О порядке ввоза, реализации и использования нефтепродуктов в Алматинской области Күшін жойған
Басқа 0
Алматы облысында мұнай өнімдерінің тасылып әкеліну, сатылу және пайдаланылу тәртібі туралы
📌 Ескерту. Мемлекеттік тіркеудің күші жойылды - Алматы облыстық Әділет Басқармасының 2002 жылғы 28 маусымдағы НҚА мемлекеттік тіркеудің күші жойылуы туралы қорытындысымен.
Алматы облысының аумағына тасылып әкелінетін және сатылатын мұнай өнімдерінің сапасын бақылауды, экологиялық жағдайды сауықтыруды, тұтынушылардың құқығын қорғауды, салық пен басқа да міндетті төлемдердің облыс бюджетіне түсуін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мұнай өнімдерінің тасылып әкелінуін және сатылуын бақылауды үлестіру жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әріде Комиссия) құрылсын.
Тармақ 2
2. Бекітілсін:
- Комиссияның құрамы, № 1 қосымшаға сай;
- мұнай өнімдерінің тасылып әкеліну, сатылу және пайдаланылу тәртібі, № 2 қосымшаға сай;
- автомобильге жанармай құю станциясының пайдалануға жарамдылығы туралы Куәліктің нысаны, № 3 қосымшаға сай;
- автомобильге жанармай құю станциясына қойылатын талаптар, № 4 қосымшаға сай;
Тармақ 3
3. 1999 жылғы ақпанның 1-нен бастап "Мұнай өнімдерінің тасылып әкеліну, сатылу мен пайдаланылу тәртібі" енгізілсін.
Тармақ 4
4. Алматы облысы аудандары мен қалаларының әкімдері бір айлық мерзім ішінде автомобильге жанармай құю станциясын орналастыруға бұрын берілген рұқсаттарды осы шешіммен сәйкестікке келтірсін.
Тармақ 5
5. Комиссия төрағасы бір апта мерзім ішінде теміржолдың кірме жолдары мен Алматы облысының аумағында орналасқан және мұнай өнімдерін қабылдайтын, сақтайтын, босататын автомобильдерге жанармай құю станцияларын тексеру жөніндегі жұмысшы топ құрсын. Жұмысшы топтың құрамына тиісті бақылаушы органдар мен қызметтердің өкілдерін енгізсін.
Тармақ 6
6. Белгіленсін:
- объектілердің жоғары экологиялық және өрт қауіпі бар екенін ескеріп, Алматы облысы бойынша мұнай өнімдерінің әкелінуі мен сатылуына бақылауды үйлестіру жөніндегі облыстық комиссияның жұмысшы тобының 6 айда бір рет автомобильге жанармай құю станцияларын тексеріп отыруы;
- АЖҚС-ң (АЗС) пайдалануға жарамдылығы туралы Куәлік беруге оны пайдалануға беру актісі, кейіннен қосылатын Комиссия жұмысшы тобының тексеру актісі негіз болатыны.
Тармақ 7
7. Халықаралық Қазақстандық агроөнеркәсіп биржасының апта сайын салық комитеті мен Алматы облысында мұнай өнімдерінің әкелінуі мен сатылуына бақылауды үйлестіру жөніндегі комиссияға мұнай өнімдерімен сауда мәмілелері туралы мәліметтер беріп тұратыны жайлы ұсынысы қабылдансын.
Тармақ 8
8. Көлік және байланыс бөлімі екі апталық мерзім ішінде облыстық
Мәслихаттың сессиясында қарау үшін мұнай өнімдерін тасып әкелуді, сатуды және пайдалануды реттейтін қолданыстағы нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік санкцияларды қатайту туралы ұсыныстар әзірлеп, енгізсін.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары
В. Меренковқа жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы шешім баспасөзде жариялануға және әділет органдарында
тіркелуге жатады.
