобалар шеңберінде мақсатты аудиторияны қамтудың толықтығы;

4 4) мемлекеттік органның мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруы нәтижесінде мақсатты аудиторияның мүддесі мен қажеттілігін қанағаттандыру деңгейі;

5 5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бағдарламалардың, жобалардың орындалуына жұмсалған бюджет қаражатының көлемі;

6 6) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша өнім берушінің біліктілік деңгейі.

5 5. Мемлекеттік органдар уәкілетті органға жыл сайын 10 шілдеге және 10 қаңтарға осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу туралы ақпарат ұсынады.

6

6. Уәкілетті орган мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратты жинақтайды, осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген көрсеткіштерге сәйкестігі мәніне талдайды және қорытылған мәліметтер мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне есепті кезеңнің 25 тамызына және 25 ақпанына жолдайды.

7 7. Мемлекеттік органдар есепті кезеңге арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша жұмыстарды жоспарлау кезінде уәкілетті органның осы Қағидаларға сәйкес мониторинг нәтижесінде әзірленген ұсынымдарын басшылыққа алады.

8

8. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша мемлекеттік органдардағы жұмыстың жай-күйі туралы қорытылған ақпаратты дайындау кезінде уәкілетті орган мемлекеттік органдар ұсынған немесе мемлекеттік органдардан түскен ақпаратпен қатар үкіметтік емес ұйымдар ұсынған мәліметтерді, сондай-ақ әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерін пайдалануы мүмкін.

Қолданыстағы