Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах оказания медицинской помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны

Қаулы · № 1/94 · қабылданған 02.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-63924/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О некоторых вопросах оказания медицинской помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны Күшін жойған Қаулы ·№ 1/94 ·02.02.2012
06.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах оказания медицинской помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны

Күшін жойған Қаулы ·№ 1/94 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах оказания медицинской помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны
Атауы (қаз.)
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға медициналық көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1/94
Қабылданған күні
02.02.2012
Көрсетілген редакция
06.03.2013 63924_153430.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12R0000922
ЭКБ идентификаторы
63924
Редакция идентификаторы
63924_153430
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:10

0 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға медициналық көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2001 жылғы 15 қаңтардағы № 41 "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға медициналық жәрдем көрсетуді одан әрі жақсарту туралы" бұйрығына және IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы XXXХХ сессиясының № 490 "2012-2014 жылдарға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы" (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2011 жылғы 23 желтоқсанда тiркелген № 909) шешімін орындау үшін Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сонымен қатар жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларды стоматологиялық емдеу мен тіс протездерін салу Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасына 2012 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен қамтамасыз етілсін.

2 2. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сонымен қатар жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға стоматологиялық емдеу мен тіс протездерін салу қызметтерін көрсетсін;

2 2) аталған топтағы тұлғаларға көрсетілетін стоматологиялық емдеу мен тіс протездерін салу көлемінің орындалуы мен сапасын бақылауды қамтамасыз етсін.

3

3. Алматы қаласы әкімдігінің "Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектерiне, сонымен қатар жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестiрiлген тұлғаларға медициналық көмек көрсетудiң кейбiр мәселерi туралы" 2011 жылғы 11 сәуiрдегi № 2/215 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде тiркелген № 887, 2011 жылғы 21 сәуiрде "Вечерний Алматы" № 52 және "Алматы ақшамы" № 49 газеттерiнде жарияланған).

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Сейдумановқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы