Құжат мәтініне өту

Об организации социальных рабочих мест в Шетском районе

Қаулы · № 02/01 · қабылданған 23.02.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64085/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации социальных рабочих мест в Шетском районе Қолданыста Қаулы ·№ 02/01 ·23.02.2012
31.07.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации социальных рабочих мест в Шетском районе

Қолданыста Қаулы ·№ 02/01 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации социальных рабочих мест в Шетском районе
Атауы (қаз.)
Шет ауданында әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
02/01
Қабылданған күні
23.02.2012
Көрсетілген редакция
31.07.2013 64085_209722.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12KQ000131
ЭКБ идентификаторы
64085
Редакция идентификаторы
64085_209722
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:00

0 Шет ауданында әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекiту туралы" N 316 қаулысына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында, Шет ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің 2012.06.04 N 14/01 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2 2. "Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (Б. Бекенов), "Шет ауданының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (Б. Исабеков):

1 1) Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнде жұмыссыз ретiнде тiркелген, әлеуметтiк жұмыс орындарында жұмыс iстеуге ниет бiлдiрген нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа жiберу бойынша жұмыс жүргiзсiн;

2 2) осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушiлермен келiсiм шарт жасау туралы жұмыс жүргiзсiн;

3 3) әлеуметтiк жұмыс орындарының ұйымдастырылуының тиiмдiлiгiн бақылау, жасалған шарттардың орындалуы бойынша жұмыс жүргiзсiн;

4 4) әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мониторингiн жүргiзсiн.

3 3. Әлеуметтiк жұмыс орындарға орналыстырған азаматтарға ақы төлеуiн келесi мөлшерде жүргiзілсiн:

1 1) алғашқы алты айда республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен еңбекақыдан 50 пайызы мөлшерiнде және жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен 50 пайыздан аз емес мөлшерiнде;

2 2) келесi үш айда республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен еңбекақыдан 30 пайызы мөлшерiнде және жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен 70 пайыздан аз емес мөлшерiнде;

3 3) соңғы үш айда республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен еңбекақыдан 15 пайызы мөлшерiнде және жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен 85 пайыздан аз емес мөлшерiнде.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шет ауданы әкiмiнiң орынбасары Ә.Ж. Қауымбаевқа жүктелсiн.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

13 Шет ауданы әкiмдiгiнiң

2012 жылғы 23 ақпандағы
N 02/01 қаулысына қосымша
Әлеуметтiк жұмыс орындары құрылатын ауданның ұйымдары, кәсiпорындары және мекемелерiнiң тiзiмi
Реттік N
Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер
Кәсіп (мамандық)
Жоспарланатын жұмыс орындарының саны
Жоспарланатын жұмыстардың ұзақтығы (ай)
Айлық еңбекақы мөлшері, теңге
Жоспарланатын өтемақы мөлшері, теңге
1
"Караганда ПутьСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
бас есепші
1
10 ай
52 000
26 000 6 ай
15 600 3 ай
7 800 1 ай
оператор
1
10 ай
52 000
2
"Дарын" шаруа қожалығы
жүргізуші
2
10 ай
52 000
26 000 6 ай
15 600 3 ай
7 800 1 ай
механизатор
1
10 ай
52 000
3
"Қайрақты" шаруа қожалығы
трактор жүргізуші
2
10 ай
52 000
26 000 6 ай
15 600 3 ай
7 800 1 ай
малшы
2
10 ай
52 000
механизатор
1
10 ай
52 000
4
"Шет аудандық әкімдігінің "Қызмет-А" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
жинаушы
1
8 ай
52 000
26 000 6 ай
15 600 3 ай
7 800 1 ай
аула сыпырушы
1
8 ай
52 000
күзетші
1
7 ай
52 000

Қолданыстағы