Об установлении единых ставок фиксированного налога на единицу объекта налогообложения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога на единицу объекта налогообложения
- Атауы (қаз.)
- Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19
- Қабылданған күні
- 16.02.2012
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2018 63999_331496.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12KN000168
- ЭКБ идентификаторы
- 63999
- Редакция идентификаторы
- 63999_331496
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:03
0 Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Бір салық салу объектілерінен алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Нұра аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы 32 сессиясының N 312 "Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-14-139 болып тіркелген, "Нұра" газетінің 2011 жылғы 22 қаңтардағы N 4 (5192) санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұрақты комиссиясына (Н. Сүлейменов) жүктелсін.
4 4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Аудандық мәслихатының
2012 жылғы 16 ақпандағы
N 19 шешіміне
қосымша
Айына салық салу объектісінің бірлігіне салықтың базалық ставкаларының мөлшері
N
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
1
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
1
3.
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
1
4.
Ойын жолы
5
5.
Карт
2
6.
Бильярд үстелі
3