Об утверждении Правил ведения Реестра поставщиков государственного социального заказа
Қаулы
· № 270
· қабылданған 29.02.2012
Заңдық күші:
Күшін жойған
· 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-63723/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения Реестра поставщиков государственного социального заказаКүшін жойған19.07.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of
replacing it: speech control matches what a person can read on the
button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same
way. #}
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
0Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 270 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізеді және уәкілетті органның www.mk.gov.kz. интернет-ресурсына орналастырылады.
2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу тәртібі
3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімі мынадай мәліметтерді қамтитын тізбені білдіреді:
1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушісінің атауы;
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушісінің орналасқан орны, байланыс телефондары және электрондық мекенжайы;
3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушісінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы құжаттың нөмірі және күні;
4) тапсырыс берушінің атауы;
5) көрсетілетін қызметтің атауы;
6) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға шарт жасалған күн - шарттың жасалған күні, айы, жылы;
7) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шартының аумақтық қазынашылық бөлімшелерде тіркелген күні;
8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шартының орындалу мерзімі - шарттың орындалатын айы және жылы;
4. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шарты күшіне енгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген мәліметтерді уәкілетті органға жібереді.
5. Мемлекеттік органнан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілері туралы келіп түскен мәліметтерді уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізіліміне енгізеді.
6. Мемлекеттік органдар осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 3) және 8) тармақшаларында көзделген мәліметтердің өзгергені туралы ақпаратты өзгерістер туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жазбаша жібереді.
7. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізіліміне өзгерістерді уәкілетті орган мемлекеттік органдардан келіп түскен жазбаша ақпарат негізінде бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.
ЖИ-көмекші
Заңгер таңдап, заң бойынша не маңызды екенін айтамын