О некоторых вопросах Службы охраны Президента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Службы охраны Президента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 147c
- Қабылданған күні
- 07.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2014 AI63841_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1100000147
- ЭКБ идентификаторы
- 63841
- Редакция идентификаторы
- AI63841_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:40
0 Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Құпия.
2 2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) "Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 20, 201-құжат):
аталған Жарлыққа 4-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің жоғары офицерлік құрамының адамдары атқаруы тиіс лауазымдар тізбесі
Президент Күзет қызметінің бастығы - генерал-лейтенант
Күзет қызметі бастығының бірінші
орынбасары - Президент қауіпсіздік
қызметінің бастығы - генерал-майор
Күзет қызметі бастығының орынбасары - генерал-майор";
2
2) "Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет органдары мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 380-құжат; 2008 ж., № 14, 123-құжат):
аталған Жарлыққа 8-қосымшада:
"С-S-2" санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Аппарат басшысының орынбасары";
"С-S-3" санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Заң қызметінің бастығы";
3 3) құпия;
4
4) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 234-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; 2006 ж., № 38, 420-құжат; № 39, 429-құжат; 2008 ж., № 14, 123-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат):
2-тармақтың бірінші абзацындағы ", 15-1" цифрлары алып тасталсын;
15-1-қосымша алып тасталсын.