Басқа 11
Алматы облысы Әкімінің
1999 ж. 02 ақпандағы № 2-22
шешіміне № 1 қосымша
Мұнай өнімдерінің әкелінуі мен сатылуын бақылауды
үйлестіру жөніндегі облыстық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Меренков В.П. - Алматы облысы Әкімінің орынбасары, Комиссияның төрағасы
Адасбаев Е.А. - Алматы облысы экономика басқармасының бастығы, Комиссия төрағасының орынбасары
Қорабаев М.Т. - Алматы облысы Әкімі аппараты көлік және байланыс бөлімінің бас маманы, Комиссияның хатшысы
Комиссия мүшелері:
Айтжанов А.А. - Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы
Әшіров К.Ә. - Алматы облысы ІІБ жол полициясының бастығы
Баратов Я.С. - Алматы облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу мен бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің төрағасы
Ғаббасова Л.Ғ. - Алматы облысы Әкімі аппараты заң бөлімінің меңгерушісі
Исатаев М.Қ. - Алматы облысы Әкімі аппараты көлік және байланыс бөлімінің меңгерушісі
Құрманғалиев А.Қ. - Алматы облысы көлік департаментінің бастығы
Сәтқалиев М.А. - Алматы облысы бойынша салық комитетінің төрағасы
Садықов А.С. - Алматы мемлекеттік "Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы" кәсіпорнының директоры
Степанов С.И. - Алматы облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы
Талқымбаев А.Қ. - Алматы облыстық санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы
Таубаев Н.А. - Алматы облысының жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы
Фазылов С.А. - Алматы облысы бойынша сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы
Филатов С.А. - Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығының орынбасары
Басқа 12
Алматы облысы Әкімінің
1999 ж. 02 ақпандағы № 2-22
шешіміне № 2 қосымша
Алматы облысында мұнай өнімдерін
әкелу, сату және пайдалану
ТӘРТІБІ
Алматы облысында мұнай өнімдерін әкелу, сату және пайдалану тәртібі (кейін - Тәртіп) Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 ж. сәуірдің 7-гі Заң күші бар "Товар биржалары туралы" № 2170 Жарлығына, ҚР Министрлер кабинетінің 1995 ж. шілденің 28-гі "Биржалық товарлардың Тізбесін бекіту туралы" № 1035 Қаулысына, ҚР Премьер-министрінің 1998 ж. маусымның 18-гі "Контрабандалық товарлардың Қазақстан Республикасына әкелінуіне және Қазақстан Республикасынан әкелінуіне тыйым салу және мемлекеттік бақылауды күшейту туралы" № 115-ө өкіміне, Мемқалатехбақылау 1996 ж. қазанның 25-де бекіткен "Жылжымайтын контейнерлік және жылжымалы автожанармайқұю станцияларын техникалық пайдалану ережелері", сондай-ақ басқа қолдалынып жүрген нормативті және ведомстволық актілер мен нормаларға сәйкес енгізіледі. Мұнай өнімдерін пайдалануды регламенттеудің мақсаты - Алматы облысындағы экологиялық жағдайды сауықтыру, мұнай өнімдерін әкелу, сату және пайдалануға тиісті бақылау жүргізу, жанар-жағар май материалдарын пайдаланатын тұтынушылардың құқығын қорғау, мемлекеттік бюджетке салық пен басқа міндетті төлемдерді толық жинауды қамтамасыз ету, бақылаушы органдардың автожанармайқұю станцияларын тексеру санын шектеу.
Осы Тәртіпте қолданылатын негізгі ұғымдар
Комиссия - Алматы облысы Әкімінің шешімімен бекітілген. Алматы облысында мұнай өнімдерін әкелу, сату және пайдалануды бақылау ісін үйлестіру жөніндегі облыстық комиссия.
Техникалық пайдалану ережелері - Мемқалатехбақылау 1996 ж. қазанның 25-де бекіткен "Жылжымайтын контейнерлік және жылжымалы автожанармайқұю станцияларын техникалық пайдалану ережелері".
Шаруашылық жүргізуші субъект - мұнай өнімдерін әкелу, сату және пайдалану қызметін жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға.
Автожанармайқұю станциясы (АЖС) - жылжымайтын контейнерлік немесе жылжымалы автожанармайқұю станциясы.
Куәлік - АЖС (АЗС) пайдалануға жарамдылығы жөніндегі куәлік автожанармайқұю станцияларының ГОСТ, СНИП, "Техникалық пайдалану ережелері" және өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкестігі туралы қатаң есеп беру құжаты.
