Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность в Шиелийском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность в Шиелийском районе
- Атауы (қаз.)
- Қызметін Шиелі ауданында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2/8
- Қабылданған күні
- 06.02.2012
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2016 63832_113343.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12LI000217
- ЭКБ идентификаторы
- 63832
- Редакция идентификаторы
- 63832_113343
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:08
0 Қызметін Шиелі ауданында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат (кезектен тыс ІІ сессия) ШЕШЕМІЗ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес қызметін Шиелі ауданында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкасы белгіленсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын қамтамасыз ету "Қызылорда облыстық салық Департаменті Шиелі ауданы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (М. Егембердиев, келісім бойынша) ұсынылсын.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облыстық салық Департаменті
Шиелі ауданы бойынша салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
М. Егембердиев ____________
"06" ақпан 2012 жыл
4 Шиелі аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 6 ақпандағы
N 2/8 шешіміне қосымша
Қызметін Шиелі ауданында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкасы
N
Салық салу объектісінің атауы
Бір айға салық көлемінің тіркелген салығының ставкасының мөлшері (Айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
3
2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
4
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
1
4
Ойын жолы
15
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
4