Об оказании единовременной социальной помощи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании единовременной социальной помощи
- Атауы (қаз.)
- Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/17
- Қабылданған күні
- 12.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2013 AI64178_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12MB000188
- ЭКБ идентификаторы
- 64178
- Редакция идентификаторы
- AI64178_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:51
0 Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Біржолғы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - көмек) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға және мұқтаж азаматтарға ақшалай қаражат түрінде белгіленсін:
аз қамтамасыз етілген отбасыларға, мүгедектерге, жалғыз басты аналарға, көшіп келген оралмандарға, Маңғыстау облысынан тыс жерлерде емделуге кететін материалдық жағдайы жоқ отбасыларға, өрт, су тасқыны немесе жол апаты салдарынан отбасына материалдық залал келтірілгенде, сонымен қатар, отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болған жағдайда.
2 2. «Жанаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады (келісім бойынша).
3 3. Көмек азаматтардың өтініші бойынша жылына бір рет тағайындалады және мөлшері қырық айлық есептік көрсеткіштен көп емес.
4 4. Көмек көрсету туралы өтініш қала әкімінің атына беріледі. Өтінішке аталмыш шешімнің қосымшасында көрсетілген құжаттар қосылады (келісім бойынша).
5 5. Қалалық әкімдікте көмек сұраған тұлғалардың материалдық жағдайын тексеру сұрақтары бойынша құрылған учаскелік комиссиялар (бұдан әрі – комиссиялар) үш күн мерзім ішінде арыз берушінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеруді жүзеге асырады (келісім бойынша).
6 6. Қала әкімі комиссияның ұсыныстарының негізінде бес күн ішінде әлеуметтік көмекті көрсету туралы немесе дәлелді бас тартуға шешім қабылдайды (келісім бойынша).
7 7. Шешім қабылдағаннан кейін уәкілетті орган жеті күн ішінде екінші деңгейдегі банктер арқылы көмекті төлеуді жүзеге асырады.
8 8. Осы шешімнің орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Худибаевқа жүктелсін (келісім бойынша).
9 9. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ:»
Жаңаөзен қаласының әкімі
С.Трұмов
12 наурыз 2012 жыл
«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ж.А.Бекова
12 наурыз 2012 жыл
«Жаңаөзен қалалық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Н.Ғұмарова
12 наурыз 2012 жыл
10 Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы
12 наурыздағы № 3/17
шешіміне қосымша
Біржолғы әлеуметтік көмекті алу үшін
қажетті құжаттар тізбесі:
1 1) әлеуметтік көмек алушының өтініші;
2 2) әлеуметтік көмек алушының және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттары;
3 3) әлеуметтік көмек алушының және отбасы мүшелерінің тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжаттары;
4 4) әлеуметтік көмек алушының салық төлеуші куәлігі;
5 әлеуметтік көмек алушының банктік шоты бар болуын растайтын құжат;