Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения Реестра поставщиков государственного социального заказа

Қаулы · № 270 · қабылданған 29.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-63723/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения Реестра поставщиков государственного социального заказа Күшін жойған Қаулы ·№ 270 ·29.02.2012
19.07.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения Реестра поставщиков государственного социального заказа

Күшін жойған Қаулы ·№ 270 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения Реестра поставщиков государственного социального заказа
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
270
Қабылданған күні
29.02.2012
Көрсетілген редакция
19.07.2016 AI63723_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.07.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000270
ЭКБ идентификаторы
63723
Редакция идентификаторы
AI63723_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:55

0 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 ақпандағы
№ 270 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізеді және уәкілетті органның www.mk.gov.kz. интернет-ресурсына орналастырылады.

2 2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу тәртібі

3 3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімі мынадай мәліметтерді қамтитын тізбені білдіреді:

1 1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушісінің атауы;

2 2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушісінің орналасқан орны, байланыс телефондары және электрондық мекенжайы;

3 3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушісінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы құжаттың нөмірі және күні;

4 4) тапсырыс берушінің атауы;

5 5) көрсетілетін қызметтің атауы;

6 6) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға шарт жасалған күн - шарттың жасалған күні, айы, жылы;

7 7) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шартының аумақтық қазынашылық бөлімшелерде тіркелген күні;

8 8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шартының орындалу мерзімі - шарттың орындалатын айы және жылы;

9 9) ескертпе (ескертпеде осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 3)және 8) тармақшаларында көзделген мәліметтердің өзгерістері көрсетіледі).

4 4. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шарты күшіне енгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген мәліметтерді уәкілетті органға жібереді.

5 5. Мемлекеттік органнан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілері туралы келіп түскен мәліметтерді уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізіліміне енгізеді.

6 6. Мемлекеттік органдар осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 3) және 8) тармақшаларында көзделген мәліметтердің өзгергені туралы ақпаратты өзгерістер туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жазбаша жібереді.

7 7. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізіліміне өзгерістерді уәкілетті орган мемлекеттік органдардан келіп түскен жазбаша ақпарат негізінде бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.

Қолданыстағы