Об утверждения Правил о порядке выделения местным исполнительным органам Алматинской области средств из местного бюджета на представительские расходы и норм представительских расходов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждения Правил о порядке выделения местным исполнительным органам Алматинской области средств из местного бюджета на представительские расходы и норм представительских расходов
- Атауы (қаз.)
- Алматы облыстық жергілікті атқару органдарына өкілдік шығыстар үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлудің тәртібі туралы ережені бекіту және өкілдік шығыстардың нормалары туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 9-305
- Қабылданған күні
- 26.09.1999
- Көрсетілген редакция
- 26.09.1999 6392_240424.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99D000097_
- ЭКБ идентификаторы
- 6392
- Редакция идентификаторы
- 6392_240424
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:54
0 Алматы облыстық жергілікті атқару органдарына өкілдік шығыстар үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлудің тәртібі туралы ережені бекіту және өкілдік шығыстардың нормалары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 8-87 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1299
Қаулысына сәйкес және бюджеттік қаражатты үнемдеу режимін күшейту
мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қоса беріліп отырған:
1. Жергілікті атқару органдарына облыстық бюджеттен қаражатты бөлудің
тәртібі туралы ереже.
2. Өкілдік шығыстардың нормалары бекітілсін.
Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің аппарат басшысы
С.Т. Жүсіповаға жүктелсін.
3 Алматы облысы Әкімінің
1999 жылғы 27 қыркүйектегі
N 9-305 шешіміне N 1 қосымша
Жергілікті атқару органдарына өкілдік
шығыстар үшін жергілікті бюджеттен қаражатты
бөлудің тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже жергілікті атқару органдарына өкілдік шығыстар үшін
жергілікті бюджеттен қаражат бөлудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Өкілдік шығыстар - шетел делегацияларын қабылдау, кеңестерді,
семинарларды, салтанатты және ресми шараларды өткізу үшін тиісті қаржы
жылға арналған жергілікті бюджетте көзделген және жергілікті атқару
органдарына бөлінетін қаражат.
Өкілдік шығыстарға мынадай шығыстар жатады:
1) ресми түскі және кешкі астар, кофе-брейктер, фуршеттер;
2) музыкамен сүйемелдеу;
3) кәде сыйлар, естелік сыйлықтар сатып алу;
4) автокөлік қызметтер;
5) аудармашылардың көрсеткен қызметтеріне төлем жасау;
6) залды жалдау;
7) облыс Әкімі шешімімен өзге де шығыстар.
2. Өкілдік шығыстар үшін жергілікті бюджетте көзделген қаражатты бөлу және пайдаланудың тәртібі
3. Өкілдік шығыстар үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлу облыс
Әкімінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
4. Өкілдік шығыстар үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлу туралы жергілікті атқару органдардың өтініштерін облыс Әкімі:
1) шараны өткізу қажеттілігіне деген негіздеме;
2) ресми делегацияның келу бағдарламасы;
3) шараның әзірлік жұмыс жоспары;
4) қатысушылардың күтілетін саны;
5) белгіленген нормалар шегінде, шығыстардың әрбір бабына негізделген, шығыстардың сметасы;
6) шығыстардың сметалары бойынша облыс қаржы басқармасының қорытындысы бар болған жағдайда қарайды.
5. Осы Ереженің 2-ші тармағының 2),3),6)-шы тармақшаларында көрсетілген шығыстардың баптары бойынша көрсетілген қызметтерді ұсынатын ұйымдардың калькуляцияларын және реквизиттерін жергілікті атқару және өкілетті органдары көрсете отырып, растайтын құжаттарды тапсырады.
3. Бақылау және есептілік
6. Облыстық қаржы басқармасы өкілдік шығыстар үшін бөлінетін
қаражаттың жұмсалуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
7. Өкілдік шығыстар үшін қаражат алған жергілікті атқару және
өкілетті органдары облыстық қаржы басқармасы белгілеген тәртіпте және
мерзімде бөлінген қаражаттың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есепті тапсыруы тиіс.
8. Өкілдік шығыстар үшін бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді
пайдаланылуына жауапкершілік қаражатты алушыға жүктеледі.
28 Алматы облысы Әкімінің
1999 жылғы 27 қыркүйектегі
N 9-305 шешіміне N 2 қосымша
Өкілдік шығыстардың
НОРМАЛАРЫ
Шығыстардың атауы
теңгемен
1. Ресми түскі, кешкі астарды беруге арналған шығыстар делегация үшін күніне бір адамға есептелген есепке негізделіп жүргізіледі.
6500-ге дейін
2. Келіссөздер, мәдени бағдарламалар шаралары уақытында, аудармашылар мен еріп жүрген адамдарды қоса алғанда, күніне бір адамға арналған буфеттік қызмет көрсету
1040-қа дейін
3. Мемлекеттік орган штатында тұрмайтын, делегацияны қабылдайтын аудармашының еңбегіне ақы төлеу (сағатына)
700-ге дейін
4. Көлік шығыстарын төлеу (сағатына)
700-ге дейін
Ескерту: