Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
- Атауы (қаз.)
- Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2/5
- Қабылданған күні
- 20.02.2012
- Көрсетілген редакция
- 29.01.2013 64172_191435.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12BK000151
- ЭКБ идентификаторы
- 64172
- Редакция идентификаторы
- 64172_191435
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:02
0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген, «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Есіл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1 1) нақты жағдайлардың күшіне шұғыл әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларға (азаматтарға):
онкологиялық ауруларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және туберкулезбен ауыратындарға сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;
кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен, нақты жағдайлардың күшіне әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға, жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
төтенше жағдайларда, өрт, су басу, және басқа табиғи немесе техногенді сипаттағы апат салдарында – бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
2 2) мүгедектерге емделуіне немесе санаторлық-курорттық емделуін төлеуге жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3 3) зейнеткерлерге 80, 90, 100 жас мерейтой күндеріне жылына бір рет бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4 4) колледждердің күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық жерлердегі аз қамтылғандар, көп балалы отбасыларынан шыққан студенттерге жылына бір рет жылдық оқуының құнының мөлшерінде оқуының төлеміне;
5 5) колледждердің және жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімде оқитын мүгедек-студенттерге, жылына бір рет жылдық оқуының құнының мөлшерінде оқуының төлеміне;
6 6) колледждердің және жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімде оқитын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім-студенттерге, жылына бір рет жылдық оқуының құнының мөлшерінде оқуының төлеміне;
7
7) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне, Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарынан мүгедек болған тұлғаларға, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқандарға, емделуіне жылына бір рет бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8 8) ай сайын зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтың тізімдеріне сәйкес, өтініш берусіз коммуналдық қызметтеріне:
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9 9) зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтың тізімдеріне сәйкес, өтініш берусіз мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік төлемдер:
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9 мамыр Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне он бес мың теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға бес мың теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына үш мың теңге мөлшерінде;
Балаларды қорғау күніне - 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Қарттар және мүгедектер күніне - ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге және 1, 2, 3 топтар мүгедектеріне екі мың теңге мөлшерінде;
10 10) атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын әйелдерге, жүктілік мерзімінде қосымша тамақтануына алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;
11 11) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен ай сайын жүз пайыз мөлшерде коммуналдық қызмет ақысының шығындарын өтеуге.
2 2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар тізбесі белгіленсін:
1 1) онкологиялық ауруларға және туберкулезбен ауыратындарға:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
дәрігерлік кеңес комиссиясының қорытындысы;
әлеуметтік жеке кодын беру туралы куәлігінің көшірмесі (әрі-қарай-ӘЖК);
салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі (әрі-қарай-СТН);
жеке шотының нөмірі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
2 2) кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен, нақты жағдайлардың күшіне әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
ӘЖК көшірмесі;
СТН көшірмесі;
жеке шотының нөмірі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
отбасы мүшелерінің кірісі туралы мәлімет;
тұрмыстық – материалдық жағдайын тексеру актісі;
3 3) төтенше жағдайларда, өрт, су басу, және басқа табиғи немесе техногенді сипаттағы апат салдарында:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
ӘЖК көшірмесі;
СТН көшірмесі;
жеке шотының нөмірі;
тұратын жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінен анықтама;
4 4) мүгедектерге емделуіне немесе санаторлық-курорттық емделуін төлеуге:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
дәрігерлік кеңес комиссиясының қорытындысы;
ӘЖК көшірмесі;
СТН көшірмесі;
жеке шотының нөмірі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
емханалық емделуде болғаны немесе шығару эпикризі туралы медициналық мекеменің анықтамасы;
5 5) зейнеткерлерге 80, 90, 100 жас мерейтой күндеріне:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
ӘЖК көшірмесі;
СТН көшірмесі;
жеке шотының нөмірі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
6 6) колледждердің күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық жерлердегі аз қамтылғандар, көп балалы отбасыларынан шыққан студенттерге оқуының төлеміне:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
оқу орнымен жасаған келісім шарт көшірмесі;
оқу орнынан анықтама;
ӘЖК көшірмесі;
СТН көшірмесі;
жеке шотының нөмірі;
тұратын жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
7 7) колледждердің және жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімде оқитын мүгедек-студенттерге оқуының төлеміне:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
оқу орнымен жасаған келісім шарт көшірмесі;
оқу орнынан анықтама;
ӘЖК көшірмесі;
СТН көшірмесі;
жеке шотының нөмірі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
8 8) колледждердің және жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімде оқитын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім-студенттерге оқуының төлеміне:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
оқу орнымен жасаған келісім шарт көшірмесі;
оқу орнынан анықтама;
ӘЖК көшірмесі;
СТН көшірмесі;
жеке шотының нөмірі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
ата-анасының өлім туралы куәліктерінің көшірмесі;
9
9) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне, Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарынан мүгедек болған тұлғаларға, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқандарға емделуіне:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
дәрігерлік кеңес комиссиясының қорытындысы;
ӘЖК көшірмесі;
СТН көшірмесі;
жеке шотының нөмірі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
соғысқа қатысушының куәлігінің көшірмесі немесе Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысқанын растайтын куәлігінің көшірмесі;
10 10) атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын әйелдерге, жүктілік мерзімінде қосымша тамақтануына:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
ӘЖК көшірмесі;
СТН көшірмесі;
жеке шотының нөмірі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушының қатарына жататындығын растайтын анықтама;
жүктілігін растайтын, медициналық мекеменің анықтамасы;
11 11) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына коммуналдық қызмет ақысының шығындарын өтеуге:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
коммуналдық қызметтің төленгендігін растайтын құжаттардың (түбіртектер, чектер, жүкқұжаттар) көшірмесі.
📌 Ескерту. 2 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.06.22 № 8/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.11.27 № 12/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
3 3. Күші жойылды деп танылсын:
«Қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 24/6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-11-118 тіркелген, 2010 жылғы 28 мамырдағы № 21 аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) Есіл аудандық мәслихатының шешімі;
«Есіл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 24/6 «Қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгерту мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 21 шілдедегі № 27/8 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-11-126 тіркелген, 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 36 аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) Есіл аудандық мәслихатының шешімі.
4 4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Есіл ауданының әкімі Қ.Рахметов