Құжат мәтініне өту

О мерах по организации социальных рабочих мест в Улытауском районе

Қаулы · № 02/01 · қабылданған 14.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-63760/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О мерах по организации социальных рабочих мест в Улытауском районе Күшін жойған Қаулы ·№ 02/01 ·14.02.2012
15.11.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мерах по организации социальных рабочих мест в Улытауском районе

Күшін жойған Қаулы ·№ 02/01 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по организации социальных рабочих мест в Улытауском районе
Атауы (қаз.)
Ұлытау ауданының әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
02/01
Қабылданған күні
14.02.2012
Көрсетілген редакция
15.11.2021 63760_546927.kaz
Соңғы өзгеріс
15.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12KP000077
ЭКБ идентификаторы
63760
Редакция идентификаторы
63760_546927
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:04

0 Ұлытау ауданының әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1 бабына және 4 бабының 2 тармағының 5) тармақшасына, Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасының 4.3.1 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы N 972 қаулысына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Нысаналы топтары қатарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің тізімі N 1 Қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. "Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі) Ұлытау ауданының әкімдігі коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту орталығы) заңда белгіленген тәртіппен Жұмыспен қамту бөлімінде немесе Жұмыспен қамту орталығында тіркелген нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша он екі айға дейін жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.

3

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша шараларды қаржыландыру облыстық бюджеттегі 037 "Әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі бағдарламаларын кеңейтуге арналған аудандық бюджетінің ағымдағы мақсатты түрде трансферті" бағдарламасы бойынша көзделген облыстық бюджеттегі ағымдағы трансферттердің, сондай-ақ 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламасы 103 "Республика бюджетінің ағымдағы нысаналы трансферттері есебінен әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" қосымша бағдарламасында көзделген Ұлытау ауданының бюджеті есебінен жүзгізілсін;

4

4. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетін адамдардың орташа айлық аударымдар мөлшері жалпы трансферттер сомасынан жұмысқа орналастырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда алғашқы алты айда жалақы мөлшері 50 % дейін немесе 26 000 теңге, келесі үш айда 30 % дейін немесе 15600 теңге, соңғы үш айда 15 % дейін немесе 7800 теңге мөлшерінде белгіленсін, жұмыс берушілердің бірлесіп қаржыландыру үлесі Жұмыспен қамту бөлімі, Жұмыспен қамту орталығы және жұмыс берушінің арасында жасалған шартпен айқындалады және айлық еңбекақының 50 % кем емес мөлшерін құрайды.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары Берік Базылұлы Ақышбековке жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа және 2012 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.

7 Нысанды топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын, жұмыс берушілердің тізімі

Ұлытау ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 14 ақпандағы
N 02/01 қаулысына қосымша
Нысанды топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын, жұмыс берушілердің тізімі
N
Ұйымының атауы
Кәсіп (мамандығы)
Жұмыс орындарының саны
Жұмыс уақыты (айлар)
Айлық,жалақы мөлшері (теңге)
Өтемақы мөлшері (теңге)
1
"Смағұлов Е.Қ." жеке кәсіпкер
Есепші, оператор
2
12-айға дейін
52000
26000, 6 ай
15600, 3 ай
7800, 3 ай
2
"Жақанов А.Қ." жеке кәсіпкер
Оператор
2
12-айға дейін
52000
26000, 6 ай
15600, 3 ай
7800, 3 ай
3
Жеке шаруа "Бас көң"
Жұмысшылар
2
12-айға дейін
52000
26000, 6 ай
15600, 3 ай
7800, 3 ай
4
"Жараспаева Б." жеке кәсіпкер
Оператор
2
12-айға дейін
52000
26000, 6 ай
15600, 3 ай
7800, 3 ай
5
"Бақаева Г." жеке кәсіпкер
Аспазшы
1
12-айға дейін
52000
26000, 6 ай
15600, 3 ай
7800, 3 ай
6
"Дос" ауылдық тұтыну кооперативі
Жұмысшы
1
12-айға дейін
52000
26000, 6 ай
15600, 3 ай
7800, 3 ай
7
"Сарысу" шаруа шаруашылығы
Жұмысшылар
5
6-айға дейін
26000
26000, 6 ай
Барлығы:
15

Қолданыстағы