Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил прохождения учетной регистрации частных нотариусов

Бұйрық · № 30 · қабылданған 31.01.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64050/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил прохождения учетной регистрации частных нотариусов Күшін жойған Бұйрық ·№ 30 ·31.01.2012
23.09.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил прохождения учетной регистрации частных нотариусов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 30 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил прохождения учетной регистрации частных нотариусов
Атауы (қаз.)
Жеке нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
30
Қабылданған күні
31.01.2012
Көрсетілген редакция
23.09.2016 AI64050_4.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007446
ЭКБ идентификаторы
64050
Редакция идентификаторы
AI64050_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:12

0 Жеке нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесін бекіту туралы

"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған жекеше нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесі бекiтілсін.

2 2. "Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 15 тамыздағы № 264 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7074 болып тіркелген).

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Жекеше нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Әді­лет ми­ни­стрі­нің
2012 жы­л­ғы 31 қаң­тар­да­ғы
№ 30 бұй­ры­ғы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Жекеше нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесі

1 1. Жекеше нотариустардың есептік тіркеуден өту ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және жекеше нотариустардың есептік тіркеуден өту шарттары мен тәртібін айқындайды.

2 2. Жекеше нотариустарды есептік тіркеу (бұдан әрі – есептік тіркеу) дегеніміз жекеше нотариус пен оның үй-жайының орналасқан жері туралы мәліметтерді қалыптастыру мақсатында нотариаттық палатаға мүшелікке енген адамдарды аумақтық әділет органында есепке қою.

3 3. Нотариаттық палатаның мүшелігіне енген адам есептік тіркеуден өтуі үшін аумақтық әділет органына осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

Өтінішке мынадай құжаттар:

1 1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;

2 2) аумақтық нотариаттық палата басқармасының оны нотариаттық палатаға мүшелікке қабылдағаны туралы шешімінен үзіндісі;

3 3) аумақтық әділет органының тиісті нотариаттық округтың есептік тіркеуінен шығару туралы бұйрығының көшірмесі (егер өтініш беруші бұрын басқа нотариаттық округте нотариаттық қызметті жүзеге асырған болса);

4 4) жекеше нотариустың меншік құқығын және үй-жайды пайдалану құқығын растайтын құжаты қоса беріледі.

4

4. Аумақтық әділет органы жекеше нотариустың есептік тіркеуге өтініші келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның үй-жайының Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы "31" қаңтар № 29 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7444 тіркелген) Нотариустардың үй-жайына қойылатын талаптарына (бұдан әрі - Талаптар) сәйкес келуіне тексеруді жүзеге асырады.

5 5. Аумақтық әділет органы өтінішті қараудың нәтижесі бойынша өтініш берушіні есептік тіркеуге қою туралы бұйрық шығарады және нотариаттық палатамен бірлесіп оның қызмет ететін аумағын белгілейді.

6 6. Осы Ереженің 3-тармағында көзделген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған немесе жекеше нотариустың үй-жайы Талаптарға сәйкес келмеген жағдайда аумақтық әділет органы есептік тіркеуге қоюдан бас тарту туралы бұйрық шығарады.

7

7. Өтініш берушіні есептік тіркеуге қою және оның қызмет етуіне аумақты белгілеу туралы мәліметтер Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйедегі жекеше нотариустарды есептік тіркеуге қою туралы мәліметтердің электрондық тізіліміне (БНАЖ электрондық тізілімі) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша енгізіледі.

8 8. БНАЖ электрондық тізілімін аумақтық әділет органдары жүргізеді.

9 9. БНАЖ электрондық тізіліміне енгізілетін мәліметтердің толық, дұрыс және уақтылы болуын аумақтық әділет органы бірінші басшысының немесе оның міндеттерін атқарушы тұлғаның бұйрығымен белгіленген аумақтық әділет органының қызметкері қамтамасыз етеді.

10 10. Жекеше нотариустың тегі, аты, әкесінің аты өзгерген не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның телнұсқасын алған жағдайда аумақтық әділет органы жекеше нотариустан тиісті ақпарат түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей БНАЖ электрондық тізіліміне өзгерістерді енгізеді.

Бұл ретте, жекеше нотариус аумақтық әділет органына өзінің деректерінің өзгергені туралы ақпаратына тиісті өзгерістерді растайтын құжаттарының көшірмелерін қоса ұсынады.
Аумақтық әділет органы жекеше нотариустың бұрын берілген мөрін алып қояды және жояды.
Бұл ретте жекеше нотариус жаңа мөрді дайындап болған соң нотариаттық іс-әрекеттер (өзгертілген деректерімен) жасайды.

11 11. Жекеше нотариустың белгіленген аумақтағы үй-жайының орналасқан жері өзгерген жағдайда ол туралы аумақтық әділет органын осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабардар етеді.

Аумақтық әділет органы хабарламаны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жекеше нотариустың үй-жайының Талаптарға сәйкес келуіне тексеру жүргізеді.
Жекеше нотариустың үй-жайының орналасқан жері белгіленген аумақ ішінде өзгерген кезде қайтадан есептік тіркеу талап етілмейді.

12 12. Жекеше нотариустың үй-жайы Талаптарға сәйкес келген кезде аумақтық әділет органы БНАЖ электрондық тізіліміне тиісті өзгерістер енгізеді.

Бұл ретте жекеше нотариус жаңа орналасқан жері бойынша БНАЖ электрондық тізіліміне тиісті өзгерістер енгізілген соң ғана нотариаттық іс-әрекеттер жасайды.

13 13. Жекеше нотариус нотариаттық палата мүшелігінен шығу туралы өтініш берген кезде үш жұмыс күні ішінде нотариатық палата аумақтық әділет органын ол туралы хабарландырады.

14 14. Аумақтық әділет органы хабарлама түскеннен кейін бір айлық мерзім ішінде мынадай шараларды жүзеге асырады:

1 1) жасалынған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын тексеру;

2 2) жекеше нотариустың мөрін алып қою және жою;

3 3) жекеше нотариустың лицензиясын алып қою және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберу (лицензияның қолданысы Заңның 12-бабының 2)-7) тармақшаларындағы негіздер бойынша тоқтатылған болса).

Аумақтық әділет органы нотариаттық палатамен бірлесіп айлық мерзім ішінде нотариаттық құжаттарды қабылдауды және жекеше нотариаттық мұрағатқа табыстауды жүзеге асырады.
Осы тармақта көзделген іс-шараларды жүргізу үшін қосымша уақыт қажет болған жағдайда аумақтық әділет органының басшысы, не оның міндеттерін атқарушы тұлға және нотариаттық палатаның төрағасы оны бір айдан аспайтын мерзімге ұзартады.

15 15. Осы Ережеде көзделген іс-шараларды жүргізудің нәтижелері бойынша аумақтық әділет органы нотариаттық палатамен бірлесіп осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы қорытынды шығарады.

Шығарылған қорытындының негізінде аумақтық әділет органы жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы бұйрық шығарады.

16 16. Жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы мәлімет БНАЖ электрондық тіркеліміне енгізіледі.

1 Өтініш

Же­ке­ше но­та­ри­устар­дың
есеп­тік тір­ке­уден өту ере­же­сін
ере­же­сіне 1-қо­сым­ша
Нысан
_________________(қаласы) облысы
Әділет департаментінің бастығына
_______________________________
___________________________-дан
_______________________________
Өтініш
Сізден ______________________________________________________________
(нотариаттық округтің әкімшілік аумақтық бірлігі көрсетіледі)
__________________________________________ жекеше нотариусы

ретінде есептік тіркеуден өткізуіңізді сұраймын.
Осы өтінішке қоса беріледі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________ _______________________________________
(Қолы) (аты-жөні)
20 __ жылғы "____"_______________

2 Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйедегі ________________________ (қаласы) облысы жекеше нотариустарын есептік тіркеу туралы электрондық тізілімі

Же­ке­ше но­та­ри­устар­дың
есеп­тік тір­ке­уден өту ере­же­сін
ере­же­сіне 2-қо­сым­ша
Нысан
Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйедегі ________________________ (қаласы) облысы жекеше нотариустарын есептік тіркеу туралы электрондық тізілімі
Рет

Же­ке­ше но­та­ри­устың аты-жө­ні
Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың нө­мі­рі, кү­ні
Мем­ле­кет­тік ли­цен­зи­я­ның нө­мі­рі, бер­ген кү­ні
Но­та­ри­ат­тық па­ла­та­ға мү­ше­лік­ке кір­ген кү­ні
Есеп­тік тір­ке­у­ге қой­ы­л­ған кү­ні
Же­ке­ше но­та­ри­устың қыз­мет ете­тін ау­ма­ғы
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Же­ке­ше но­та­ри­уcтың ор­на­лас­қан үй-жайы
Же­ке­ше но­та­ри­устың тұ­ра­тын ме­кен­жайы
Но­та­ри­ат­тық па­ла­та мү­ше­лі­гі­нен шы­ға­ры­л­ған кү­ні
Есеп­тік тір­ке­уден шы­ға­ры­л­ған кү­ні
Жа­з­ба­ны ен­гіз­ген тұл­ға­ның аты-жө­ні (ла­у­а­зы­мы)
Ес­керт­пе
8
9
10
11
12
13

