О лицензировании производства, передачи и распределения тепловой энергии по Актюбинской области Күшін жойған
Басқа 0
Ақтөбе облысында жылу энергиясын
өндіруді, беруді және таратуды лицензиялау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының Әділет басқармасы бастығымен бекітілген нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеуінің жойылуы туралы 2000 жылғы 17 тамыздағы қорытындысы.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 1895 қаулысына қосымшалар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1894 қаулысына сәйкес және "Жылу энергиясын өндіру, беру және тарату" қызметінің түрін лицензиялау үрдісін оңтайлау мақсатында облыс Әкімі Шешім етті:
Тармақ 1
1. 100 Гкал/сағ жылу өндіру көздерін қоса алғанда, сағатына 100 Гкалға белгіленген жылу қуатын өндіретін жылу энергиясының көздерінен жылу энергияны өндіруді, беруді және таратуды лицензиялаудың қоса тіркелген Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақтөбе облысы бойынша жылу энергиясын өндіретін, беретін және тарататын шаруашылық жүргізуші субъектілерге лицензия беру жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі өкілетті орган (лицензиялаушы) болып облыстық экономика басқармасы Н. Әбдібеков белгіленсін.
З. Облыстық экономика басқармасы (Н. Әбдібеков) бір ай мерзім ішінде лицензия алушыларға (100 Гкал/сағ дейін белгіленген жылу қуатын өндіретін жылу энергия көздерін жылу энергиясын өндіру, беру және тарату жөніндегі объектілері бар шаруашылық жүргізуші объектілерге) лицензия беру кестесін әзірлесін және қазандық қуаты 500 кВт астам шаруашылық жүргізуші субъектілеріне 2000/2001 жылғы жылыту маусымы басталғанға дейін лицензия беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. 100 Гкал/сағ жылу өндіру көздерін қоса алғанда, 1 Гкал/сағ дейін белгіленген жиынтық жылу қуатын өндіретін жылу энергия көздерінен өндіруді, беруді және таратуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер лицензияландырылатын объектілерді сапалық талаптарға сәйкестендірсін және облыстық экономика басқармасының кестесіне сәйкес белгіленген мерзімде лицензияландырылатын қызметке лицензия алсын.
Тармақ 5
5. "Мемлекеттік энергия сараптау" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе бөлімшесі (Е. А. Айдаров) лицензияланушылар лицензия алу үшін осы Ережелермен белгіленген қорытындыны уақытында берсін және облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарманың "Мемлекеттік бу қазандыктарын бақылау" мекемесімен бірге жылу энергиясы көздерінің талапқа сай пайдалануын жүйелі түрде бақылансын.
Тармақ 6
6. Ақтөбе облысы бойынша салық комитеті (Е. Ж. Имантаев) осы шешіммен бекітілген лицензиялық қызметі үшін лицензиялық алымның толық және уақытында аударылыуна бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары С. Ш. Мұқашевқа жүктелсін.
Басқа 7
Облыс Әкімінің
2000 жылғы "20" наурызда
№ 41 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
100 Гкал/саг жылу өндіру көздерін коса алғанда, қуатты 100 Гкал/сағ дейін белгіленген жиынтық жылу қуатын өндіретін жылу энергия көздерінен жылу энергиясын өндіруді, беруді және таратуды лицензиялаудың
ЕРЕЖЕЛЕРі
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. 100 Гкал/сағ жылу өндіру көздерін қоса алғанда, 100 Гкал/сағ дейін белгіленген жиынтық жылу қуатын өндіретін жылу көздерінен жылу энергиясын өндіруді, беруді, таратуды лицензиялаудың Ережелері "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар 1995 жылғы 17 сәуірдегі Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы № 2201 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы Қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан қаулысына қаулысын жүзеге асыру туралы 29 желтоқсандағы № 1894 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10-желтоқсандағы № 1895 сәйкес жасалды.
Тармақ 2
2. Осы Ереже заңды тұлғаларға 100 Гкал/сағ жылу өндіру көздерін коса алғанда, 100 Гкал/сағ дейін белгіленген жиынтық жылу қуатын өндіретін жылу көздерінен жылу энергиясын өндіру, беру, тарату өндірісіне байланысты лицензиялық қызметпен айналысу құқына лицензия берудің тәртібін белгілейді.
Бөлім 2. 2. Лицензия беру тәртібі
2. Лицензия беру тәртібі
Тармақ 3
3. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгілеген үлгісі бойынша арыз;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 3
3) арыз беруші тәжірибесінің (сапалық) деңгейін және лицензияландырылатын қызметке қойылатын талаптардың сәйкестігін растайтын құжаттар;
Тармақша 4
4) лицензияландырылатын қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия алу үшін мемлекеттік энергияны бақылау органдарының қорытындысы;
Тармақша 5
5) лицензиялық алымды төлегендігін растайтын құжат.
Тармақ 4
4. Лицензиялық алымның мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен анықталады.
Тармақ 5
5. Лицензия Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген үлгісі бойынша ресімделеді және қатаң есептегі құжат болып табылады. Бланктерді есепке алу және сақтау мемлекеттік өкілетті органға (лицензиялаушы) жүктеледі.
Тармақ 6
6. Лицензияланатын қызмет түрі бөлімшелерде, өкілдіктерде, бірнеше оқшауланған объектілерде жүргізілген жағдайда бұл объектілердің көрінікті орындарында лицензия беруші белгілеген үлгідегі лицензияның реквизиттері көрсетілген ақпарат ілінуі қажет.
Тармақ 7
7. Іс-әрекетінің мерзімі шектелмеген тұрақты, негізгі лицензия және мемлекеттік энергия мен техникалық бақылау органдары талап ететін шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мерзіміне арналған айырықша уақытша лицензия беріледі.
Тармақ 8
8. Егер заң актілерінде өзгеше мерзім белгіленбесе, лицензиялар барлық қажетті құжаттарымен қоса арыз берілген күннен бастап бір ай мерзімнен, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін — он күн мерзімнен кешіктірмей беріледі.
Тармақ 9
9. Лицензиясы жоғалған жағдайда лицензиаттың дубликат алуға құқығы бар. Лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша лицензиар лицензияның дубликатын беруді он күн ішінде орындайды. Бұл орайда лицензиат жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым төлейді.
Тармақ 10
10. Лицензияға лицензия беруші басты орган немесе осыған өкілетті тұлға
кол кояды және лицензиялаушының мөрімен куәландырылады.
Бөлім 3. 3. Лицензиялаушының құқығы мен міндеттері
3. Лицензиялаушының құқығы мен міндеттері
Тармақ 11
11. Лицензияланушы:
Тармақша 1
1) лицензияның іс-қимылын уақытша тоқтату, тоқтату немесе кері қайтарып алу мәселелері бойынша барлық материалдармен танысуға, сондай-ақ, осы материалдарды лицензиялаушының қарауы кезінде қатынасуға;
Тармақша 2
2) лицензияны беруден бас тартқан жағдайда бір ай мерзім ішінде сот арқылы шағымдануға құқылы;
Тармақша 3
3) лицензиат лицензиясын қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімге сотқа беру жолымен шағым жасауға құқылы. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың заңдылығы туралы сот шешімі болған жағдайда оны тоқтата тұру мерзімі лицензиар осындай шешім қабылдаған күннен бастап есептелсін.
Тармақша 4
4) Егер лицензия осы Ережелерді немесе басқа да заң актілерінде белгіленген мерзімде берілмесе немесе бастарту арыз берушіге дәлелсіз болып көрінсе, ол бір ай мерзімде бұл әрекеттерге сот тәртібімен шағым жасауға құқылы. Лицензия беруден негізсіз бас тарту немесе белгіленген мерзімде бермеу фактісін анықтағаннан кейін сот лицензия органын сот шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап он күн мерзімде лицензия беруге міндеттейтін шешім шығарады.
Тармақ 12
12. Лицензияланушы:
Тармақша 1
1) технологиялық, санитарлық, нормативтік - экологиялық, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді және басқа да қолданылып жүрген заңдарды сақтауға;
Тармақша 2
2) осы Ережеде мазмұндалған лицензияланушыға қойылатын талаптарды сақтауға;
Тармақша 3
3) техника кауіпсіздігі және техникалық пайдалану ережелерін сақтауға;
Тармақша 4
4) электр және жылу қуатының таратылуын және шығындалуын есептегіш құралдармен жабдықтауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) энергия қуатын үнемдеу, қоршалған ортаны қорғауға, техника қауіпсіздігі және ағымдық, күрделі жөндеулерден өткізу кестесі жөніндегі бағдарламалар мен шараларды әзірлеуге және орындауға міндетті.
Бөлім 4. 4. Лицензияланушының жауапкершілігі
4. Лицензияланушының жауапкершілігі
Тармақ 13
13. Лицензия алу үшін арыз беруші өзі ұсынған құжаттарының дұрыстығына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.
Тармақ 14
14. Лицензияланушы лицензиясыз атқарған қызметі үшін белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.
Лицензиялық тәртіптен белгіленген қызметті лицензиясыз жүзеге асырудан табысты мынадай жағдайларды қоспағанда, салық қызметі органдары тиісті бюджетке алуға тиіс:
Тармақша 1
1) қызмет осы Ережелердің 8-бабында көзделген мерзімдер өтіп кеткен соң жүзеге асырылғанда.
Тармақ 15
15. Лицензиялық алымның бюджетке толық және уақытында аударылуына бақылау жасау салық қызметі органдарымен жүзеге асырылады.
Бөлім 5. 5. Лицензияны есепке алу және лицензиялық қызметті бақылау
5. Лицензияны есепке алу және лицензиялық қызметті бақылау
Тармақ 16
16. Лицензияны есепке алу және лицензиялық ереженің сақталуын бақылау лицензиялаушыға жүктеледі.
Тармақ 17
17. Лицензиялық ереженің сақталуын бақылауға:
Тармақша 1
1) лицензияландырылатын осы қызметтің түріне қойылатын талаптардың оған сәйкестік қызметін тексеру;
Тармақша 2
2) жылыту кезеңінің басталуына объектілердің дайындығын тексеру кіреді.
Тармақ 18
18. Бақылау лицензиялаушының бастамасымен оның бекіткен күнтізбелік жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі, онда кезеңдік және лицензияландырылған субъектілерді тексеруді қамту көзделеді. Тәртіптің бұзылғаны туралы ақпарат түскенде жоспардан тыс тексерулер жүргізіуі мумкін.
Тармақ 19
19. Тексеру қорытындысы актімен ресімделеді, оның үлгісінің лицензиялаушы бекітеді.
Бөлім 6. 6. Лицензия беруден бас тарту, тоқтату, қайтарып алу және уақытша тоқтату.
6. Лицензия беруден бас тарту, тоқтату, қайтарып алу және уақытша тоқтату.
Тармақ 20
20. Егер:
Тармақша 1
1) Лицензиялау үшін қажетті құжаттар толық ұсынылмаса;
Тармақша 2
2) лицензияның берілгені үшін алым төленбесе;
Тармақша 3
3) арыз берушінің тәжірибесі белгіленген (салалық) талаптарға сәйкес болмаса;
Тармақша 4
4) арыз берушіге қатысты осы қызмет түрімен айналысуға тиым салынған соттың шешімі болса;
Тармақша 5
5) заң актілерімен белгіленген басқа да жағдайлар болса, лицензия берілмейді.
Тармақ 21
21. Лицензия беруден бас тарту жөнінде хабар бас тарту себептері көрсетіліп, субъектіге жазбаша түрде қол қою арқылы тапсырылады немесе лицензия беру үшін белгіленген мерзім ішінде пошта арқылы хабар жіберіледі.
Тармақ 22
22. Мынадай жағдайда лицензия өзінің іс-қимылын тоқтатады:
Тармақша 1
1) лицензияны қайтарып алу;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаның қайта құрылуы немесе таратылуы.
Тармақ 23
23. Лицензияның іс-қимылын тоқтатуға байланысты талаптар сот арқылы шешіледі.
Тармақ 24
24. Егер заң актілерімен басқа шаралар көзделмеген болса, лицензия мына жағдайларда сот тәртібімен қайтарылып алынуы мүмкін:
Тармақша 1
1) лицензияда көрсетілген талаптарды лицензияланушы орындамағанда;
Тармақша 2
2) Лицензияның іс-қимылын уақытша тоқтату жөніндегі лицензиялаушының көрсеткен себептері жойылмағанда;
Тармақша 3
3) Лицензияланушыға қызметтің осы түрімен айналысуға сот тиым салғанда.
Тармақ 25
25. Лицензияланушының лицензиялық ережелерді орындамауы тексеру арқылы белгіленеді.
Тармақ 26
26. Лицензияланушы лицензиялық ережені сақтамаса лицензиялаушы лицензияның іс-қимылын алты айлық, мерзімге дейін тоқтатуға құқықты.
Шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясының іс-әрекет тоқтату бақылау және қадағалау жасайтын лицензия беруші, және басқа да мемлекеттік органдардың арызы бойынша жүргізіледі.
Шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясының іс-әрекетін тоқтату туралы арыз өкілетті мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерімен белгіленген тәртіпте және негіздерде сотқа жіберіледі.
Соттың шешіміссіз шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясының заңнамасымен белгіленген ерекше жағдайларда 3 күнге ғана рұқсат етіледі және аталған мерзімде талап-арыз міндетті түрде сотқа көрсетіледі. Сонымен бірге - тоқтату туралы кесім сот шешімі шығарылғанға дейін іс-әрекет етеді.
Тармақ 27
27. Лицензияның іс-қимылын уақытша тоқтату туралы мәселені қарау тексеру қорытындысы бойынша лидензияланушының қатысуымен өткізіледі.
Тармақ 28
28. Лицензияланушы қол қойғызу немесе пошта арқылы (ескертумен) лицензияның іс-қимылын уақытша тоқтату туралы мәселенің қаралатын орны мен күні туралы ескертіледі.
Тармақ 29
29. Лицензияланушы екі қайтара жазбаша шақырылғаннан кейін де келмесе - лицензиялаушы оның қатысуынсыз лицензияның іс-қимылын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 30
30. Егер лицензияланушы лицензияның іс-қимылын уақытша дәлелді себеппен келе алмаған жағдайда тоқтату туралы мәселе қайта қаралады.
Тармақ 31
31. Лицензияның іс-қимылын уақытша тоқтату туралы лицензиялаушының шешімі лицензияланушыға қол қойғызу тапсырылады немесе пошта арқылы (ескертумен) жіберіледі.
Тармақ 32
32. Лицензиялаушы лицензияның іс-қимылы уақытша тоқтату себептерін жойғанынан кейін лицензияның іс-қимылы қайта басталады, ол жөнінде лицензияланушы жазбаша түрде қол қойғызу арқылы немесе пошта арқылы (ескертумен) жіберіледі.
Тармақ 33
33. Лицензияның іс-қимылын қайта бастау туралы шешім жүргізген тексеруден кейін қабылданады.
Бөлім 7. 7. Лицензияландырылатын субъектілерге қойылатын кәсіби тәжірибе (салалық) талаптары.
7. Лицензияландырылатын субъектілерге қойылатын кәсіби тәжірибе (салалық) талаптары.
Тармақ 34
34. Лицензияландырылатын қызметпен айналысу құқығы өндіріспен, жылу қуатын беру және таратуды жүзеге асыратын, кәсіби тәжірибесінің (сапалық) деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес келетін шаруашылық жүргізуші субъектіге беріледі.
Тармақ 35
35. Кәсіби тәжірибе (сапалық) талаптарына мыналар енгізіледі:
Тармақша 1
1) жұмыс істейтін энергиямен жабдықтау жүйесінің өлшемі мен тәртібі бойынша (көрнеуі, қуаттың жиілігі, релейлік және апатқа қарсы қорғау) технологиялық сыйысушылықты қамтамасыз ету жөніндегі қызметтері;
Тармақша 2
2) жобалық құжаттарға және іс-қимыл жасайтын санитарлық, экологиялық нормаларға, электрөртжарылғыш қауіпсіздігі талаптарына, техника қауіпсіздігі және техникалық пайдалану бейімделген және технологиялық есептегіш тарату арнаулы өндірістік ғимараттар;
Тармақша 3
3) жабдықтарды, механизмдерді бейімделгендері және құралдарды пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін қызметтер; оперативтік — диспетчерлік басқару және байланыс желілері; еңбек қауіпсіздігін бақылау; метрологиялық камтамасыз ету;
Тармақша 4
4) мемлекеттік энергияны бақылау органының және энергияны үнемдеу, қоршалған ортаны қорғау және техникалық қауіпсіздік жөніндегі белгілі тәртіпте бекітілген нұсқаулардың, бағдарламалардың және шаралардың корытындысы, жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін ағымдық және күрделі жөндеулердің кестелері;
Тармақша 5
5) пайдалану жағдайында шетелдік жұмысшы күшін тартуға лицензиялары;
Тармақша 6
6) техникалық жетекшілерінің біліктілік құрамының тиісті білімдік деңгейге сәйкестігі және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі барлар, пайдалану және техникалық қауіпсіздік білімі біліктілік тексеруден өткен мамандар.