Құжат мәтініне өту

Об утверждении Требований по выдаче банками второго уровня банковских займов и банковских гарантий лицам, связанным с ними особыми отношениями, и юридическим лицам (резидентам и нерезидентам Республики Казахстан)

Қаулы · № 81 · қабылданған 24.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64170/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении Требований по выдаче банками второго уровня банковских займов и банковских гарантий лицам, связанным с ними особыми отношениями, и юридическим лицам (резидентам и нерезидентам Республики Казахстан) Күшін жойған Қаулы ·№ 81 ·24.02.2012
25.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Требований по выдаче банками второго уровня банковских займов и банковских гарантий лицам, связанным с ними особыми отношениями, и юридическим лицам (резидентам и нерезидентам Республики Казахстан)

Күшін жойған Қаулы ·№ 81 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Требований по выдаче банками второго уровня банковских займов и банковских гарантий лицам, связанным с ними особыми отношениями, и юридическим лицам (резидентам и нерезидентам Республики Казахстан)
Атауы (қаз.)
Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздарды және банк кепілдіктерін беруі жөніндегі талаптарды бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
81
Қабылданған күні
24.02.2012
Көрсетілген редакция
25.02.2013 AI64170_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007470
ЭКБ идентификаторы
64170
Редакция идентификаторы
AI64170_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:59

0 Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздарды және банк кепілдіктерін беруі жөніндегі талаптарды бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздарды және банк кепілдіктерін беруі жөніндегі талаптар бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздарды және банк кепілдіктерін беруі жөніндегі талаптар

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 81 қаулысымен
бекітілген
Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздарды және банк кепілдіктерін беруі жөніндегі талаптар
Осы Талаптар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банктер) олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздарды және банк кепілдіктерін беруіне қойылатын талаптарды белгілейді.

1

1. Банк олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты, мөлшері мен түрі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) (бұдан әрі - № 296 жіктеу ережесі) сәйкес «жақсы» деп жіктелетін қамтамасыз етуі бар және (немесе) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты жеке тұлғаның қаржылық жай-күйі № 296 жіктеу ережесіне сәйкес «тұрақты» ретінде жіктелсе, Банктер туралы заңның 8-1-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мөлшерден аспайтын барлық банктік қарыздар мен банк кепілдіктерінің жиынтық көлемі шегінде жеке тұлғаларға банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін береді.

2

2. Банк олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты, мөлшері мен түрі № 296 жіктеу ережесіне сәйкес «жақсы» деп жіктелетін қамтамасыз етуі бар және (немесе) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты заңды тұлғалардың (Қазақстан Республикасы резиденттерінің және резиденті еместердің) қаржылық жай-күйі № 296 жіктеу ережесіне сәйкес «тұрақты» ретінде және Банктер туралы заңның 8-1-бабы 2-тармағының талаптарының біріне сәйкес келмейтін деп жіктелсе, банктің меншікті капиталының 0,05 пайызынан аспайтын мөлшерде заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін береді.

3

3. Банк олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты, мөлшері мен түрі № 296 жіктеу ережесіне сәйкес «жақсы» деп жіктелетін қамтамасыз етуі бар және (немесе) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты заңды тұлғалардың (Қазақстан Республикасы резиденттерінің және резиденті еместердің) қаржылық жай-күйі № 296 жіктеу ережесіне сәйкес «тұрақты» ретінде және Банктер туралы заңның 8-1-бабы 2-тармағының талаптарының біріне сәйкес келетін деп жіктелсе, Банктер туралы заңның 8-1-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мөлшерден аспайтын барлық банктік қарыздар мен банктік кепілдіктердің жиынтық көлемі шегінде заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін береді.

4

4. Бас банк өзінің күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерін иемденетін және Банктер туралы заңның 11-2-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін күмәнді және (немесе) үмітсіз активтер бойынша талаптар құқығы түріндегі қамтамасыз етуі бар еншілес ұйымдарына Банктер туралы заңның 8-1-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мөлшерден аспайтын барлық банктік қарыздар мен банк кепілдіктерінің жиынтық көлемі шегінде банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін береді.

5

5. Банк олармен ерекше қатынастар арқылы байланысы жоқ және Банктер туралы заңның 8-1-бабы 2-тармағының талаптарының біріне сәйкес келмейтін заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктің меншікті капиталының 0,05 пайызынан аспайтын мөлшерде банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін береді.

Қолданыстағы