Құжат мәтініне өту

О мерах по организации социальных рабочих мест в городе Приозерск

Қаулы · № 5/1 · қабылданған 16.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-63764/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О мерах по организации социальных рабочих мест в городе Приозерск Күшін жойған Қаулы ·№ 5/1 ·16.02.2012
12.10.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мерах по организации социальных рабочих мест в городе Приозерск

Күшін жойған Қаулы ·№ 5/1 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по организации социальных рабочих мест в городе Приозерск
Атауы (қаз.)
Приозерск қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5/1
Қабылданған күні
16.02.2012
Көрсетілген редакция
12.10.2012 63764_170155.kaz
Соңғы өзгеріс
12.10.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12KR000269
ЭКБ идентификаторы
63764
Редакция идентификаторы
63764_170155
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:03

0 Приозерск қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 316 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы", қаулысына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің тізімі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. "Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Битин Б.Е.), "Приозерск қаласының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Қарсыбекова Р.У.):

1 1) осы қаулының қосымшасында көрсетілген әрбір жұмыс берушімен халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы шарт жасасын;

2

2) заңда белгіленген тәртіппен "Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде және "Приозерск қаласының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тіркелген нысаналы топтары қатарындағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберсін.

3

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша шараларды қаржыландыру нысаналы трансферттер шегінде қалалық бюджетте қарастырылған 037 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға республикалық бюджеттен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттері" бюджеттік бағдарламасы бойынша, сондай-ақ Приозерск қаласының бюджеті есебінен қарастырылған 002 "Еңбекпен қамту бағдарламасы" бюджеттік бағдарламасының 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" және 103 "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" кіші бағдарламалары бойынша жүргізілсін.

4 4. Жұмысқа қабылданғандардың еңбекақы төлемі үшін жұмыс берушілер шығынының ай сайынғы өтемақы мөлшері міндетті зейнетақы жарналарын және жеке табыс салығын қосқанда, жалақы мөлшерінен алғашқы алты айда 50 пайызды, келесі үш айда 30 пайызды, соңғы үш айда 15 пайызды құрайды.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

9 Приозерск қаласы әкімдігінің

2012 жылғы 16 ақпандағы
N 5/1 қаулысына қосымша
Нысаналы топтары қатарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің тізімі
N р/с
Ұйымның атауы
Кәсібі (мамандығы)
Жұмыс орындарының саны
Жұмыс ұзақтығы (айлар)
Бір жұмыскерге айлық жалақы мөлшері, теңге
Бір жұмыскерге өтемақы мөлшері, теңге
1
Жеке кәсіпкер Көбенов О.Ш
Қосалқы жұмысшы
1
Алғашқы алты айда
52 000
26 000
Келесі үш айда
52 000
15 600
Соңғы үш айда
52 000
7 800
2
"Жайлау-2008" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қосалқы жұмысшы
2
Алғашқы алты айда
52 000
26 000
Келесі үш айда
52 000
15 600
Соңғы үш айда
52 000
7 800
3
"СтройПремиум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қосалқы жұмысшы
6
Алғашқы алты айда
52 000
26 000
Келесі үш айда
52 000
15 600
Соңғы үш айда
52 000
7 800
4
"Приозерск қаласының әкімдігі Приозерск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өнер және спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қосалқы жұмысшы
1
Алғашқы алты айда
52 000
26 000
Келесі үш айда
52 000
15 600
Соңғы үш айда
52 000
7 800
5
"Қалқан-2009" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Жүргізуші
5
Үш айда
34 878
17 439
Қосалқы жұмысшы
10
Үш айда
34 878
17 439
6
"Гранд құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қосалқы жұмысшы
5
Үш айда
34 878
17 439
Барлығы:
30

Қолданыстағы