О согласии принять пакет акций акционерного общества "Казконтент" из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О согласии принять пакет акций акционерного общества "Казконтент" из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения
- Атауы (қаз.)
- "Қазконтент" акционерлік қоғамы акцияларының пакетін жеке меншіктен республикалық меншікке сыйға тарту шарты бойынша қабылдауды келісу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 333
- Қабылданған күні
- 14.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI64072_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000333
- ЭКБ идентификаторы
- 64072
- Редакция идентификаторы
- AI64072_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:49
0 "Қазконтент" акционерлік қоғамы акцияларының пакетін жеке меншіктен республикалық меншікке сыйға тарту шарты бойынша қабылдауды келісу туралы
"Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамының "Қазконтент" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) акцияларының пакетін республикалық меншікке сыйға тарту шарты бойынша беру туралы ұсынысын қабылдауға келісім берілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;
2 2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
4 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін, толықтырулар
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 14 наурыздағы
№ 333 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін, толықтырулар
1 1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-145-жолмен толықтырылсын:
21-145 "21-145. "Қазконтент" АҚ".
2 2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 304-2-жолмен толықтырылсын: