Құжат мәтініне өту

Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи-выпускников учебных заведений среднего и высшего профессионального образования

Қаулы · № 02/01 · қабылданған 03.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-63916/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи-выпускников учебных заведений среднего и высшего профессионального образования Күшін жойған Қаулы ·№ 02/01 ·03.02.2012
24.09.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи-выпускников учебных заведений среднего и высшего профессионального образования

Күшін жойған Қаулы ·№ 02/01 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи-выпускников учебных заведений среднего и высшего профессионального образования
Атауы (қаз.)
Орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін-жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
02/01
Қабылданған күні
03.02.2012
Көрсетілген редакция
24.09.2012 63916_209426.kaz
Соңғы өзгеріс
24.09.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12KN000164
ЭКБ идентификаторы
63916
Редакция идентификаторы
63916_209426
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:10

0 Орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін-жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, жұмыссыз азаматтарды-орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибесін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерінің аясын кеңейту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса тіркелген жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыратын Нұра ауданының кәсіпорындары, ұйымдары, мекемелерінің тізімі, қаржыландыру көзі және қатысу мерзімі бекітілсін.

2 2. "Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – жұмыспен қамту бөлімі) және "Нұра ауданының жұмыспен қамту Орталығы" (әрі қарай – жұмыспен қамту Орталығы):

1

1) кәсібі бойынша орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарын бітірген, жұмыспен қамту бөлімінде немесе жұмыспен қамту Орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз жастардың арасында Жастар тәжірибесін өткізу жұмысын ұйымдастырсын, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жұмысқа орналасуға жәрдем жасасын;

2 2) тізімге сәйкес жұмыссыздарға-кәсіби оқу түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген жұмыс берушілермен Жастар тәжірибесі аясында жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыруға шарт жасасын;

3 3) жастар тәжірибесін өткізу шараларын қаржыландыру мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылсын.

3

3. Нұра ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы N 10/10 "Орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-14-146 болып тіркелген, 2011 жылғы 4 маусымдағы N 23 аудандық "Нұра" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Данияр Зарлықұлы Мақсұтовқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Ауданы әкімдігінің

2012 жылғы 3 ақпандағы
N 02/01 қаулысына
қосымша
Жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибе ұйымдастыратын Нұра ауданының кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізімі
N
Ұйымның атауы
Кәсіп (мамандық)
Жұмыс орындарының саны
Жұмыстың ұзақтығы (айлық)
Айлық жалақы мөлшері (теңге)
1.
"Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Заңгер
1
6
26 000
2.
"Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Саясаткер
Филолог
Тарихшы
1
1
1
6
6
6
26 000
26 000
26 000
3.
"Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Экономист
Экономист
Әлеуметтік жұмыс
Әлеуметтік жұмыс
1
2
1
1
6
6
6
6
26 000
26 000
26 000
26 000
4.
"Нұра ауданының әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі
Заңгер
5
6
26 000
5.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының филиалы
Заңгер
3
6
26 000
6.
"Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының Нұра аудандық филиалы
Заңгер
1
6
26 000
7.
"Нұра ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Заңгер
2
6
26 000
8.
"Нұра ауданының білім беру, денешынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Есепші
Педагог
1
1
6
6
26 000
26 000
9.
"Нұра ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Есепші
Программист
1
1
6
6
26 000
26 000
10.
"Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Заңгер
Есепші
1
1
6
6
26 000
26 000
11.
"Нұра ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Программист
Есепші
1
1
6
6
26 000
26 000
12.
"Нұра" газетінің редакциясы жауапкершілігі шектеулі серіктстігі
Программист
1
6
26 000
13.
"Нұра ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Экономист
1
6
26 000
14.
"Нұра ауданы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі
Салық ісі
Программист
1
1
6
6
26 000
26 000
15.
"Киевка кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Программист
Есепші
Заңгер
1
1
1
6
6
6
26 000
26 000
26 000

Қолданыстағы