Уәкілетті тұлға - мұнай өнімдерінің әкеліну, сатылу және пайдаланылу Тәртібін сақтауға байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілер тексеру жұмысын жүзеге асыру.
Сәйкестік сертификаты - мұнай өнімдерінің, қолданып жүрген нормативті құжаттармаларға сәйкестендіретін, адамдар өмірінің, денсаулығының және қоршаған ортаның кауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптарының сәйкестігін растайтын ресми құжат.
Жылжымалы зертхана (лаборатория) - мұнай өнімдерінің сапасы тексеру жөніндегі Алматы облысында тіркелген тәуелсіз сынақ зертханасы.
Сынақ (тексеру) хаттамасы - мұнай өнімдерінің сапасын (жылжымалы зертхананың экологиялық талаптарға, белгіленген стандарттарға сәйкестігіне зертханалық тексерулердің жүргізілгенін растайтын ресми құжат).
Уақытша сақтау қоймасы (терминал) - мұнай өнімдерін, қолданылып жүрген нормалар мен ережелерге сәйкес сақтау үшін арнайы жабдықталған жылжымайтын цистерна.
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Тәртіп алматы облысында мұнай өнімдерінің әкелінуі, сатылуы және пайдаланылуы жөніндегі бірегей талаптарды регламенттейді, мұнай өнімдерінің экологиялық талаптарға, өртке қарсы күрес, сондай-ақ жанар-жағар майды пайдаланатын тұтынушылардың құқықтарын қорғау нормалары мен ережелеріне сәйкес сақталуына және сатылуына қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік туғызады.
Тармақ 1.2
1.2. Осы Тәртіптің талаптары Алматы облысының аумағына мұнай өнімдерінің әкелінуін, олардың көтерме және бөлшек сауда жүйесі арқылы сатылуын, сондай-ақ мұнай өнімдерінің кез-келген көлік түрімен тасымалдануын жүзеге асыратын барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 1.3
1.3. Экологиялық талаптар мен белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтін мұнай өнімдерінің әкелуіне, сатылуына және пайдаланылуына тыйым салынады.
Тармақ 1.4
1.4. Мұнай өнімдерінің әкелінуін, сатылуын және пайдаланылуын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, осы қызметті регламенттейтін, қолданып жүрген заңдар нормасын, сондай-ақ экологиялық жағдайды қолдау мен техникалық және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін сақтауға міндетті.
Тарау ii. II. Мұнай өнімдерінің әкеліну, сатылу
және пайдаланылу тәртібі
II. Мұнай өнімдерінің әкеліну, сатылу
және пайдаланылу тәртібі
Тармақ 2.1
2.1. Мұнай өнімдерімен жасалатын келісімдердің тиісті мемлекеттік лицензиясы бар, мұнай өнімдерінің көтерме сауда жөніндегі қызметін ұйымдастырып, ретке келтіруді жүзеге асыратын және ҚР Президентінің 1995 ж. сәуірдің 7-гі Заң күші бар "Товар биржалары туралы" № 2170 Жарлығында, ҚР Министрлер кабинетінің 1995 ж. шілденің 28-гі "Биржалық товарлардың Тізбесін бекіту туралы" № 1035 Қаулысында, ҚР Премьер-министрінің 1998 ж. маусымның 18-гі № 115-ө өкімінде белгіленген тәртіп бойынша жұмыс істейтін товар биржасында тіркелген сату-сатып алу (жеткізу) шарттарымен рәсімделуі тиіс.
Тармақ 2.2
2.2. Мұнай өнімдері темір жол цистерналарымен, тиісті талаптарға сәйкес арнайы жабдықталған терминалдар мен темір жолдың тұйықталған басына әкелінуі тиіс.
Тармақ 2.3
2.3. Мұнай өнімдерін, дайындаушы-завод берген сәйкестік сертификаты болған жағдайда ғана аумаққа әкелуге рұқсат беріледі. Олай болмаған жағдайда мұнай өнімдері, тексеру жүргізілгенге дейін уақытша сақтау (терминалдар) қоймаларында сақталады. Сақтау мен тексеру жүргізу шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 2.4
2.4. Шаруашылық жүргізуші субъектілер, мұнай өнімдерінің әрбір партиясына дайындаушы-заводтың сәйкестік сертификаты мен тексеру хаттамасы болған жағдайда ғана оларды сатуға құқылы.
