Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О перечне и сроках предоставления членами фондовой биржи финансовой отчетности и иной информации фондовой бирже

Қаулы · № 33 · қабылданған 13.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64168/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О перечне и сроках предоставления членами фондовой биржи финансовой отчетности и иной информации фондовой бирже Күшін жойған 23.11.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О перечне и сроках предоставления членами фондовой биржи финансовой отчетности и иной информации фондовой бирже

Күшін жойған Қаулы № 33 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О перечне и сроках предоставления членами фондовой биржи финансовой отчетности и иной информации фондовой бирже
Атауы (қаз.)
Қор биржасының мүшелері қор биржасына қаржылық есептілікті және өзге де ақпаратты беру тізбесі мен мерзімдері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
33
Қабылданған күні
13.02.2012
Көрсетілген редакция
23.11.2022 64168_605198.kaz
Соңғы өзгеріс
23.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007466
ЭКБ идентификаторы
64168
Редакция идентификаторы
64168_605198
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:06
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қор биржасының мүшелері қор биржасына қаржылық есептілікті және өзге де ақпаратты беру тізбесі мен мерзімдері туралы

Қор биржасы мүшелерінің қор биржасына қаржылық есептілікті және өзге ақпаратты ұсыну тізбесі мен мерзімдері туралы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қор биржасының мүшелері (екінші деңгейдегі банктерді және ұлттық пошта операторын қоспағанда) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың күнтізбелік соңғы күнінен кешіктірмей қор биржасына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13504 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті ұсынуы қағидаларына (бұдан әрі – № 41 қағидалар) 10, 11, 14 және 16-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда – шоғырландырылған және жеке қаржылық есептіліктерді) береді.
Ұлттық пошта операторы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей қор биржасына № 41 қағидаларға 14 және 15-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда – шоғырландырылған және жеке қаржылық есептіліктерді) береді.

2. Екінші деңгейдегі банктер болып табылатын қор биржасының мүшелері ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10 жұмыс күнінен кешіктірмей қор биржасына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20474 болып тіркелген «Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына сәйкес нысан бойынша баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есепті береді.

3. Қор биржасының мүшелері жыл сайын есепті, жылдан кейінгі жылдың 30 маусымына дейінгі мерзімде қор биржасына аудиторлық ұйыммен расталған жылдық қаржылық есептілікті (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда - шоғырландырылған және жеке қаржылық есептіліктерді), және ол мыналарды қамтиды:

1) бухгалтерлік балансты;

2) пайдалар мен шығындары туралы есепті;

3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті;

4) капиталдағы өзгерістер туралы есепті;

5) түсіндірме жазбаны.

Еншілес ұйымы (ұйымдары) бар қор биржасы мүшесінің жеке жылдық есептілігінің аудиторлық ұйыммен расталу талабы 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін таралады.

4. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап және 2012 жылғы 1 шілдеге дейін қаржылық есептілік қор биржасына "Microsoft Ехсеl" электрондық форматта ұсынылады.

2012 жылғы 1 шілдеден бастап қаржылық есептілік қор биржасының ережелерімен айқындалатын форматта ұсынылатын деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып, электрондық түрде қор биржасына ұсынылады.
Аудиторлық есеп қор биржасына РDF, ТІҒҒ немесе JPEG форматтарда ұсынылады (қағаз нұсқасының сканирленген көшірмесі).

5. Қор биржасының мүшелері:

1) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 102-бабының 2-тармағында көзделген қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімде;

2) меншікті капиталдың жеткіліктілігі бойынша пруденциялық нормативтің бұзылғаны туралы ақпаратты осындай бұзушылық туындаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

3) қор биржасы қор биржасының сауда жүйесінде айналыстағы бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдары бойынша сауда-саттыққа қатысуға жіберген қор биржасы мүшесінің трейдерлері құрамындағы өзгерістер туралы ақпаратты осындай өзгерістердің негіздемелері туралы мәліметтерді көрсете отырып олар туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

4

5) тізбесі мен беру мерзімдері "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 86-бабының 6-тармағына сәйкес қор биржасының қағидаларында айқындалатын өзге де ақпаратты қор биржасына береді.

5-1. Осы қаулының 1, 2, 3, 4 және 5-тармақтарының талаптары шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар болып табылатын қор биржасының мүшелеріне қолданылмайды.

Қор биржасы мүшелерінің осы санатына қойылатын талаптар қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады.

6. Қор биржасы 2012 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өзінің бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуді осы қаулының 4-тармағының екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес келтірсін.

7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
Төраға _______ Ә.А.Смайылов
2012 жылғы 11 наурыз