Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня товаров, работ, услуг ежедневной или еженедельной потребности, приобретаемых заказчиками для обеспечения бесперебойной деятельности, а также из одного источника на период до подведения итогов конкурса либо аукциона и вступления в силу договора о государственных закупках

Қаулы · № 341 · қабылданған 19.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64134/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении перечня товаров, работ, услуг ежедневной или еженедельной потребности, приобретаемых заказчиками для обеспечения бесперебойной деятельности, а также из одного источника на период до подведения итогов конкурса либо аукциона и вступления в силу договора о государственных закупках Күшін жойған Қаулы ·№ 341 ·19.03.2012
03.11.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня товаров, работ, услуг ежедневной или еженедельной потребности, приобретаемых заказчиками для обеспечения бесперебойной деятельности, а также из одного источника на период до подведения итогов конкурса либо аукциона и вступления в силу договора о государственных закупках

Күшін жойған Қаулы ·№ 341 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня товаров, работ, услуг ежедневной или еженедельной потребности, приобретаемых заказчиками для обеспечения бесперебойной деятельности, а также из одного источника на период до подведения итогов конкурса либо аукциона и вступления в силу договора о государственных закупках
Атауы (қаз.)
Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың немесе аукционның қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
341
Қабылданған күні
19.03.2012
Көрсетілген редакция
03.11.2016 AI64134_6.kaz
Соңғы өзгеріс
03.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000341
ЭКБ идентификаторы
64134
Редакция идентификаторы
AI64134_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:48

0

Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың немесе аукционның қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 3) және 24-3) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың немесе аукционның қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi бекітілсін.

2

2. "Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қазандағы № 996 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 41, 467-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың немесе аукционның қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 19 наурыздағы
№ 341 қаулысымен
бекітілген
Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың немесе аукционның қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi

1 1. Тамақ өнімдері.

2 2. Жанар-жағармай материалдары.

3 3. А-4, А-3 форматты "қағаз".

4 4. Жолдарды қыста ұстау жөніндегі жұмыстар.

5 5. Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер.

6 6. Жалғыз және туыссыз қайтыс болған азаматтарды жерлеу жөніндегі қызметтер.

7 7. Монша-кір жуу қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтер.

8 8. Автокөлік қызметтері.

9 9. Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі қызметтер.

10 10. Әкімшілік ғимараттарды ұстау жөніндегі қызметтер:

1 1) ғимараттың ішкі үй-жайларын және қасбетін, сондай-ақ оған жапсарлас аумақты тазалықта ұстау;

2 2) ғимараттарға жапсарлас аумақты абаттандыруды және көгалдандыруды жүргізу және ғимараттардың ішіндегі жасыл екпелерді күтіп-баптау;

3 3) ғимараттардың ішкі үй-жайларын және оған жапсарлас аумақты санитарлық өңдеу;

4 4) оларға жапсарлас аумақтан қоқыс пен қарды шығару;

5 5) күзетпен, сигнализациямен және ғимараттарды, өрт қауіпсіздігі және оған жапсарлас аумақты күзету жөніндегі басқа да қондырғылармен қамтамасыз ету;

6 6) сантехникалық, электромонтаждау жұмыстары.

11 11. Байланыс қызметтері (оның ішінде Интернет, спутниктік, телефон, фелдъегерлік, почта байланысы).

12 12. Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу жөніндегі қызметтер.

13 13. Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру жөніндегі қызметтер.

14 14. Серверлік бөлмелерде өрт сөндіру және ауа баптау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.

15 15. Аппаратты-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.

16 16. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары мен заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми сараптамадан өткізу жөніндегі қызметтер.

17 17. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағын дайындау жөніндегі қызметтер.

18 18. Ғимараттарды, үй-жайларды және (немесе) құрылыстарды жалдау жөніндегі қызметтер.

19 19. Жалданатын ғимараттардың, үй-жайларды және (немесе) құрылыстарды ұстау жөніндегі қызметтер.

20 20. Қызметтік және арнаулы автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтер.

21 21. Ұйымдастыру техникасына шығыс материалдары мен картридждерді толтыру жөніндегі қызметтер.

22 22. Медициналық шығындыларды кәдеге жарату және медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдеу жөніндегі қызметтер.

23 23. Мүгедектерге арналған санитарлық-гигиеналық құралдар.

24 24. Мүгедектер үшін жеке көмекшінің көрсететін әлеуметтік қызметі.

25 25. Естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау маманының қызметі.

26 26. Мүгедектерді арнаулы автокөлікпен тасымалдайтын автокөлік қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер.

27 27. Әкімшілік-аумақтық бірлікті ұстау жөніндегі қызметтер.

1 1) сыртқы жарықтандыру қызметтері;

2 2) декоративтік жарық түсіру қызметтері;

3 3) көшелерді, парктерді, саябақтарды, квартал ішіндегі аумақты жинау (механикалық жинау, қолмен), сондай-ақ қоқыс пен қарды шығарып әкету;

4 4) қазылатын шұқырлардың қондырғысы, одан су тартып шығару және жөндеу;

5 5) нөсер кәрізін пайдалану;

6 6) субұрқақтарды ұстау жөніндегі жұмыстар;

7 7) селге қарсы іс-шаралар;

8 8) кәріздерден ағынды суларды шығару;

9 9) қаңғыбас жануарларды аулап жинау;

10 10) көмілген жерлерді ағымдағы ұстау.

28 28. Объектілерді күзету жөніндегі қызметтер.

Қолданыстағы