О реорганизации акционерных обществ "Алматинский протезно-ортопедический центр", "Петропавловский протезно-ортопедический центр", "Семипалатинский протезно-ортопедический центр"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации акционерных обществ "Алматинский протезно-ортопедический центр", "Петропавловский протезно-ортопедический центр", "Семипалатинский протезно-ортопедический центр"
- Атауы (қаз.)
- "Алматы протездік-ортопедиялық орталығы", "Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы", "Семей протездік-ортопедиялық орталығы" акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 345
- Қабылданған күні
- 20.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2020 64137_452852.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000345
- ЭКБ идентификаторы
- 64137
- Редакция идентификаторы
- 64137_452852
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:46
0 "Алматы протездік-ортопедиялық орталығы", "Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы", "Семей протездік-ортопедиялық орталығы" акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Алматы протездік-ортопедиялық орталығы", "Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы", "Семей протездік-ортопедиялық орталығы" акционерлік қоғамдары қосылу жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Республикалық протездік-ортопедиялық орталық" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) болып қайта ұйымдастырылсын.
2
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні жаңа әзірлемелер мен технологияларды енгізу, мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарын, протездік-ортопедиялық бұйымдар мен аяқ киім жасау және өткізу, сондай-ақ протез жасау және протездік-ортопедиялық көмек көрсету саласындағы қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру болып белгіленсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Қоғамның жарғысын бекітуді;
2 2) Қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3 3) Қоғам акциялары мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беруді;
4 4) осы қаулыны іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 20 наурыздағы
№ 345 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Алматы қаласы" деген бөлімде реттік нөмірі 123-101-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"123-101 "Республикалық протездік-ортопедиялық орталық" АҚ;
"Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 165-11-жол алып тасталсын;
"Солтүстік Қазақстан облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 280-4-жол алып тасталсын.
2 2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 279-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"279-2 "Республикалық протездік-ортопедиялық орталық" АҚ;
реттік нөмірлері 279-3 және 279-4-жолдар алып тасталсын.