Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Балхашского района"

Ереже · № 2-15 · қабылданған 20.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64103/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Балхашского района" Күшін жойған Ереже ·№ 2-15 ·20.02.2012
07.09.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Балхашского района"

Күшін жойған Ереже ·№ 2-15 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Балхашского района"
Атауы (қаз.)
"Балқаш ауданының құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2-15
Қабылданған күні
20.02.2012
Көрсетілген редакция
07.09.2012 64103_170186.kaz
Соңғы өзгеріс
07.09.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12DF000095
ЭКБ идентификаторы
64103
Редакция идентификаторы
64103_170186
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:02

0 "Балқаш ауданының құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 1–тармағының 12–2)-тармақшасына сәйкес Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса берілген "Балқаш ауданының Құрметті азаматы" атағын беру Ережесі бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тлеубаевқа (келісім бойынша) жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Балқаш аудандық мәслихатының

2012 жылғы 20 ақпандағы
"Балқаш ауданының құрметті
азаматы" атағын беру Ережесін
бекіту туралы N 2-15
шешімімен бекітілген
"Балқаш ауданының құрметтi азаматы" атағын беру
ЕРЕЖЕСI

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы "Балқаш ауданының құрметтi азаматы" атағын беру ережесi" (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес әзiрленген және "Балқаш ауданының құрметтi азаматы" атағын беру тәртiбiн реттейдi.

2 2. "Балқаш ауданының құрметтi азаматы" атағы (бұдан әрi – Атақ):

1 1) ауданның экономикасын, ғылымын және мәдениетiн, өнерiн, бiлiмiн, денсаулық сақтау және әлеуметтiк салаларын дамытуға үлес қосқаны.

2 2) мемлекеттiк және қоғамдық қызметтегi, демократиялық, жариялылық және әлеуметтiк прогресс, рухани және интеллектуалдық әлеуетiн дамытуға қосқан еңбегi.

3 3) спортта, мемлекеттiк және әскери қызметте жеткен жетiстiгi;

4 4) қайырымдылық қызметi және мейiрмандылығы;

5 5) халықаралық келiсiм мен қоғамдық тұрақтылықты, бейбiтшiлiктi, халықтар арасында достық пен ынтымақтастықты нығайту жөнiндегi жемiстi жұмысы;

6 6) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi белсендi қызметі; әдебиет және журналистикада жоғарғы көркем туындылары;

7 7) қоршаған табиғи ортаны сауықтырғаны үшін беріледі.

3 3. Атақ Балқаш ауданының аумағында тұрақты тұрып жатқан ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына еңбек сіңірген Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдiк азаматтарға берiледi.

2 2. Атақты беруге ұсынудың тәртібі

4 4. "Балқаш ауданының құрметтi азаматы" атағын беру туралы шешімді аудан әкімінің ұсынуымен аудандық мәслихат қабылдайды.

5 5. "Балқаш ауданының құрметтi азаматы" атағына ұсыну туралы кепілдемесін ұйымдардың, кәсіпорындардың, ведомстволардың, мекемелердің, қоғамдық бірлестіктердің, шығармашылық одақтардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және басқалардың басшылары аудан әкімі аппаратының қарауына ұсынады.

6 6. Атаққа ұсынылушының кандидатурасы мен мінездемесі ол жұмыс істейтін ұйымның, кәсіпорынның, ведомствоның, мекеменің, қоғамдық бірлестіктің, шығармашылық одақтың, жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе басқаның еңбек ұжымындағы жиналыста қарастырылады.

7

7. Атаққа ұсынылушының әрқайсысына қосымшаға сәйкес награда қағазы толтырылады. Награда қағазында оның жеке басын куәландыратын құжаты бойынша тегi, аты, әкесiнiң аты, жұмыс орнының және лауазымының толық атауы наградаға ұсынылушының жеке басын сипаттайтын мәліметтер, саладағы және осы ұжымдағы жалпы еңбек өтілі, оның нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі мен сапасы туралы мәлімет, жұмысының негізгі нәтижелері көрсетіледі.

8

8. Награда қағазында марапатталушының нақты еңбек көрсеткiштерi мен шығармашылық еңбектерi, қызметiнiң тиiмдiлiгi мен сапасы туралы мәлiметтер, негiзгi жұмыс нәтижелерi баяндалған, сондай-ақ ауданның әлеуметтiк, экономикалық, мәдени және рухани дамуына қосқан нақты үлесi көрсетiлген мiнездеме келтiрiледi.

