Об утверждении категорий автостоянок (паркингов) в целях увеличения базовой ставки для исчисления налога на земли города Сатпаев, выделенные под автостоянки (паркинги)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении категорий автостоянок (паркингов) в целях увеличения базовой ставки для исчисления налога на земли города Сатпаев, выделенные под автостоянки (паркинги)
- Атауы (қаз.)
- Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Сәтбаев қаласының жерлеріне салықты есептеу үшін базалық ставканы ұлғайту мақсатында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25
- Қабылданған күні
- 21.02.2012
- Көрсетілген редакция
- 18.04.2018 64088_318271.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12KF000137
- ЭКБ идентификаторы
- 64088
- Редакция идентификаторы
- 64088_318271
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:01
0 Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Сәтбаев қаласының жерлеріне салықты есептеу үшін базалық ставканы ұлғайту мақсатында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын бекіту туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Сәтбаев қаласының жерлеріне салықты есептеу үшін базалық ставканы ұлғайту мөлшері және автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. "Жер салығының базалық мөлшері туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2001 жылғы 23 тамыздағы ІX сессиясының № 106 шешімінің (2001 жылғы 1 қазанда Қарағанды облысының Әділет басқармасында 441 нөмірімен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Цой Владимир Леонидович) жүктелсін.
4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
5 2012 жылғы 21 ақпан
Сәтбаев қалалық мәслихатының
2012 жылғы 21 ақпандағы 3-сессиясының
№ 25 шешіміне қосымша
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Сәтбаев қаласының жерлеріне салықты есептеу үшін ұлғайтылған базалық ставканы ескерумен автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
Рет №
Автотұрақтардың (паркингтің) типтері
Автотұрақтардың (паркингтің) санаты
Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, Сәтбаев қаласының жерлеріне бір шаршы метр үшін салынатын базалық салық ставкасы (теңге)
Базалық ставканың ұлғайту мөлшері
Ұлғаю мөлшерін есепке ала отырып (теңге), автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Сәтбаев қаласының жерлеріне базалық салық ставкасы
1.
Жер үсті жабық түрдегі автотұрақтар, ашық түрдегі автотұрақтар
1
8,20
10
82,0
2.
Басқа мақсаттағы ғимараттарға қосылып салынған автотұрақтар, басқа мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас салынған автотұрақтар
2
8,20
9
73,8
3.
Ғимараттар астында жер асты шығыңқы ірге немесе жер үстіндегі, төменгі қабаттарында, жертөлелерде орналасқан автотұрақтар
3
8,20
8
65,8