Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении перечня лиц, связанных с банковским конгломератом особыми отношениями

Қаулы · № 37 · қабылданған 13.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64203/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об установлении перечня лиц, связанных с банковским конгломератом особыми отношениями Күшін жойған 16.04.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении перечня лиц, связанных с банковским конгломератом особыми отношениями

Күшін жойған Қаулы № 37 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении перечня лиц, связанных с банковским конгломератом особыми отношениями
Атауы (қаз.)
Банк конгломератымен ерекше қатынаста болатын тұлғалардың тізбесін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
37
Қабылданған күні
13.02.2012
Көрсетілген редакция
16.04.2026 64203_818157.kaz
Соңғы өзгеріс
16.04.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007474
ЭКБ идентификаторы
64203
Редакция идентификаторы
64203_818157
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:06
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Банк конгломератымен ерекше қатынаста болатын тұлғалардың тізбесін белгілеу туралы

"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Банк конгломератымен ерекше қатынаста болатын тұлғалар болып:

1) банк конгломераты бас ұйымының лауазымды адамы, басшы қызметкері, бірінші басшысы және бас бухгалтері, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;

2) банк конгломераты бас ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға не банк конгломераты бас ұйымының ірі қатысушысының лауазымды адамы, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;

3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдары ірі қатысушылары не лауазымды адамдары;

4) банк конгломератының бас ұйымы ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлға, осы заңды тұлғаның лауазымды адамдары, олардың жұбайы мен зайыбы және жақын туыстары;

5) банк конгломератының қатысушылары;

6) банк конгломераты қатысушыларының үлестес тұлғалары танылатыны белгіленсін.

Банк конгломератының бас ұйымының акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ банктің тәуелсіз директор болып табылатын лауазымды адамы басқару органдарында тәуелсіз директор болып табылатын заңды тұлғалар, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым және акционері уәкілетті орган болып табылатын сауда-саттықты ұйымдастырушы, егер банктің лауазымды адамы осы ұйымдарда лауазымды адам болып табылған жағдайда, банк конгломератымен ерекше қатынаста болатын тұлғалар болып танылмайды.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8