Тармақ 2.5
2.5. Мұнай өнімдерінің сапасын тексеру мақсатында тиісті бақылаушы қызметтердің қызметкерлері немесе комиссия уәкілдік берген адамдар сынамалар жинайды. Шаруашылық жүргізуші субъектілер, қажетті құжаттар мен сынамаларды кедергісіз беріп тұруға міндетті.
Тармақ 2.6
2.6. Мұнай өнімдеріне зертханалық тексеру жүргізуге және мұнай өнімдерін товар биржасында сату-сатып алу шарттарын тіркеуге байланысты шығындар шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебіне жатқызылады.
Тармақ 2.7
2.7. Облыстың аумағында мұнай өнімдерін отын тасушыларға тиеп алып, сатуға тыйым салынады.
Тармақ 2.8
2.8. Мұнай өнімдерінің жіберілуіне, сатылуына және сақталуына жауапты адамдар, жылжымайтын, контейнерлік майқұю станцияларын техникалық пайдалану және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қолданылып жүрген ережелерге, жанар-жағар майды қабылдау, сақтау және жіберу ережелеріне сәйкес оқуын оқып, жұмыс істеуге рұқсат беретін тиісті куәлік алып шығуға міндетті.
Тарау iii. III. Автожанармайқұю станцияларын пайдалануға
беру және олардың қызметіне бақылау жасау тәртібі
III. Автожанармайқұю станцияларын пайдалануға
беру және олардың қызметіне бақылау жасау тәртібі
Тармақ 3.1
3.1. Автожанармайқұю станцияларының құрылысына, оларды пайдалануға беруге, АЖС-н орналастыруға салу және пайдалануға рұқсат алу тәртібін белгілейтін, қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3.2
3.2. АЖС пайдалануға беру актісі мемлекеттік өртке қарсы күрес, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және энергобақылау органдарымен, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік инспекциямен, стандарт пен өлшеу құралдарына мемлекеттік бақылау органдарымен, сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісіп, облыс Әкімінің орынбасары - комиссия төрағасы бекітеді.
Тармақ 3.3
3.3. АЖС-н пайдалануға беру актісінің болуы, АЖС-н пайдалануға жарамдылығы жөніндегі куәлікті рәсімдеуге негіз болып табылады.
Тармақ 3.4
3.4. АЖС-н пайдалануға жарамдылығы жөніндегі Куәлігі болған жағдайда ғана АЖС-ы қызметін жүзеге асырады. Куәлікті комиссия береді. Куәлік АЖС-ы қызметінің барлық кезеңіне жарамды.
Тармақ 3.5
3.5. Қоршаған ортаны қорғау, ГОСТ, СНИП, "Техникалық пайдалану ережелері" және өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін АЖС-ы ҚР КоАП-қа сәйкес әкімшілік жауапкершілікте (айып төлеу) болып, Куәлігі алынады.
Тармақ 3.6
3.6. Куәлік төмендегі жағдайларда қайта рәсімделуге жатады:
- АЖС-да бақылау-өлшеу құралдары мен механизмдерін ауыстыру;
- отын және май бөлу колонкаларын ауыстыру;
- мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарлар көлемінің өзгеруі;
- АЖС-ы иелерінің ауысуы.
Тармақ 3.7
3.7. Куәлікті толтырып, рәсімдегені үшін алынатын бір жолғы ақыны шаруашылық жүргізуші субъектілер төленгеннен кейін. Куәлік беріледі, қайта рәсімделеді және мерзімі ұзартылады. АЖС-ң пайдалануға жарамдылығы жөніндегі Куәлікті толтырып, рәсімдеуге алынатын ақының мөлшері 10 минималды есептеу көрсеткішіне (МЕК) тең болады.
Тарау iv. IV. Мұнай өнімдерінің АЖС-на қабылдану,
сақталу және сатылу ережелері
IV. Мұнай өнімдерінің АЖС-на қабылдану,
сақталу және сатылу ережелері
Тармақ 4.1
4.1. АЖС-на автоцистерналармен, отынтасығыштармен әкелінетін мұнай өнімдерін АЖС-ң иесі немесе оның уәкілдік берген адамы (оператор) товар-көлік құжаттамасы, сәйкестік сертификаты тексеру хаттамасы мен салық есеп-фактурасы бойынша қабылдап алады.