9 9. Атаққа ұсынылған ғалым, ғылым мен техника қайраткерлерінің награда қағаздарына ғылыми жұмыстарының тізімі, өнертапқыштар үшін – экономикалық тиімділігін көрсете отырып енгізілген жаңалығының тізімі, нотариус куәландырған жаңалығының куәлігінің көшірмесі немесе фотокөшірмелері тіркеледі.

10

10. Награда қағазына ұйымның, кәсіпорынның, ведомствоның, мекеменің, қоғамдық бірлестіктің, шығармашылық одақтың, жергілікті өзін-өзі басқару органының басшылары қол қояды, сондай-ақ басшылардың қолы қойылған ұйымның, кәсіпорынның, ведомствоның, мекеменің, қоғамдық бірлестіктің, шығармашылық одақтың, жергілікті өзін-өзі басқару органының мөрімен бекітіледі.
Награда қағазы компьютерлік техниканы пайдалана отырып, толтырылады. Награда қағазына 3*4 сантиметр көлемінде 2 түрлі-түсті фотосурет тіркеледі.

11 11. Дұрыс ресімделмеген награда құжаттары қарауға қабылданбайды.

12 12. "Балқаш ауданының құрметтi азаматы" атағы берілген адамдарға куәлік, төсбелгі және лента тапсырылады.

13 13. "Балқаш ауданының құрметтi азаматы" кеуде белгісі мен куәлігін аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың хатшысы салтанатты жағдайда тапсырады.

14 14. Тапсырылғаны туралы хаттама жасалып, оған тапсырған адам қол қояды.

3 3. Куәліктің, төсбелгінің және лентаның сипаттамасы

Куәлік

15 15. Куәлік қою көк түсті қатты қаптамадан жасалады, жайылған күйдегі көлемі 6,5х18,5 сантиметр, сыртқы бетінде Балқаш ауданының эмблемасы бейнеленіп, "Балқаш ауданының Құрметті азаматы" деп баспаханалық қаріппен қазақ тілінде жазылған.

16 16. Куәліктің ішкі жағы көгілдір түсті, сол жағында қазақ және орыс тілдерінде: "Балқаш ауданы" деген мәтіндер терілген және асты қызыл желекпен сызылған, куәлік нөмірі, тегі, аты және аудандық мәслихаттың қабылдаған шешімінің нөмірі, берілген күні көрсетіледі.

17 17. Ішкі оң жақ бетте Балқаш ауданының эмблемасы және "Балқаш ауданы" деген сөз бар, ішкі сол жақ бетінде көлемі 3х4 сантиметр болатын сурет (анфас) жапсырылады. Суреттен төмен аудан әкімінің қолы қойылады.

18 18. Куәлікке қойылған қол елтаңбалы мөрмен расталады.

19 Төсбелгі

19. Куәліктің сол жақ беттері ламинатталады.
Төсбелгі

20 20. Төсбелгі төменгі температуралы металл қосындыларынан жасалып, гальваникалық жолмен жұқа қабатты никель мен алтын жалатылған.

21 Лента

21. Атақтың төсбелгісі екі элементтен тұрады: кеудеге тағатын негіз және алқасы. Кеудеге тағатын негіздің іші көк түсті эмальмен құйылған, "Құрметті азаматы" деген жазуы бар. Алқада Балқаш ауданының эмблемасы бейнеленген.
Лента

22 22. Лента ұзындығы – 210 сантиметр, ені – 20 сантиметр көк түсті матадан жасалынған. Лентаның ортасында "Балқаш ауданының Құрметті азаматы" деген жазуы бар. Екі жақ ұшы алтын түсті шашақтармен көмкерілген.

4 4. Атақтан айыру негiздемесi

23 23. Атақ берiлген адам қылмыс жасаған, заңды күшiне енген сот шешімінен кейiн, үлкен қоғамдық наразылық тудыратын жағымсыз мiнез-құлық көрсеткен жағдайда, атақ беру туралы кепілдеме енгізген органның ұсынысы бойынша аудандық мәслихаттың шешiмiмен атағынан айырылады.

24 24. Осы Ереженiң 23-тармағында көрсетiлген негiздемелер бойынша Атақтан айырылған адам Атақ беруге қайта ұсынылмайды.

25 25. Сот шешімі бойынша заңсыз сотталғандар және толық ақталғандардың атаққа құқығы Балқаш ауданы мәслихатының шешімімен қайта қайтарылады.

Қолданыстағы