О реорганизации отдельных предприятий Хозяйственного управления Парламента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации отдельных предприятий Хозяйственного управления Парламента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 310
- Қабылданған күні
- 11.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2015 AI63948_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000310
- ЭКБ идентификаторы
- 63948
- Редакция идентификаторы
- AI63948_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:51
0 Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 130-бабының 1-тармағына және 134-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мынадай республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - кәсіпорын) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына;
2
2) «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Қызметтік тұрғын үйлерді пайдалану жөніндегі дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Қызметтік тұрғын үйлерді пайдалану жөніндегі дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына;
3 3) «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының асханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының асханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін қызмет кәсіпорындар қызметінің мынадай негізгі мәні болып белгіленсін:
«Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны - Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметтік ғимараттарын пайдалану және оның жабдықтау функцияларын орындау;
«Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Қызметтік тұрғын үйлерді пайдалану жөніндегі дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны - Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметтік тұрғын үйлерін пайдалану және оның жабдықтау функцияларын орындау;
«Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Асханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны - Қазақстан Республикасы Парламентінің жабдықтау функцияларын ұйымдастыру және орындау.