Тармақ 4.2
4.2. Мұнай өнімдерін АЖС-ң резервуарларына құярдың алдында АЖС-ң иесі немесе, ол жоқ болған жағдайда, оператор автомобиль цистернасының дұрыстығын тексеріп, товардың астында судың бар-жоғын анықтауға міндетті. Сонымен қатар ол, автоцистерналардан мұнай өнімдерінің сынамаларын алып, тығыздығын шын мәніндегі температурасын, сырттан қарап, түр-түсін, мөлдірлігін, судың және техникалық қоспалардың бар-жоғын анықтап, ол жөнінде келіп түскен мұнай өнімдерінің есепке алу және сапа журналына белгі соғады.
Тармақ 4.3
4.3. Мұнай өнімдерінің сапасын сақтау үшін АЖС-ң иесі төмендегілерді жүзеге асыруға міндетті:
- құятын және сүзетін қондырғылардың, отын-май құю колонкаларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- резервуарларға судың түсуіне жол бермеу;
- автоцистерналардан мұнай өнімдері, құю фильтрі арқылы, қысыммен немесе өздігінен ағызып құйылады.
Тармақ 4.4
4.4. АЖС-ң иесі ГОСТ-қа сәйкес төмендегі темір резервуарлардың тазалануын ұйымдастыруға және құжатта белгілеп қоюға міндетті:
- майдың резервуарларын - кем дегенде жылына екі рет;
- автомобиль бензині мен дизель отынының резервуарларын - кем дегенде екі жылда бір рет.
Тармақ 4.5
4.5. АЖС-ғы мұнай өнімдерінің сапасы, мұнай өнімдерін қабылдаған кезде қабылдау-өткізу сараптау көлемінде, айына кем дегенде бір рет ГОСТ-қа сәйкес, тексеріледі. АЖС-на автоцистерналармен келіп түскен мұнай өнімдерін талдау дер кезінде жасалуына және АЖС жөнелткен мұнай өнімдерінің сапасына АЖС-ң иесі жауапкершілікте болады.
Тарау v. V. Жауапкершілік
V. Жауапкершілік
Тармақ 5.1
5.1. Экологиялық талаптарға, өрт қауіпсіздігі жөніндегі ГОСТ-ң нормаларына және сертификаттарға сәйкес келмейтін мұнай өнімдері әкелінген, сатылған және пайдаланылған жағдайда олар ҚР Үкіметінің 1995 ж. желтоқсанның 29-ғы "Сатуға және пайдалануға жарамсыз деп табылған өнімдер мен товарларды жою немесе одан ары қайта өндеу жөніндегі тәртіпті бекіту туралы" № 1891 Қаулысында ескерілген тәртіп бойынша тиісті комиссияның шешімімен жоюға немесе қайта өңдеуге жатады.
Тармақ 5.2
5.2. Товар биржасында тіркелмеген мұнай өнімдері анықталмаған, тексеру үшін сынамалар алуда шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан кедергілер жасалған жағдайда уәкілетті адамдар. Комиссия тиісті шешім қабылдағанға дейін мұнай өнімдерінің сатылуын және пайдаланылуын тоқтата тұруға құқылы.
Тармақ 5.3
5.3. Шаруашылық жүргізуші субъект осы Тәртіпті бұзған, бақылауды жүзеге асырушы органдардың талаптарын орындамаған жағдайда Комиссия тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің алдына, заңда белгіленген тәртіп бойынша АЖС-ң қызметін тоқтатып иесін жауапқа тарту жөнінде өтініш жасауға құқылы.
Тармақ 5.4
5.4. Осы Тәртіп шарттарының бұзылғаны уәкілетті адамдардың да, анықтауы, сондай-ақ шек келтірілмейтін құжаттардың негізінде де анықталуы мүмкін.