3 Хабарлама

Же­ке­ше но­та­ри­устар­дың
есеп­тік тір­ке­уден өту ере­же­сін
ере­же­сіне 3-қо­сым­ша
Нысан
________________ (қаласы) облысы бойынша
Әділет департаментінің бастығы
________________________________________
________________________________________
____________________________________-тан
Хабарлама
Мен, жекеше нотариус ___________________________________,
(нотариустың аты-жөні. Лицензиясының нөмірі мен берген күні)
өз үй-жайымның орналасқан жерінің өзгергені туралы хабарлаймын
___________________________________________________________________,
(үй-жайының өзгеру себебін көрсетсін)
______________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан.
(үй-жайының орналасқан мекенжайын көрсетсін)
Аумақтық әділет органының көрсетілген үй-жайдың Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2012 жылғы _____________ №_____ бұйрықпен бекітілген
нотариустың үй-жайына қойылатын талаптарына сәйкес келу мәніне тексеру
жүргізуді сұраймын.
Аталған мекенжай бойынша нотариаттық іс-әрекеттер БНАЖ электрондық
тізіліміне өзгерістер енгізілген соң жасалатыны маған белгілі.
Нотариус __________
(қо­лы)
Кү­ні

4 Жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы қорытынды

Же­ке­ше но­та­ри­устар­дың
есеп­тік тір­ке­уден өту ере­же­сін
ере­же­сіне 4-қо­сым­ша
Нысан
Келісілді Келісемін
Нотариаттық палатаның Төрағасы Әділет департаментінің бастығы
______________ (округі) _________ қаласы (облысы)
______________ (аты-жөні) _________________________
20__ ж. "____" __________ 20__ ж. "____" __________
Жекеше нотариусты есептік тіркеуден шығару туралы қорытынды
Әділет департаменті (қаланың, облыстық) нотариаттық палатамен (округтың атауы) бірлесіп нотариаттық практикамен айналысатын жекеше нотариустың (жекеше нотариустың аты-жөні) есептік тіркеуден шығару туралы ұсынған құжаттарын қарап шығып, мыналарды белгіледі.
20__ жылғы "___" ____ (округтың атауы) нотариаттық палатасына жекеше нотариустың (аты-жөні) нотариаттық палатаның мүшелігінен шығу туралы оның өтініші түсті.
(Округтың атауы) нотариаттық палатасы жекеше нотариус (аты-жөні), нотариаттық палатаның басқарма мүшелерінің отырысының хаттамасына (хаттаманың күні) сәйкес нотариаттық палата мүшелігінен шығарды.
20__ жылы "___" ____ (______ қаласы, облысы) Әділет департаментіне (округтың атауы) нотариаттық палатасының жекеше нотариус (аты-жөні) (округтың атауы) нотариаттық палатасы мүшелігінен шығару туралы хабарламасы келіп түсті.
20__ жылы "___" ____ (______ қаласы, облысы) Әділет департаменті жекеше нотариус (аты-жөні) жасаған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығына тексеру жүргізді, ол туралы тексерудің нәтижелері туралы актіде көрсетілген.
Жасалынған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын тексерудің нәтижелері туралы актіге сәйкес жекеше нотариустың (аты-жөні) қызметінде бұзушылықтар анықталған жоқ (бұзушылық болған жағдайда оларды жою туралы іс-шараларды көрсету).
(облыстардың, қаланың) Әділет департаменті жекеше нотариустың мөрін алып қою және жоюды 20__ жылғы "____" ______ актіге сәйкес жүргізді. Жекеше нотариустың құжаттары 20__ жылғы "____" ______ қабылдау табыстау актісіне сәйкес жекеше нотариаттық мұрағатқа берілді. Жекеше нотариус (аты-жөні) 20__ жылғы "____" ______ № ______ жекеше нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы алынды.
Жоғарыда жазылғандардың негізінде жекеше нотариус (аты-жөні) есептік тіркеуден шығаруға болады деп есептейміз.
(аты-жөні, қолы, қорытынды жасаған тұлғаның лауазымы)

Қолданыстағы