Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О мерах по оздоровлению воздушного бассейна Алматинской области

Өзге акт · № 9-278 · қабылданған 08.09.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-6391/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О мерах по оздоровлению воздушного бассейна Алматинской области Күшін жойған 08.09.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О мерах по оздоровлению воздушного бассейна Алматинской области

Күшін жойған Өзге акт № 9-278 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по оздоровлению воздушного бассейна Алматинской области
Атауы (қаз.)
Алматы облысының әуе бассейнін тазарту шаралары туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9-278
Қабылданған күні
08.09.1999
Көрсетілген редакция
08.09.1999 6391_240426.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99D000097_
ЭКБ идентификаторы
6391
Редакция идентификаторы
6391_240426
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:56
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Алматы облысының әуе бассейнін тазарту шаралары туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 8-87 шешімімен.
Әуе бассейнін тазарту мен ауаға зиянды заттар тастамасы бөлінуін кеміту мақсатында және Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңындағы 55-баптың талаптарына сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Алматы облысының аумағында жанар-жағармай материалдарына зиянды тастаманың бөлінуін едәуір кемітетін қоспаларды міндетті түрде қолдану енгізілсін.

2. Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (А.А. Айтжанов):

- "Экспрус" фирмасымен бірлесе отырып, облыстық әуе бассейнін жанар-жағармай материалдарына қоспа қосу жолымен қорғау шараларын жасасын;
- іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің 1 тармағындағы талап Алматы облысының аумағымен жүретін автокөліктердің барлығына қойылады.

4. "Көлікке фирмалық қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік жол кәсіпорнының Алматы облыстық филиалы (К.Т. Наратауов) Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының келісімінсіз мұнай өнімдері тиелген вагондарды кірме жолдарға алып келмесін.

5. Көлік және байланыс бөлімі (М.Қ. Исатаев), облыс Әкімінің 1999 жылғы 2 қаңтардағы N 2-22 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар берсін.

6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары Ә.Ә. Тойбаевқа жүктелсін.