Басқа 46
Алматы облысы Әкімінің
1999 ж. 02 ақпандағы № 2-22
шешіміне № 3 қосымша
Қазақстан Республикасы Республика Казахстан
Алматы облысы АППАРАТ АКИМА
Әкімінің аппараты Алматинской области
КУӘЛІК
Мұнай өнімдерінің СВИДЕТЕЛЬСТВО Областная комиссия по
тасылып әкелінуі мен №__________ координации контроля за
сатылуын бақылауды ввозом и реализацией
ұйымдастыру жөніндегі нефтепродуктов
облыстық комиссия
Берілді____________________________________________________________
(шаруашылық жүргізуші субъектінің, филиалдың толық атауы)
__________________________________________________________________
(заңды мекен-жайы, телефоны)
__________________________________________________________________
(АЖҚС-сы иесінің тегі, аты, әкесінің аты, СТТН)
1999 ж._______"______" мұнай өнімдерінің тасылып әкелінуі мен сатылуын
бақылауды ұйымдастыру тобы тексеру жүргізгені және аталған АҚЖС-ң ГОСТ-ң СНИП-ң,
техниканы пайдалану мен өрт қауіпсіздігі Ережелерінің қолданыстағы нормаларына
сәйкестігін мақұлдайтыны жөнінде.
Куәлік іс-әрекетінің негізгі шарттары: АЖҚС-ң иесі салық заңдарын
сақтауға, "Мұнай өнімдерінің тасылып әкеліну, сатылу және пайдаланылу
тәртібін" орындауға, салық пен міндетті төлемдерді дер кезінде төлеуге
тасылып әкелінетін және сатылатын мұнай өнімдеріне сәйкестік сертификаты
мен сынақ хаттамасын қолында ұстауға міндетті.
Комиссия төрағасы __________________________
М.О. Комиссия хатшысы ___________________________
Берілген күні 1999 ж. _____________"_____"
Басқа 47
Алматы облысы Әкімінің
1999 ж. 02 ақпандағы № 2-22
шешіміне № 4 қосымша
Автомобильге жанармай құю станцияларына
койылатын талаптар
АЖҚС-ы РД-112 РК-002-94 "Жылжымайтын, контейнерлік және жылжымалы автомобильге жанармай құю станцияларын пайдалану Ережелеріне" сай қажетті жабдықтармен және өлшеуіш аспаптармен қамтамасыз етілуге тиісті. АЖҚС-ң иесі "ҚР Мемқалатехқадағалауы" 1996 жылғы қарашаның 25-де бекіткен "Жылжымайтын, контейнерлік және жылжымалы автомобильге жанармай құю станцияларын пайдалану Ережелерінің" талаптарын орындауға міндетті.
Бұдан өзге АЖҚС-да мына құжаттардың болуы керек:
- АЖҚС-ң пайдалануға жарамдылығы туралы Куәлік;
- АЖҚС-ы техникалық пайдаланудың Ережелері;
- техникалық қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтар;
- АЖҚС-ң операторлары үшін мұнай өнімдерін босататын құралдармен жұмыс жөніндегі нұсқаулық;
- жабдықтарды, құралдар мен мүлікті есепке алу журналы;
- АЖҚС-сы жұмыскерінің лауазымдық нұсқаулығы;
- АЖҚС-ң өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылу табелі;
- алынған және сатылатын әрбір ЖЖММ-ң партиясына дайындаушы зауыттың сәйкестік сертификаты;
- мұнай өнімдерінің мемлекеттік лицензиясы бар тауар биржаларында тіркелгені жөніндегі құжат;
- алынған және сатылатын әрбір ЖЖММ партиясына сынақ хаттамасы;
- жадысы фискальды касса аппараты;
- операцияларды жүзеге асырып отыратын кассирдің есеп кітабі;
- өлшеуіш аспаптардың мемлекеттік стандарттау және метрология органдарында тексерілгені жөніндегі журнал, сондай-ақ өлшеуіш құралдарының мемлекеттік тексеруден өткендігі туралы сертификат;
- келіп түскен мұнай өнімдерін есепке алу журналы;
- мұнай өнімдерінің сапасын есепке алу журналы;
- сатылып жатқан мұнай өнімдерінің сипаттамасы, зерттеуден өту күні көрсетілген сынақ хаттамалары берілген хабарламалық табло немесе стенд.