Құжат мәтініне өту

Об установлении дополнительных мер по социальной защите участникам, инвалидам Великой Отечественной войны

Қаулы · № 145 · қабылданған 02.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-64224/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении дополнительных мер по социальной защите участникам, инвалидам Великой Отечественной войны Күшін жойған Қаулы ·№ 145 ·02.03.2012
05.09.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении дополнительных мер по социальной защите участникам, инвалидам Великой Отечественной войны

Күшін жойған Қаулы ·№ 145 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дополнительных мер по социальной защите участникам, инвалидам Великой Отечественной войны
Атауы (қаз.)
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
145
Қабылданған күні
02.03.2012
Көрсетілген редакция
05.09.2014 64224_173136.kaz
Соңғы өзгеріс
05.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12DG000135
ЭКБ идентификаторы
64224
Редакция идентификаторы
64224_173136
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:54

0 Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес және Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін қосымша әлеуметтік қолдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне әлеуметтік қорғау жөнінде тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне айына бір рет 45 киловатт электр қуатының, сыйымдылығы 27 литрлік 1 газ балонның құнын, 1 кубтық метр суық сумен қамтамасыз ету және нарықтық баға бойынша жылына бір рет 2 тонна көмірдің құнын материалдық көмек ретінде қосымша шаралар белгіленсін.

2 2. Әлеуметтік көмекті тағайындауға және төлеуге уәкілетті орган болып "Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі айқындалсын.

3

3. "Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Жақсылық Сұлтанұлы Қарымбаевқа көмек алушының тұрғылықты жері бойынша екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің рұқсаты бар басқа да мекемелердегі ашылған есеп шотына төлемдерді аудару арқылы төленуін қамтамасыз етсін.

4

4. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" N 84 қаулының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 09 наурызында 2-7-91 нөмірімен енгізілген, 2010 жылғы 22 наурыздағы N 12(5493) "Атамекен" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

6 6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Жамбыл аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы                                    Қарымбаев Жақсылық Сұлтанұлы
02 наурыз 2012 жыл
"Жамбыл ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы                        Келдібекова Ләйлә Қаракүшікқызы
02 наурыз 2012 жыл

Қолданыстағы